1. Фирманың ішкі жоспарлау жүйесіндегі бизнес жоспардың орны.
Қазіргі таңда бизнес – жоспар тағы да маңызды қызметті атқарады:
Мемлекеттік кәсіпорынның жекешелендіру процесінің инструменті болып табылады. Бұл құжат жекешелендіретін кәсіпорынды жандандырумен байланысты мақсаттарды анықтау үшін ұсыныстарды дәлелдеу үшін пайдаланылады.
Бизнес – жоспар мен стратегиялық жоспар арасындағы айырмашылық:
1) стратегиялық жоспарға қарағанда бизнес – жоспарда тек бір-ақ мақсат қойылады, ол белгілі бір жаңа бизнестің жаңа түрінің ұйымның дамуымен байланысты. Бизнес – жоспар тек дамуға байланысты;
Ал стратегиялық жоспар ұйымның басқа да стратегияларын кіргізуі мүмкін.
2) стратегиялық жоспар – бұл әдетте уақыт горизонтының өсуімен де байланысты;
3) бизнес – жоспарда құрама бөлімдері маңызды орын атқарады.
Бизнес – жоспардың техникалық – экономикалық негіздемеден айырмашылығы бұл оның өнеркәсіптік объектілердің дамуына және ұйымдастыруына арналуы. Сондықтан да техникалық – экономикалық негіздемеден жобаның техникалық - өндірістік аспектілері қарастырылады. Яғни техникалық – экономикалық негізгілерін бизнес – жоспарға қарағанда спецификалық құжат болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |