1. Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінде, пәнді игеру нәтижелеріне қойылатын талаптар



бет2/5
Дата25.09.2022
өлшемі25,23 Kb.
#150693
1   2   3   4   5
Байланысты:
эсселер
Адренергические средства
Қабілетті бола алады:
• Ерте жастағы балалар дамуының әртүрлі тұжырымдамалары мен білім беру бағдарламаларының мазмұнына салыстырмалы талдау жүргізуге;
• Балалар тобындағы педагогикалық іс-әрекетті жоспарлау алуға,білім беру стандартының талаптарына сәйкес ерте жас және оның тиімділігін бағалауға;
• педагогикалық диагностиканы жүргізіп, оқу процесін дараландыру жолдарын анықтауға;
• Педагогикалық іс-әрекеттің байланысын қамтамасыз етуде мектеп жасына дейінгі кішкентай баланы қоршап тұрған ересектер тобына ұйым және отбасы жататындығын білуге;
• Балалардың оқу жетістіктерін және оқыту іс-әрекетінің тиімділігін бағалаудың тәсілдерін білуге;
Жас балалардың физикалық, танымдық және жеке дамуына ықпал ету технологиялары мен әдістерін қазіргі білім беру жағдайының талаптарына сай жүргізуге;
•Білім сапасын анықтау үшін педагогикалық тапсырмаларды ақпарат көздері арқылы беріп, шешуге дағдыландыруға;.
Қорытындылай келе,ерте балалық шақ баланың дамуында орасан зор рөл атқарады. Жас балаларды уақытында және дұрыс тәрбиелеу - баланың жан-жақты дамуының маңызды шарты болып табылады. Менің пікірімше, болашақ мектепке дейінгі мекеме қызметкері болғандықтан білім алу процесінде бұл пәннің оқытылуы өте қажет.Себебі,практика жүзінде ерте жастағы балалардың даму ерекшеліктерін көзбен көріп,бақылау бұл бір ерекше сезім деп білемін.Біздердің яғни студенттердің осы пәнді игеруде қойылатын нақты талаптары осындай болып табылады.Болашақ тәрбиеші ретінде ең алдымен пәнге қойылатын талаптарды игере білсек бізден ең жақсы маман шығады деп есептеймін. Тәртіпке бағынған құл болмайды демекші, тәртіпке бойұсынып,пәнді кезең кезеңімен оқитын болсақ бізден тәлім-тәрбие алған балалар,біз арқылы берік іргетасы қаланған балалар ең тәрбиелі,физикалық тұлғалық дамуы мықты болып шығатыны сөзсіз..!

2.Ерте балалық шақ педагогикасын зерттеген шетелдік ғалымдар.


Ерте балалық шақ дегеніміз-1 және 3 жас аралығындағы балалардың даму ерекшеліктерін атап айтқанда:физикалық,психикалық,тұлғалық даму ерекшеліктерін сипаттайтын,бақылайтын жас кезеңі.Даму заңдылықтарын зерттейтін пән ретінде, «ерте балалық шақ» пәні қарастырылған.Қандай да бір заттың авторы болады дегендей, ерте балалық шақ кезеңін,ерте балалық шақ педагогикасын зерттеген ғалымдар бар.Зерттеуші ғалымдар тобын үш топқа топтастыруға болады.Яғни,шетелдік,орыс және отандық ғалымдар.Мен тереңірек шетелдік ғалымдарға тоқталып өтсем деймін.
Ерте балалық шақ педагогикасын зерттеу сонау грек ойшылдары Аристотель, Платоннан бастау алады.Аристотельдің еңбектері көзі тірісінде жинақталып жазылмаған,яғни бүгінгі күнге дейін сақталимаған.Дегенмен пәлсапалық ойлары,афоризм сөздері көп еңбектерде кездеседі.Ерте балалық шақ,жалпы бала дамуы жайлы осы бір «..7 жасқа дейін физикалық тұрғыдан баланың дамуына шынығуына, дұрыс тамақтануына, таза жүруіне отбасында көңіл бөлінеді. Балалар өз жасына сай ойындармен айналысу керек, оларға әңгімелер мен ертегілер тыңдау пайдалы, балаларға сөйлеуді үйреткен жөн..» деген сөзінен,ерте балалық шақ кезеңіндегі,мектеп жасына дейінгі кезеңде отбасы тәрбиесі маңызды рөлді алатынын алдыға тартып отыр.Яғни ересек мектеп жасына дейін балалардың физикалық дамуы үшін ойындар мен ертегіер,әңгімелердің берер пайдасы мол деп есептейміз.
Сондай-ақ, «Ұлы дидактика» еңбегінің авторы Ян Амос Коменскийдің есімі де бала тәрбиелеу жолында еш ұмытылған емес.Жан-Жак Руссоның « Эмиль немесе тәрбие туралы» атты еңбегінде де бала тәрбиесінің ерте балалық шақ кезеңінен бастау алатындығы,тәрбиенің табиғатқа сәйкестілігі,тәрбиенің негізгі факторлары қоршаған орта,табиғат,адамдар екендігі сипатталады.Осы бір тұста,сонау 17 ғасырда мектепке дейінгі мекеме ашып,оған балабақша деген атау берген,ағылшан қайраткері Роберт Оуэн есімі тарихта алтын әріптермен жазылуы қажет деп ойлаймын.Сонымен қатар,шетелдік зерттеушілер қатарына Иоганн Генрих Песталоций, «Лингард пен Гертруда» еңбегі балаларды дамыта оқыту принциптерін ұсына отырып тәрбиелеуде жетекші орынды алады.
1837 жылы Германияда мектепке дейінгі ұйым ашып оны «балабақша» деп,тәрбиешіге «бағбан» деген атау берген Фридрих Фребельдің есімі еш ұмытылмас.Өз еңбектерінде баланың жаны аппақ тақта сияқты тап-таза болатынын көрсеткен,ағылшын педагогы Джон Локк болатын.Өмірінде кездескен әрбір қиыншылыққа төзе жүріп бала тәрбиесімен,психологиясымен айналысып өз жүйесін қалыптастырған итальян педагогы Мария Монтессори.Мария Монтессори жүйесі әлі күнге дейін өз маңыздылығын жоғалтпай,білім беру мекемелерінде қолданылып,өз жемісін беруде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет