1. Электр зарядтары. Элементар заряд. Электр зарядының сақталу заңы



бет9/21
Дата22.12.2021
өлшемі1,18 Mb.
#127741
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
1-6,17-18, 25-30

4. Электр өрісі. Өрістің кернеулігі.

Электр өрісі – электрмагниттік өрістің дербес бір түрі. Ол электр зарядының айналасында немесе бір уақыт ішіндегі магнит өрісінің өзгерісі нәтижесінде пайда болады. Электр өрісінің магнит өрісінен өзгешелігі – ол қозғалатын да, қозғалмайтын да электр зарядтарына әсер етеді. Электр өрісінің бар екендігін оның қозғалмайтын зарядқа әсер ететін күші бойынша байқауға болады. Электр өрісінің кернеулігі – электр өрісінің сандық сипаттамасы болып табылады.

Электр өрісінің кернеулігі – электр өрісінің зарядталған бөлшектер мен денелерге күштік әсерін сипаттайтын векторлық шама (Е). Ол электр өрісінің белгілі бір нүктесіне қойылған нүктелік зарядқа әсер ететін өріс күшінің (F0) сол зарядтың шамасына (q0) қатынасына тең: E0=F/q. Бұл жерде зерттелетін өріске әкелінген зарядтың шамасы (q0) сол өрістің жасайтын зарядтардың шамасы мен олардың кеңістікте тарала орналасуын өзгертпейтіндей, мейлінше аз деп қарастырылады. Электр өрісінің кернеулігінің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшеу бірлігі: в/м.
Электр өрісінің кернеулігі - өрістің көрсетілген нүктесінде орналасқан материалды нүктеге әсер ететін электр өріс күшінің осы заряд мөлшеріне қатынасы.

Бұл өрнектен көретініміз: электр өрісінің кез келген нүктесіндегі электр өріс кернеулігінің шамасы осы өріске енгізілген сынақ заряд ұшыраған электр өріс күші мен сынақ зарядының қатынасына тең болады. Электр өрісінің кернеулігі электр өріс күші сияқты вектор болғандықтан, тек шамасына ғана емес, бағытына да көңіл бөлуге тура келеді. Оң нүктелік заряд белгілі бір электр өрісінде тебілу күшінің әсеріне ұшырайтын болса, онда ол электр өрісі сөзсіз оң зарядтан пайда болады. Электр өріс кернеулігінің бағыты өрісті тудырған оң зарядтан басталып сыртқа қарай бағытталады. Ал енді оң заряд белгілі бір электр өрісінде тартылыс күштің әсеріне ұшыраса, онда электр өрісін тудырушы заряд сөзсіз теріс заряд болады. Бұл кезде электр өріс кернеулігінің бағыты өрісті тудырушы теріс зарядқа қарай бағытталған болады. Әдеттегі жағдайда электр өрісінің әрбір нүктесіндегі электр өріс кернеулігінің шамасы мен бағыты бірдей болмауы мүмкін. Ал кейбір ерекше жағдайда, электр өрісінің белгілі бір аумағы ішіндегі кез келген нүктелердегі электр өріс кернеулігінің шамасы мен бағыты да бірдей болуы мүмкін. Мұндай электр өрісі біртекті электр өрісі деп аталады. Мысалы, аудандары өте үлкен бір-біріне өте жақын орналасқан екі жазық металл пластинка зарядтары бірдей әр аттас зарядтармен зарядталған болса, онда олардың арасындағы электр өрісі біртекті өріс болып саналады. Электр өріс кернеулігінің өлшем бірлігіне Н/Кл, не тарихи орын алған В/м қолданылады. Егер де кейбір нүктеде өріс кернеулігі белгілі болса, онда осы нүктеге орналастырылған электр зарядына q әсер етуші күшті F анықтауға болады:

F = q E .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет