1. Әкімішілік құқық ұғымын және пәнін сипаттаңыз


Әкімшілік-құқықтық режим түсінігі мен қағидаларын анықтаңыз



бет27/38
Дата11.03.2023
өлшемі103,65 Kb.
#171887
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
Байланысты:
Акимшилик жауаптары (копия)

44. Әкімшілік-құқықтық режим түсінігі мен қағидаларын анықтаңыз
Əкімшілік-құқықтық режим дегеніміз - заңды түрде анықталған əкімшілік құқықтық əдістердің реттелуі қандай да бір ерекше жағдайларға байланысты қатынас субъектілеріне қолданылатын тыйым салу түрлері болып саналады.
Құқықтық режимнің мəнін - адамдардың іс-əрекетінің белгілі бір бекітілген құқықтық норманы реттеуі деп түсіндіруімізге болады, арнайы құқықтық реттеу іс-əрекет объектілерінің уақыты мен орнының жүзеге асуын, нағыз іс-əрекеттің спецификасын, бəрінен бұрын-бұл факторлардың байланысуын айтамыз. Құқықтық режим түсінігі құқықтық мəртебе түсінігімен байланысты. Кейінгісі обьектінің құқығы мен міндеттерін білдіреді, қандай да бір адаммен байланыстырады; ал құқықтық режим іс-əрекетті сипаттайды жəне онымен қатысушылардың құқығы мен миндеттерін байланыстырады.Режимдер салааралық болуы мүмкін, яғни бірнеше құқық салаларымен жəне басқа да салалармен реттеледі.
Құқықтық режим - бұл қоғамдық қатынас іс-əрекетінің белгілі бір түрінің кешені, ол құқықтық нормамен бекітіледі жəнеқұқықтық-ұжымдық құралының жиынтығын қамтамасыз етеді.
Оның 2 түсінігі бар;
1)қоғамдық қатынастың арнайы мəнінің ерекшелігі жəне оның мақсаттары мен мəселелерінің спецификасы;
2)субъектінің құқық жəне міндеттер жүйесін айқындайтын іс-əрекет нысандары мен əдістерін,ерекше нормаларын колдану.
Режимнің түсінігі «бұл сөздің мағыналық негізгі түрін айқындайды, яғни құқықтық режим қатаң құқықтық режим дəрежесін айқындайды, белгілі шектеулер мен жеңілдіктер, субъектілердің белсенділігінің шамасын, олардың құқықтық тұрақтылығының шегі». Құқықтық режимдерді жалпы, əмбебап жəне өндірістік жəне т. б. режимдерге бөлуге болады.
Əкімшілік-құқықтық режим негізі келесі қағидаларға жүгінеді:
1)өкімет билігінің бөлінуі, ол дегеніміз - заң шығарушы орган қабылдаған шешімдерді, атқарушы органдардың жүзеге асыруы, демек, осы мақсатта қандай да бір өкілеттілігі бар басқару аппараттары құрылады.
2)əкімшіліктердің заңды түрде байланысы, ол дегеніміз қандай да бір стандарт пенмөлшерменқоғамдық қатынастардың реттелуі.
3) əкімшіліктер мен өкілетті органдардың заңға сай жауапкершілігі, ол дегеніміз -əрқабылданғанбилікке байланысты, олар халық алдында, мемлекет алдында жауапты болады.
4) əкімшілік-құқықтық режимніңконституциялық жүйемен байланысы, ол дегеніміз - əр қабылданған шешім заңға сай болуы тиіс, демек конституцияға қайшы келмеуі қажет.
5)азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шектелмеуі тиіс, ол дегеніміз - орынсыз,заңсыз түрде азаматтарды қорлауға жəне қамауға алуға тыйым салады деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет