1 есептік-сызба жұмысы. Verilog hdl тілінде логикалық теңдеуді орындау



Дата24.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#193439
Байланысты:
РГР1 ПЛИС каз (1)


1 есептік-сызба жұмысы. Verilog HDL тілінде логикалық
теңдеуді орындау

Мақсаты: Cyclone II БЛИС-і үшін Verilog HDL тілін қолдана отырып логикалық теңдеу құрып білу.




1.1 Логикалық схеманы құру

1.1-сурет және 1.1-кестеге сәйкес логикалық схеманы өз нұсқаңыз


бойынша құрастыру қажет. Үш логикалық элементтің әрқайсысын өз
нұсқаңызға сәйкес ауыстыру керек. Нұсқа нөмірі - рұқсат беру картасының
соңғы үш саны.
Мысал: 606, 1-ші элемент үшін – және, 2 – және, 3 – және.



Сурет 1.1 – Логикалық схема


Кесте 1.1. Нұсқа



Нұсқа нөмірі

Лог. элемент

6

0

және

7

1

және-емес

8

2

немесе

9

3

немесе-емес




4

ерекшелену немесе




5

Ерекшелену немесе-емес

1.2 Ақиқат кестесін құру


Құрастырылған схема үшін ақиқат кестесін толтыру қажет (1.2-кесте).


Кесте 1.2. Ақиқат кестесі



A

B

C

F

0

0

0




0

0

1




0

1

0




0

1

1




1

0

0




1

0

1




1

1

0




1

1

1




1.3 Quartus бағдарламасында Verilog тілінде файл ашу

Quartus бағдарламасында жоба құрып, Pin Planner үшін 3 кіріс және « шығыстың пиндерін толтыру қажет. Содан соң, Block Diagram (.bdf) форматындағы жаңа файл ашып, оны сақтап алу қажет. Сақтағаннан кейін Verilog HDL форматындағы файлды жаңадан ашу керек (сурет 1.2).





Сурет 1.2 – Verilog файлын жаңадан ашу


1.4 Бағдарлама кодын дайындау


Нұсқа бойынша құрылған логикалық схема үшін Verilog тілінде бағдарлама кодын жазу қажет. Қажетті операторлар 1.3-кестеде көрсетілген.


Кесте 1.3. Логикалық операторлар



Логикалық операция

Прогрммадағы оператор

және

&

немесе

|

емес

~

ерекшелену немесе

^

Сонда 1.1-суреттегі сұлба Verilog тілінде келесі түрге келеді:


(A & B) & (B & C)


Толық программа коды 1.3-суретте көрсетілген.





Сурет 1.3 – Программа коды


Verilog файлында бағдарлама кодын жазып, оны сақтап алу керек. Содан соң, жаңа символ құру үшін, проект фалдарының тізімінде .v форматты файлға тінтуірдің оң батырмасын басып «Create Symbol Files for Current File» батырмасын басу керек (сурет 1.4).





Сурет 1.4 – Жаңа символ құру


Жаңа символ құрылғаннан кейін, оны .bdf файлдың ішіне қосуымыз қажет (сурет 1.5).





Сурет 1.5 – Символды қосу


Verilog кодынан жасалған символды қосып, оның контактілеріне сәйкес кіріс шығыстарды қосыңыз (сурет 1.6).



Сурет 1.6 – Символдың кіріс-шығыстарын қосу


1.5 Программа жұмысын тексеру

Енді, құрылған жобаның компиляцисяын жасап, ПЛИС зерттеу стендіне жүктеу қажет. Жүктегеннен кейін бағдарлама жұмысын стендте тексеріп, жаңа ақиқат кестесін толтыру қажет.




1.6 Есеп мазмұны

1.3.1 Жұмыс мақсаты.


1.3.2 Логикалық схема мен ақиқат кестесі.
1.3.3 Бағдарлама коды мен орындалған жұмыстар скриншоттары туралы есеп.
1.3.4 БЛИС стендінен алынған ақиқат кестесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет