1. Эпидемиологияның объектісі және пәндік саласы. Эпидемиологиялық әдісті анықтау және мазмұны


Инфекция қоздырғышының көздері (инфекция көздері): әртүрлі аурулардың нұсқалары; олардың эпидемиологиялық маңыздылығын анықтайтын жағдайлар



бет6/17
Дата09.02.2023
өлшемі62,81 Kb.
#168133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
эпид рк1

6. Инфекция қоздырғышының көздері (инфекция көздері): әртүрлі аурулардың нұсқалары; олардың эпидемиологиялық маңыздылығын анықтайтын жағдайлар
Инфекция термині (лат. Infectio – зақымдау, жұқтыру, ластау) – зардапты микробтардың макроорганизмдерге енуі нәтижесінде биологиялық процестер тудыруы.
Микроорганизмдердің ішкі ортасының қалыпты жағдайын бұзатын, физиологиялық қызметін бұзатын, патогенді микроорганизмнің енуі мен көбеюінің нәтижесінде пайда болатын, биологиялық құбылыстыр мен процестердің жиынтығы инфекциялық процесс деп аталады.
Инфекциялық ауру қоздырғышының резервуары - патогенді микроорганизмдердің биологиялық иелері, сапроноздар үшін - қоршаған орта объектілері (топырақ, су);
Инфекция таратушылар - табиғатта ауру қоздырғыштарының резервуары болып табылатын жылы қанды жануарлар (кеміргіштер және басқа да ұсақ сүтқоректілер, құстар);
Инфекция тасымалдаушылар - инфекция қоздырғышы берілуінің трансмиссивті тетігін айқындайтын, буынаяқтылар, қансорғыш жәндіктер мен кенелер;
Инфекциялық процесс деңгейлері: Субмолекулалық, субклеткалық, клеткалық, ұлпалық, органдық, организм
Инфекция жасырын және айқын түрде өтеді. Процестің клиникалық білінуі инфекциялық аурулар деп аталады. Ауру белгілері әрқилы болып білінеді, олардың көрінісі айқын, көмескіл, белгісіз және т.б. мүмкін. Бұларды білудің аурудың алдын алуға және анықтауға маңызы үлкен.
Инфекциялық ауру кезеңдері
Инкубациялық, Продромальды, Аурудың қозған кезеңі, Аяқталуы ( 2-түрі бар): Жазылу немесе Реконвалесценция және Макроорганизмнің өлуі
Инфекциялық процестің сатылары

  • Инфекциялық агенттің енуі, оның организмнің ішкі ортасына бейімделуі және өздері бағытталған ұлпаларға колонизациялануы

  • Патоген микроорганизмнің гомеостазының бұзылуына әкелетін және зақымды әсер ететін өнімдерді түзуі

  • Инфекциялық агенттердің ену ошағынан таралуы

Инфекцияның пайда болуы және дамуы осы жағдайларға байланысты

  1. Патогенді микроорганизм – ауру тудыруға қабілетті микроорганизм болуы

  2. Инфекциялаушы доза – патогенді микроорганизмнің инфекциялық ауру тудыруға қажетті мөлшерінің болуы;

  3. Қоздырғыштың ену қақпасы мен ену жолы.

  4. Қоздырғыштың көбею жылдамдығы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет