1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз


Кейінгі қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан аумағындағы Беғазы-



Pdf көрінісі
бет4/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия
Глоссарий 10, Презент №1
 
4. Кейінгі қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан аумағындағы Беғазы-
Дәндібай мәдениетінің ерекшелігін атап көрсетіңіз 
4. Кейінгі қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан аумағындағы Беғазы-
Дәндібай мәдениетінің ерекшелігін атап көрсетіңіз.
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі 
мәдениет болған. Оның көнесі –Андронов мәдениеті (б.з.б.ХVІІІ-ХІІғғ.). 
Ал б.з.б. ХІІ-VІІІғғ.,яғни соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті 
қалыптасты.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті: Орталық Қазақстандағы Беғазы және 
Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жерлеу орындары: үйлердің, жерлеу 
орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің 
жетілгендігімен ерекшеленеді.Қабырғаларына екі қатар болып қаланған 
тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі, 
сыртқы жақтарына тастың тегіс бетін қаратып қалаған.
Беғазы-дәндібай ескерткіштері құрылымының күрделігімен, 
көрнектілігімен, сәулет құрылыстарын салудың жоғары техникасымен 
көзге түседі. Кең тараған аса ірі, ғажайып бейіт құрылыстары – оба, 
кесенелер бұл кезең қола дәуірінің ең жетілген, жоғары дамыған кезеңі 
екенін көрсетеді.
Көне құрылысшылар кесенелерді қақпақ тастармен салуда аса үлкен 
жетістіктерге жеткен. Беғазы құрылыстары сыртын қақпақ тастармен 
қаптаған қабырлғаларын қалауда, олардың іргесін мықтап бекітіп, арасын 
ұсақ тастармен толтыруда, контрфорстар қоюда, тік ұстындар тұрғызу мен 
шатыр төбесін жабуда қалыптасқан құрылыс тәсілін еркін меңгерген.
Қола дәуіріндегі Орталық Қазақстан тайпалары отырықшы болған. 
Қоныстары өзен бойлары мен тау аңғарларына салынған. Жартылай 
жертөлелер мен жер бетіндегі тұрғын үйлерде тұрған. Малшылық, теселі 
егіншілік, металлургия және ұсақ кәсіпшілігі басым, сан-салалары 


кәсіппен айналысқан. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы біртіндеп 
көшпелі малшылыққа өтуге қолайлы алғышарт жасаған.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің адамды жерлеу ғұрпы: үлкен патриархалды 
отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ 
адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл — осы 
кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ыдыс жасау ерекшеліктері:ернеуі тік, бүйірі 
шар тәріздес болып томпайып келген, түбі тегіс. Құмыра өрнектері –тарақ 
жүзді, үзік сызықты үш бұрышты, ұштаған таяқшамен салынған және 
батырып салынған таға сияқты, моншақ, түйін өрнектер кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет