Кернеулік электр өрісінің күштік сипаттамасы болып саналады. Кернеулік сызықтары-тұйықталмаған қисықтар. Ол оң зарядтардан басталып, теріс зарядтарға аяқталады. Өрістің күш сызықтары қиылыспайды (25, а-сурет). Барлық нүктелеріндегі кернеулігінің шамасы мен бағыты бірдей болатын өріс біртекті өріс деп аталады. Біртекті өрістің күш сызықтары бір-бірінен бірдей қашықтықта жататын параллель түзулер (25, б-сурет). Кернеулік сызықтарының жиілігі Е-нің сан мәніне тең болсын. Сонда белгілі бір бетті тесіп өтетін кернеулік сызықтарының жалпы санын сол беттен өтетін кернеулік ағыны немесе өрістің кернеулік ағыны деп атайды. Мысалы, біртекті электр өрісінде S жазық бетті тесіп өтетін кернеулік векторлар ағынын анықтайық (26-сурет). Электр өрісінің күш сызықтары S бетін перпендикуляр бағытта тесіп өтсін, сонда кернеулік сызықтардың S бетке көбейтіндісі-кернеулік векторының ағыны деп аталады, оны Ф әрпімен белгілейді: Егер де S¢ жазық бет өрістің кернеулік сызықтарына белгілі бір бұрышпен орналасса (26-сурет): Ф=EScosa.