25. Ток тығыздығы. Электр өткізгіштік. Меншікті кедергінің температураға тәуелділігі
Георг Симон Ом (1787 – 1854) - көрнекті неміс физигі, мектеп мұғалімі болып қызмет еткен. Ол тізбектің бөлігі үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік заңын, сондай-ақ тұйық тізбектегі ток күшін анықтайтын заңды ашты. Ом кедергінің өткізгіш ұзындығына және көлденең қимасына тәуелділігін ашты.
Вольта Алессандро (1745 – 1827) - итальян физигі, электр тогы туралы ілімнің негізін қалаушылардың бірі. Вольта бірінші гальвани элементін жасап, электр тогы туралы ғылымға алғаш жол ашты.
Ампер Андре Мари (1775 – 1836) - француз физигі және математигі. Ол электрлік және магниттік құбылыстар арасындағы байланыстар туралы алғаш теорияны жасады. Ампер магнитизм табиғаты жөнінде гипотезаны ұсынды. Физикаға электр тогы деген ұғымды енгізді.
R=ρ(l/S)R
Өткізгіш кедергісі оның l ұзындығына тура пропорционал, S көлденең қимасының ауданына кері пропорционал және оның жасалған материалына тәуелді болады.
ρ - өткізгіштің затына және оның күйіне, температурасына тәуелді шама.Бұл шама өткізгіштің меншікті кедергісі деп аталады. ХБ жүйесінде меншікті кедергінің өлшем бірлігі 1 Ом• м.