E біртекті емес кез келген
Тұйық бетті тесіп өтсе,
онда векторлық ағыны
Ф=òs E dS(9.15)
27-сурет
Әртүрлі ортаның шекарасында
және диэлектриктерде өтетін кернеу-
лік векторының өзгерістері электр
өрістерін есептеуде қиындықтар
туғызбас үшін электрлік ығысу век-
торы немесе электрлік индукция
векторы деген шама енгізіледі, ол
D әрпімен белгіленеді.
D=ee0E (9.16)
Электрлік ығысу векторының ағыны:
Ф=òsDndS (9.17)
6. Өрістің суперпозиция принципі. Диполь өрісі.
Егер электростатикалық өрісте бірнеше нүктелік заряд берілсе, онда олардың бір нүктедегі қорытқы кернеулігі жеке зарядтардың сол нүктеде тудыратын кернеуліктерінің векторлық қосындысы болады және оны электр өрістерінің суперпозиция принципі деп атайды: E=E1+E2+E3+…+En (9.12)
Суперпозиция принципі зарядтардың кез келген жүйесінің өріс кернеулігін есептеп табуға мүмкіндік береді.
Бір-бірінен l қашықтықта орналасқан әр аттас зарядталған екі нүктелік зарядтардың жиынтығы диполь деп аталады. Зарядтар арқылы жүргізілген түзу-диполь осі деп аталады. Диполь осі бойынша теріс зарядтан оң зарядқа қарай бағытталған және зарядтардың арақашықтығы l-ге тең вектор диполь иіні деп аталады (24-сурет). Оң заряд шамасының зарядтар ара қашықтығына көбейтіндісін және диполь иінінің бағытымен бағыттас векторды дипольдің электр моменті деп айтады: P=ql (9.13)
l. P
q- q+
Диполь өріс кернеулігі зарядтар шамасы арқылы емес, диполь моменті арқылы анықталады: E=kP/er3 (9.14)
Бір текті электр өрісінде орналасқан дипольдің әрбір зарядына күш әсер етеді. F+=+qE, F=qE.Бұл күштер бір-біріне қарама-қарсы бағытталады да күш моментін туғызады. Күш моменті дипольді бұруға тырысады. Сөйтіп, біртекті электр өрісі тарапынан дипольға бұрушы момент әсер етеді. Ол момент электр моментіне, дипольдің электр өрісіне орналасуына және электр өрісінің кернеулігіне тікелей байланысты. Біртекті электр өрісінде орналасқан диполь электр өрісінің күш сызықтарына параллель орналасуға тырысады. Дипольға әсер етіп тұрған екі күш шамасы жағынан тең, ал бағыты жағынан қарама-қарсы болғандықтан, күштер дипольді тек бұрады, орнынан жылжытпайды. Ал егер диполь әртекті электр өрісінде орналасқан болса, онда дипольге әсер ететін күштер шама жағынан әртүрлі болады, диполь бұрылып қана қоймайды, ол орнынан жылжиды.
Достарыңызбен бөлісу: |