1. эпоәК қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар



бет57/82
Дата24.12.2021
өлшемі220,55 Kb.
#104747
түріНұсқаулар
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82
Байланысты:
Лекция-1600959726640

Дәріс мақсаты: 4 сағат дәріс сабағы арқылы студенттерде бизнес жоспардағы тәуекелдері және оларды бағалау әдістері туралы түсінік қалыптасады.

Жоспар:



Инвестиция жасау тәуекелдігі туралы түсінік.

Диверсификациялау.

Тәуекелдікті бағалау.

Бизнес жоспарларды табыс бойынша талдау.

Кілттік сөздер: инвестициялық жоба, жобалық тәуекелдер, ықтималдылық, белгісіздік, зиян, сақтандыру, диверсификация

Бизнес жоспарда, әдетте, тәуекелділік және белгісіздік жағдайында жүзеге асырылады. Белгісіздік – жобаны жүзеге асыру шарттары туралы, сондай-ақ жобаға байланысты шығындар мен нәтижелер туралы толық әрі нақты ақпараттың болмауымен анықталады. Жобаны жүзеге асыру барысында жағымсыз жағдайлар мен нәтижелердің пайда болу мүмкіндігімен шартталған ықтималдылық – тәуекел түсінігін сипаттайды. Тәуекелділік пен белгісіздік факторлары жобаның тиімділігін бағалағанда есепке алынады.

Жобаларды бағалағанда инвестициялық тәуекелдердің келесідей түрлерін ескерген жөн:

экономикалық заңдардың және ағымдағы экономикалық жағдайдың, инвестициялау шарттары мен пайданы пайдаланудың тұрақсыздығымен байланысты тәуекел;

сыртқы экономикалық тәуекел (саудаға шектеулер енгізу, шекараларды жабу және т.б. мүмкіндіктер);

саяси жағдайдың тұрақсыздығы, мемлекетте немесе аймақта жағымсыз әлеуметтік-саяси өзгерістермен байланысты тәуекел;

технико-экономикалық көрсеткіштердің қозғалысы, жаңа техника мен технологияның сипаттамалары туралы толық әрі нақты ақпараттың болмауы;

нарық конъюктурасының, бағаның, валюта бағамының және т.б. өзгерісі;

табиғи-климаттық жағдайдың өзгеруі, табиғи апаттың болу мүмкіндігі;

қатысушы-кәсіпорындардың қаржылық жағдайы туралы толық әрі нақты ақпараттың болмауы (төлем қабілетсіздігі, дәрменсіздігі, міндеттемелердің орындалмауы).

Тиіміді экономикалық шешімдер, әдетте, толық ақпараттың болу жағдайында қабылданады. Бірақ толық ақпаратпен қамтамасыз етілетін жағдайлар сирек кездеседі. Кәсіпкерлік қызметтегі шешімдердің басым бөлігін белгісіздік жағдайында қабылдауға тура келеді. Ақпараттың шектеулілігі немесе толық болмауы, келесі екі міндетті тудырады:

тәуекел жағдайында шешім қабылдау;

ықтималдылық жағдайында шешім қабылдау.

Адам қызметінің кез келген саласына тәуекелдер тән, олар қабылданатын шешімдердің оң нәтижесіне әсер ететін көптеген шарттар мен факторлармен тікелей байланысты. Осылайша, кез келген кәсіпорын өзінің қызмет барысында тәуекелге тап болады, яғни ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен қаржылық шығындарға ұшырайды. Сондықтан нақты жағдайларда кәсіпорынның тәуекелдерді басқару қабілеті оның сәтті қызмет етуінің бірден-бір кепілі. Сондықтан ең алдымен, тәуекел түсінігі мен тәуекелдердің негізгі түрлеріне тоқтала кетейік.

Тәуекел деп, жобаның барлық немесе жеке қатысушыларын жағымсыз нәтижелерге ұшырататын шарттардың пайда болу мүмкіндігін айтамыз.

Тәуекелдердің нәтижелері келесідей болуы мүмкін:

оң (пайда, табыс);

теріс (шығын, залал);

нөлдік (шығынсыз нәтиже).

Тәуекелдерді классификациялаудың күрделілігі олардың көптүрлілігімен байланысты.

Жобалық тәуекелдің дәрежесін төмендету үшін әр алуан тәсілдер қолданылады:

Диверсификация инвестицияланатын қаражатты өзара тікелей байланыссыз әр алуан салым объектілерінің арасында капиталдың немесе одан түсетін табыстың ықтимал жоғалу тәуекелін төмендету мақсатында бөлуді білдіреді. Диверсификация капиталды әр алуан қызметтер түрлерінің арасында бөлу барысында тәуекелдің бір бөлігінен қорғанып қалуға мүмкіндік береді.

Инвестициялық жобаны құрған кезде тәуекелді бөлудің келесідей түрлерін ұсынуға болады:

қызмет түрлерін диверсификациялау;

тұтынушыларды диверсификациялау;

жабдықтаушыларды диверсификациялау;

қатысушылар санын кеңейту.

Белгілі бір жобамен байланысты кез келген шешімді қабылдау үшін, ең алдымен, осы жобаның басқа жобалармен және іс-әрекет етіп жатқан кәсіпорындардың қызметінің түрлерімен өзара байланысын қарастырған жөн.

Жобалық тәуекелді оның қатысушылары арасында бөлісу – тәуекелді төмендетудің тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Тәуекелді бөлісу жобаның қаржылық жоспары мен келісімшарттық құжаттарды әзірлеген кезде ресімделеді. Тәуекелді бөлісу мәселесі, инвестициялық жобада мүдделері әр түрлі, кем дегенде, екі қатысушының болуымен байланысты.

Тәуекелді бөлісуді, сондай-ақ, жабдықтаушылар кеңістігінде де, тұтынушылар кеңістігінде де диверсификациялау көмегімен ұйымдастыруға болады. Жабдықтаушылар кеңістігіндегі диверсификацияның мәні – шикізат пен материалдардың жеткізілуіне байланысты бірнеше келісімшартқа отыру, бұл кәсіпорынның үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Тұтынушылар кеңістігіндегі диверсификация – нарықтың әр түрлі сегменттеріне шығуды білдіреді, егер бір нарықтағы сұраныс төмендеген жағдайда, ол кәсіпорынның кірісі мен пайдасына елеулі әсерін тигізбейді.

Тәуекелдерден жалтару. Тәуекелдерден жалтару әдістерінің ішінен, ең алдымен, сақтандыруды атап айтуға болады. Сақтандырудың мәні мынаған келіп саяды: инвестор тәуекелден қашу үшін табысының бір бөлігінен бас тартуға даяр, яғни тәуекел дәрежесін нольге дейін төмендету үшін ақша төлеуге даяр.

Тәуекелдерді сақтандырудың екі түрін ажыратады:

саяси тәуекелдерден сақтандыру;

қаржылық және коммерциялық тәуекелдерден сақтандыру.

Сақтандырудың шетелдік тәжірибесінде жобалық тәуекелдерді толық сақтандыру қолданылады. Қазақстандық заңнамаға сәйкес, жобалық тәуекелдерді тек қана ішінара сақтандыруға мүмкіндік бар: мысалы, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, кейбір төтенше жағдайлардан сақтандыру және т.б.

Қаражатты резервілеу тәуекел жағдайлардың теріс салдарының төмендеу тәсілі ретінде жеке меншік айналымдық қаржы есебінде шығындарды қайтаруда оқашу қорларын кәсіпкер құрады.

Ереже ретінде, тәуекелдің төмендеуі бойынша таңдалады, қаражатты резервілеуде шығындар сақтандыру жарнасына қарағанда аз. Маңыздылығы бойынша қаржыны резервілеу сақтандыру қорын құруда орталықтандырылған формасын береді, сондықтан резервілеуді жиі сақтандыру деп атайды. Резервті қаржы қорлары белгісіз шығындар пайда болған жағдайда құрылады, дебиторлық және кредиторлық қарыздарды және басқаларды жабуға қажет. Резервілеудің маңызды сипаттарының бірі есепте және сақтандыру қорларының оңтайлы шамасын қалыптастыруда қорытындылануы тәуекелді төмендеу әдісі ретінде, ал бұл енді айналым қаржыларын басқарумен ұштасқан. Резерв шамасының оңтайлануы бойынша тапсырмасы қолар басқару теориясымен байланысты. Кез келген жағдайда резервілеуде шығынның пайда болудың қайнары кәсіпорынның меншікті кірісі болып табылады. Қорлар құруда бұл жинақталған кіріс, мұндай қорлар жоқ жағдайда және тәуекел жағдайлардың келуі бұл- алынбаған кіріс.

Тәуекелдерді шектеу – бұл тәуекелдерді оқшаулау мақсатында белгілі бір қызмет түрлерінің пайда болуын айтады. Мысалы, тәуекелділігі жоғары жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін жеке фирманы құру.

Тәуекелдерді басқару шараларын жүзеге асыру үшін, тәуекелдердің терең әрі сапалы сараптамасын жүргізу керектігін ескерген жөн.

Тәуекелдерді сақтандыру. Шетелдерде кеңінен тараған кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру практикасы біртіндеп біздің елге де келе бастады. Сақтандырудың осы түрінің экономикалық пайдасы алдағы уақытта қазақстандық кәсіпорындардың қалыпты жұмыс практикасына айналатынын шетел тәжірибесі көрсетіп отыр. Сақтандырудың бұл түрі шаруашылықты жүргізетін субъектілердің қаржылық жағдайына қолайсыз жағдайлардың ешқандай ықпал етпейтін талаптарды қамтамасыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет