1. Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінде, пәнді игеру нәтижелеріне қойылатын талаптар



бет3/5
Дата25.09.2022
өлшемі25,23 Kb.
#150693
1   2   3   4   5
Байланысты:
эсселер

Қорытындылай келе,жоғарыда есімі айтылып,сипатталған ғалымдардан бөлек қаншама ғалымдар бала дамуын,балалық шақ педагогикасын,балада болатын ерекшеліктерді зерттеді.Қаншама жыл өтседе ғалымдарымыздың зерттеулері,жазып қалдырған еңбектері осы күнге дейін өз маңыздылығын жоғалтқан емес. Болашақ біз секілді мамандар үшін олардың еңбектері таптырмас мұра деп білемін.!

3. Ерте балалық шақ педагогикасын зерттеген Орыс ғалымдарының еңбектеріне сиппаттама.
Ерте балалық шақ педагогикасын зерттеуде орыс ғалымдары да қалыс қалмады.Ерте балалық шақ жасындағы балаларда байқалатын ерекшеліктерді,физикалық,тұлғалық дамуы жайлы ерекше тың мәліметтерді біздерге таусылмас мұра етіп өз еңбектерінде жазып қалдырды.Ерте балалық шақ дегеніміз қандай кезең?Қай жастағы балалар осы типке жатады? Осы сұрақтарға жауап іздей отыра түсінгенім,ерте балалық шақ жасы-мектепке дейінгі бала дамуы үшін үшін,өмірге бейімделуі үшін ең маңызды кезең.Бұл кезең жасына 1 және 3 жас аралығындағы сәбилерді жатқызамыз.Ерте балалық шақ педагогикасын зерттеуде,пәннің толық мазмұнын ашуда көптеген кеңес психологтары,педагогтары көптеген жұмыстар атқарды.Соның ішінде,Антон Макаренконың “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар”атты еңбектерін атап өтпеске болмас.Макаренко өз тұжырымдамаларында балаларды ұжымда тәрбиелеу қажеттіліктерін атап көрсетті.Және бұл идея Макаренко жүйесіндегі ең негізгі орталық идея болып табылады.
Кеңес педагогы Даниил Эльконин өз еңбектері «Развитие конструктивной деятельности дошкольников» және «Творческие ролевые игры детей дошкольного возраста», егерде баланың өзіндік қамтылуы дұрыс болмаса, онда келешектегі дамуы баяу және артта қалуы байқалады деп өзіндік пікірін айтты.Яғни,бұл пікірдің негізгі идеясы,бала дамуының ерте жастан ақ дұрыс қалыптасуының маңызы зор екенін айқындап тұр.Сондай-ақ Эльконин ерте жастағы балалар үшін ойынның ерекше орын алатындығын атап өткен.Ойын ойнаған кезде баланың қиялы,өзіндік әлемі қалыптасатындығын дәлелдеп көрсетті. Кеңес психологы Александр Запорожец мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық процестерін және қозғалыс психологиясын зерттеді.Сондай-ақ,өз шәкірттерімен бірлесе отырып,балалардың ақыл-ой теориясын құрды және балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ол елеулі жетістікке жеткізді.Келесі бір ғалымның еңбегі ерте жастағы балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жемісті болуы әрбір баланың рухани өмірі мен даму ерекшеліктерін тек ғана терең білгенде ғана мүмкін екендігін анықтап және айқын түрде көрсетіп берді.Ол кеңес педагогы,балалар жазушысы,педагогикалық жүйенің негізін салушылардың бірі –Василий Сухомлинский болатын.Сухомлинскийдің “Балаға жүрек жылуы” “Мұғалімдерге жүз кеңес”, “Мектептің жас мұғалімімен әңгіме”атты еңбектері әлі күнге дейін педагогтарға,тәрбиешілерге көмекші құрал болып келеді.
Ұлы орыс педагогы Дмитрий Ушинский тәрбиенің ең басты мақсаты – адамның рухани дамуымен тығыз байланысты, ол үшін халықтың мәдени-тарихи дәстүріне сүйену және ұлттық ерекшелігін ескеру қажет деп тапты. Оның бұл пікірлері “ Ана тілі”, “Орыс мектептерін орыс ету” “Халық мектептерінің құрылуына жалпы көзқарас” атты еңбектерінде орын алды.Сондай-ақ,балаларға арналған
«Балалар әлемі және хрестоматиясы» атты еңбегі Ушинскийдің жетісітіктерінің бірі болып табылады.Ерте жастағы балалардың жас ерекшеліктері бойынша дағдарысын зерттеген Лев Выготский болды.Оның пікірінше,бала қиялы ересектерге қарағанда әлсіз болады.Қиял балалардың дамуына жас жамасына қарай өзгеріп,негізделеді деген болатын.Валерия Мухина теориясы бойынша,балалар ерте балалық шақта ықтиярлы зейінді меңгеріп,мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейіннің басым болатынын айтты.Ол бұл тұжырымдарын «Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы» атты еңбегінде атап көрсетті. Ерте балалық шақтағы негізгі заңдылықтар және балалардың заттармен әрекетіне кеңес психологы Сергей Рубинштейн зерттеу жүргізді.Негізгі еңбектерінің қатарына «Баланы зерттеуге кіріспе», «Баланың тілі» атты еңбектерін жатқызамыз.
Сөзімді қорытындылай келе,орыс-кеңес педагог,психологтары да шетелдік ғалымдардан қалыс қалмай жалпы бала дамуы,өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті.Балалар бір-бірінен ақыл-ой,адамгершілік және жеке дамуымен ажыратылады.Олай болса балаларға педагогикалық,психикалық көмек көрсету,қолдау жасау тәрбиешінің негізгі міндеті болып табылады.Ал,сол міндеттерді атқаруда жоғарыда көрсетілген ғалымдардың еңбектерін қолданудың маңызы зор.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет