1. Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінде, пәнді игеру нәтижелеріне қойылатын талаптар


Ерте балалық шақ педагогикасын зерттеген Отандық ғалымдар



бет4/5
Дата25.09.2022
өлшемі25,23 Kb.
#150693
1   2   3   4   5
Байланысты:
эсселер

4. Ерте балалық шақ педагогикасын зерттеген Отандық ғалымдар.
Тәрбие- балаларға сәби кезден дамыту мақсатында балаларды оқыту,қамқорлық жасау ,бойына адамгершілік қасиетттерін сіңіру.Ұнамды мінез-құлық дағдыларын қалыптастырып,өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін процесс.Осы бала тәрбие мәселесін өз заманында ақ зерттеп,зерделеп кеткен ойшыл педагогтарымыз бар.Соның қатарында шетелдік,ресейлік,отандық ғалымдардың еңбектері зор.Басқа-басқа өз елімізден шыққан білімді,ұлтжанды ғалымдарымыз қаншама.... Тәрбие тал бесіктен басталады демекші,тәрбиенің маңыздылығы жайлы Жүсіпбек Аймауытов өз тұжырымдамаларында айтқан болатын.Аймауытов идеясы,мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу туралы еңбек тәрбиесі туралы педагогикалық көзқарастарымен тығыз байланысты деп көрсетті...Ерте балалық шақ педагогикасы 1 және 3 жас аралығындағы балалардың даму ерекшеліктерін сипаттайтын жас кезеңі.Осы педагогика саласын зерттеуде қазақтан шыққан тұңғыш журналист қыз,педагог Нәзипа Құлжанова есімі ерекше.Нәзипа Құлжанова еңбектерінің негізгі идеясы да тәрбие тақырыбында болды.Сондай-ақ, ерте жастағы балалардың даму мәселесін зерттеді.Балаларды қол еңбегіне тәрбиелеу қажет деп есептеді. «Мектепке дейінгі тәрбие» және «Ана мен бала тәрбиесі » атты еңбектерінде мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің жұмыс мазмұнын, атқаратын қызметін айта келіп, баланы тәрбиелеу, өсірудегі ұлттық ойындардың ерекшеліктеріне тоқталады. Жас баланың айналаны білуге деген құмарлығын, сөйлеуге, сұрақтар беруге бейім болатынын, сол арқылы ойы өсіп, жетілетінін айта келе, баланы табиғат аясында тәрбиелеудің, табиғат құбылыстары жайында үнемі әңгіме жүргізудің тағылымдық мәніне терең тоқталады. Ол баланы жас кезінен бастап табиғат аясында тәрбиелеудің эстетикалық әсерін айта келіп, «Бала даланың кеңдігінде шолпылдатып суға түсіп, жүгіріп құспен бірге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқамен бірге көкорай шалғын тоғай арасында сайрандай жүріп, көңілі де, жан-тәні де бірдей өсіп, өркендемек» дегенді айтады.Ерте балалық шақ педагогикасын биология,медицина ғылымдарымен ұштастыра білген де Нәзипа Құлжанова болатын.Атақты балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың жұбайы Бәшен Баймұратова да мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінен хабардар жан еді.Мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшада байланыстырып сөйлеу тілін дамыту атты зерттеу жұмысы арқылы алғашқы қазақ балабақшасының анасы деген құрметті атқа ие болды.Сондай-ақ Бәшен Баймұратова Нәзипа Құлжановадан кейін мектепке дейінгі білім саласын зерттеп диссертация қорғаған мейірімді ұстаз.Және де осы пән бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу туралы зерттеулер жүргізіп кітап етіп жарыққа шығарған Рысжамал Аралбаева еді.Ерте балалық шақ педагогикасын зерттеуде Намазбаева Жамиля,А.Меңжанова секілді көптеген ғалымдар еңбек етті.2017 жылы «Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту» атты диссертациясын Ибраева магрипа курманбековна қорғаған болатын.Диссертация мазмұны ерте балалық шақ педагогикасын зерттеген шетелдік,ресейлік,отандық ғалымдардың тұжырымдарынан,ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігі жайлы мағлұматтардан тұрады.
Қорытындылай келе,бала тәрбиесі қай заманда болмасын ең өзекті мәселе болып қала бермек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет