1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз


Оғыз қағанаты, территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихын



Pdf көрінісі
бет39/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия
Глоссарий 10, Презент №1
34 Оғыз қағанаты, территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихын 
сипаттаңыз
IX ғасырдың аяғы – X ғасырдың басында Сырдарияның орта және төменгі 
ағысында Батыс Қазақстанды қосып алған территорияда Оғыз мемлекеті 
құрылды. Орталығы – Янгикент қаласы (Жаңа Гузия). Махмуд 
Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар алғашында 24 тайпадан тұрған. Бұл 
оғыздардың жаңадан әр үрлі тайпалардан қалыптаса бастаған кезі. Әл-
Марвази оғыздардың 12 тайпасы ғана жайлы жазады. Олар өз 
еңбектерінде оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, 
имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан 
құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук). Әрбір топта 24 тайпадан 
болды, бұлардың өзі де тепе-тең екіге бөлінеді. Оғыздардың тарихи 


аңыздарына қарағанда, бұзұқтар оң қанатқа, «аға» тайпалар қатарына 
жатады да, ал ұшұқтар сол канаттың «кіші» тайпаларына жатады. 
Жоғарғы ханды «сайлағанда» бұзұктардың (ұшұқтарға қарағанда) көп 
артықшылықтары болған. Жалпы алғанда оғыз мемлекеті этникалық 
құрамы жөнінен ала-құла болып ерекшеленбеген. Оғыз мемлекетінің 
халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген.
Бұл кезең оғыз тайпаларының бір-біріне қосылып, халықтық халықтық 
дәрежеге көтеріле бастаған мезгілі болып есептеледі.
Оғыздардағы жоғарғы билік иесі – жабғу. Жабғудың мұрагері инал деп 
аталды. Оны атабектер тәрбиеледі. Әскербасы сюбашы деп аталған. 
Жабғудың кеңесшілері күл-еркін деп аталды. “Оғызнама” дерегінде 
көрсетілгендей, жабғу өзінің жерін 12 аймаққа бөліп басқарған.
Оғыздар қарлұқ, қимақ тайпаларымен бірігіп, Еділ мен Жайық 
аралығындағы печенегтерді жеңеді. 965 жылы оғыз жабғуы Киев князі 
Святославпен Хазарларға қарсы әскери одақ құрды. Нәтижесінде Хазар 
қағанаты талқандалды. Орыс жылнамаларында 985 жылы князь 
Владимирдің оғыздармен одақтасып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы 
айтылады. X ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басында Әли жабғудың 
кезінде мемлекет жағдайы күрт нашарлады. Үздіксіз соғыс пен шектен тыс 
cалынған алым-салық оғыздардың наразылығын туғызды. Жент қаласын 
салжұқтар басып алады. Алайда қала тұрғындары салжұқтарды Женттен 
қуып шығады. Әли жабғудың мұрагері Шахмәлік тұсында Оғыз мемлекеті 
күшейді. Ол 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Алайда 1043 жылы 
салжұқтардың қолынан қаза тапты. Қыпшақтар оғыздарды Сырдария, 
Арал бойынан біржола ығыстырады. Ақырында XI ғасырдың басында 
Оғыз мемлекеті құлады.
Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жуара, Жент атты қалалардың 
орналасуы оғыздардың отырықшылығын дәлелдейді. Ал Сырдарияның 
орта ағысындағы Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ, Сауран қалалары 
туралы Махмуд Қашғари жазған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет