1. Эпидемиологияның объектісі және пәндік саласы. Эпидемиологиялық әдісті анықтау және мазмұны


Эпидемиялық процесс, оның құрылымы, көріну формалары



бет5/17
Дата09.02.2023
өлшемі62,81 Kb.
#168133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
эпид рк1

5.Эпидемиялық процесс, оның құрылымы, көріну формалары.
Эпидемиялық процесс деп – инфекциялық аурулардың бірінен кейін бірі жүретін ажырамайтын тізбек, яғни ұжымдағы инфекциялық аурулардың таралуы. Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізін қалаушы Л.В.Громашевский, ол бірінші болып эпидемиологияның негізгі заңдарын жеке зерттеп құрастырды, жұқпаның берілу механизмінің
теориясын және эпидемиялық процестің қозғаушы күштерін анықтады. В.Д. Беляков бойынша (1983) Эпидемиялық процесс – бұл белгілі бір әлеуметтік және табиғи жағдайларда, адамдарда манифесті және симтомсыз формада жұқпалы аурулардың байқалуы, гетерогенді паразит популяция мен гетерогенді иесі популяциясы өзара байланысу (әсерлесу) процесі.
Эпидемиялық процестің факторлары: Биологиялық фактор, әлеуметтік фактор, табиғи фактор
Биологиялық факторға жатады: гетерогенді паразит популяциясы мен гетерогенді иесі популяциясы. Осы популяциялардын ішкі қасиеттері ЭП биологиялық факторын анықтайды. Биологиялық фактор – бұл эпидемиялық процестің даму себебі. Паразитизм – бұл түрлік қасиет.
Әлеуметтік фактор – бұл адамдардың өндірістік немесе тұрмыстық жағдайда өзара қатынасуы, қоздырғыштар паразитизміне мүмкіндік береді немесе бөгет болады (адамдардың шоғырлануы дәрежесі, тұрмыстық және еңбек етудің санитарлықгигиеналық жағдайлары, санитарлық мәдениеті, денсаулық сақтау жүйесінің жағдайы); эпидемиялық процестің даму мүмкіндігі мен ауқымын анықтайды және паразит эволюциясына ықпал тигізеді. Әлеуметтік факторларға жатады: Халықтың тұрмыстық, әлеуметтік жағдайы. Елді мекеннің орналасу жағдайы, сапалы сумен қамтамасыз етілуі. Тұрғындардың тамақтану ерекшелігі. Денсаулық сақтау мекемелерінің жабдықталуы,
дәрігерлік көмек көрсету деңгейі (қаржыландыру, материалдық-техникалық базасы, зертханалық қызмет, дезинфекциялық қызмет, вакцина егумен қамтамасыз ету). Тұрғындардың санитарлық салауаттылығы.
Табиғи факторлар – бұл климат пен ландшафт жағдайы. Әлеуметтік себебімен қатар, эпидемиялық процестің дамуына ықпал етеді немесе бөгет болады. Табиғи-ошақтық аурулармен кейбір трансмиссивтік, антропонозды аурулар кезінде үлкен мағынасы бар. Жыл мезгілі, маусым. Климат, ауа-райы. Географиялық орналасуы. Жауын-шашын.
Эпидемиялық процестің болуы және үзілмеуі үшін оның міндетті 3 элементі звеносының (міндетті буын) өзара әрекеті қажет: инфекция қоздырғышының көзі; қоздырғыштың берілу механизмі; қабылдағыш организм.
Эпидемиялық процестің 1 звеносы (буыны) – бұл инфекция көзі - микроорганизмдердің табиғи тіршілік ететін ортасы, олардың қоректенуі мен көбеюі және бөлініп шығып, айналасындағыларды
зақымдауы. антропоноздарда инфекция көзі ауру адам; зооноздарда - ауру жануарлар; сапроноздарда - абиотикалық сыртқы орта обьектілері (су, топырақ, ауа т.б.).
Ауру формасы:
- манифесті (жедел, созылмалы)
- симптомсыз
- атипті
- абортивті
Аурудың кезеңдері:
- инкубациялық
- продрома
- қызу кезең
- реконвалесценция
Сырқаттың ағымы бойынша (жеңіл, отраша, ауыр). Бактериотасымалдаушылық Қоздырғыш иесі ағзасында орналасқан, бірақ клиникалық симптомдар байқалмайды
а) реконвалесцентті (жедел, созылмалы)
б) иммунды
в) транзиторлы
Эпидемиялық процестің 2 звеносы. Қоздырғыштың берілу механизмі – бұл паразиттің эволюциялық қалыптасқан бір иеден басқа иеге берілу қабілеттілігі. Л.В.Громашевский табиғи және әлеуметтік факторларды эпидемиялық процестің қосымша қозғаушы күштері деп санаған. Эпидемиялық процестің даму барысы табиғи және әлеуметтік құбылыстардың берілу механизмі 3 фазамен іске асады: ауру адамнан қоздырғыш сыртқы ортаға бөлініп шығуы; сыртқы ортада қоздырғыштардың уақытша болуы; қабылдағыш организмге енуі.
Берілу механизмінің екінші және үшінші фазасы белгілі бір (немесе бірнеше) фактор арқылы іске асады. Берілу жолдары - бұл нақты эпидемиялық жағдайда қоздырғышты бір организмнен екіншісіне жеткізуді қамтамасыз ететін нақты сыртқы орта элементтерін және тасымалдаушыларды (буынаяқтыларды) немесе факторлар жиынтығын айтады.
Берілу жолдар болу мүмкін: су жолы; тағам жолы; тұрмыстық-қатынас жолы; парентеральды жолы; жыныстық қатынас жолы; плацентарлы жолы; трансфузия, трансплантация және т.б.
Берілу факторлары - бұл қоздырғыштың бір организмнен екіншісіне таралуын қамтамасыз ететін сыртқы орта обьектілері, элементері және буынаяқтылар. Берілу факторларына жатады: ауа, топырақ, су, әр түрлі тағамдар, қан, медициналық құрал-жабдықтар, ойыншықтар, лас қол, горшок, сперма, вагинальді бөліністер, үй жабдықтары, қоршаған орта заттары, өндіріс құралдары, буынаяқтылар және т.б.
Эпидемиялық ошақ – бұл инфекция көзі орналасқан орын және оның маңайындағы аумақ. Осы шектелген аумақта нақты жағдайда науқас адамнан сау адамға қоздырғыш берілуі мүмкін. Эпидемиялық ошақ эпидемиялық процестің бір бөлшегі болып келеді және де эпидемиялық процестің таралуын бөгейтін орта болып табылады.Эпидемиялық ошақ жанұялық,өндірістік немесе мекемелік болуы мүмкін. Инфекциялық ауру бір адамнан екінші адамға жұғып отырса, инфекция айлап, жылдап жалғасын тауып отырады, таралу жолын таппаса тоқтап қалады..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет