өткізгіштің меншікті кедергісінің температураға тәуелділігі
Өткізгіштің меншікті кедергісінің температураға тәуелділігін табуға тырыссақ.
R = p * l / S R0 = p0 * l / S кедергі мәндерін жоғарыда алынған формуламен алмастырыңыз.
Біз келесі формуланы аламыз:
Бұл тәуелділік келесі суретте көрсетілген.
26. Тұрақты токтың жұмысы және қуаты. Джоуль-Ленц заңы.
Ток өткенде өткізгіш қызады,соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі.Ал өтзгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі А=q*U жұмыс өндіреді.Ток күші I=q/t болғандықтан жұмыс мынаған тең: A=IUt
Тізбектің бөлігі үшін Ом заңына сүйеніп Токтың жұмысының өрнегін мыны түрде жазуға болады. A=I2Rt. Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең.
Токтың жұмысы джоульмен (ДЖ) өлшенеді. 1ДЖ= 1А*1В*1с
Токтың қуаты –Кез келген электр приборы – электр шамы,электр двигателі т.б. уақыт бірлігінде белгілі бір энергия тутынуға есептелген.
Сондықтан токтың қуаты деген ұғымның маңызы,токтың жұмысы ұғымымен қатар жүреді.,яғни бірін –бірі толықтыратын физикалық ұғымдар.
Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатынасына тең шама;
P=A/t=IU=I2R=U2/R
Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады Q=A=I2Rt. Бұл формула Джоуль-Ленц заңын сипаттайды.
Өмірмен байланыстыру-Өндірісте,тұрмыста қолданыстағы электр приборларының жылуының мөлшері осы заңға негізделген. Заңның тұжырымдамасы: Өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына,өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына тура пропорционал
Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылыПетербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін тусіндіретін заң Джоуль-Ленң заңы болды.
Элэктрр тогының жылулық әсері тұрмыстық,өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады.Олар электр шамдарында,өлшеу техникаларының аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде,тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |