1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз


Қыпшақтардың шығу тегіне қатысты жазба деректер



Pdf көрінісі
бет9/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Байланысты:
Еқт сессия
Глоссарий 10, Презент №1
10. Қыпшақтардың шығу тегіне қатысты жазба деректер 
мәліметтерін талдаңыз. 
10.Қыпшақтар тарихындағы көптеген әлі шешімін таппаған мәселелердің 
ішінде ең күрделісі- қыпшақтардың этно-саяси тарихы болып табылады. 
Қыпшақ мәселесінің зерттелуінің ең ерте кезеңінен бастап осы халықтың 
этногенезі көптеген Кеңес зерттеушілерінің, еуропалық тарихшы 
ғалымдардың және Отандық тарихшылардың көңілін аударды. Бұл 
қыпшақтар туралы ғылыми еңбектердің жарық көруіне әкелді. Бірақ ол 
еңбектерге әлі де болса тарихнамалық талдау жасалған жоқ. Біз бұл 
тарауымызда қыпшақтардың этникалық және саяси тарихына өзінің 
ғылыми жұмыстарында тоқталған зерттеушілердің еңбектеріне талдау 
жасауды мақсат еттік.
Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың тарихын айқындау үшін және 
қазақ халқының ортағасырлық тарихын тереңдете зерттеуде тарихшы 
және археолог Сержан Мұсатайұлы Ақынжановтың «Кипчаки в истории 
средневекового Казахстана», «Қазақ халқының құралуы» атты 
монографиялары құнды зерттеу болып табылады [9].
Қыпшақтардың ерте этникалық тарихын зерттеу барысында С.Ақынжанов 
ІХ-ХІІІ ғасырлардағы араб және парсы деректеріне, сондай-ақ ХІІ-ХҮІІІ 
ғасырлардың тарихи шығармаларына, ХІ-ХІІІ ғасырлардың шығыс 
европалық және Алдыңғы Азия деректеріне талдау жасаған. «Көбінесе 
араб және парсы тілдеріндегі әдебиеттер жазба деректерге сүйене 
жазылған шығармалар түрінде болып келеді. Сол себепті де олардың 
беретін мәліметтері компилятивті екендігін естен шығармау керек. Алайда 
бұл тарихи-географиялық әдебиеттер қимақ-қыпшақ тайпаларын зерттеуде 
маңызды деректер болып табылады»- дей отырып, зерттеуші ғалым Ибн-
Хордадбек, Ибн-Фадлан, Ибн-Факих т.б. ортағасырлық авторлардың 
қыпшақтар жайлы берген мәліметтеріне талдау жасаған [22., 78 б]. 
«Қыпшақтар тарихына арналған әдебиеттерде, әсіресе олардың 
(қыпшақтардың) этногенетикалық тамырын қарастыратын бөлімдерінде 
әуел бастан дәстүрлі болып қалыптасқан пікір, ол- тек ІХ-ХІ ғ.ғ-ғы араб-
парсы тарихи-географиялық шығармаларында ғана кездесетін 
қимақтармен қыпшақтарды бір ұғым ретінде қарастыруы. Қимақтар мен 
қыпшақтар бір этникалық топты құрайтындығы және оның ішінде 
қыпшақтар олардың батыс бөлігі болып табылатынын Орта Азия мен 
Қазақстан тарихын зерттеумен айналысатын көптеген ғалымдар жазып 
жүр. Қимақ-қыпшақ этнонимдері бір ұғымды білдіреді дей отырып, олар 
өз зеоттеулерінде, екі ұғымды бірінің орнына бірін пайдаланады. Сол 


себепті де қыпшақтар тарихын зерттеу барысында қимақ этнонимін 
қыпшақ терминінің баламасы ретінде кездестіруге болады»- деп жазады 
ғалым [4., 112 б]. Алайда, Ақынжанов қыпшақтанудағы қалыптасқан 
«қимақтар мен қыпшақтар бір этнос болып табылады» деген тұжырымға 
байланысты : «қимақтар келімсектер, олар Солтүстік-Шығыс моңғолиядан 
қоныс аударған, ол жерде олар кумоси және уранкаи деген атпен белгілі 
болған. Алғашында қимақтар түркі тайпаларына жатпаған, алайда б.з. І 
және ІІ мыңжылдықтарда осы ауданда мекен еткен түркі тілдес қыпшақ 
және йемектердің әсерімен түркіленіп кеткен»- деп өзіндік тұжырымын 
ұсынады [14., 142 б]. С.Ақынжановтың жоғарыда аталған зерттеу 
жұмысынан кейінірек жарық көрген Б.Е. Көмековтың «государство 
кимаков ІХ-ХІ в.в. по арабским источникам» атты монографиясы 
Ақынжановтың тұжырымын теріске шығарған зерттеу болып табылады. 
Ғалымның қыпшақ тайпасына деген көзқарасы алғашқы тараудан-ақ 
байқалады. Ол қытай тарихшысы Сыма Цянның (б.з.д. ІІ-І ғ.ғ.) 
жазбасындағы «цюйше, динлин, гэгун» деген халықтардың ішіндегі 
цюйшелерді А.Н. Бернштамның қыпшақ (кыйчак) екенін дәлелдегенін 
айта отырып, олардың мекен еткен жерлері- Солтүстік- Батыс Моңғолия 
деп көрсетеді [6., 44 б]. Бұл туралы: «Первое по времени упоминание об 
одном из кимакских племен- кыпчаках- принадлежит создателю китайской 
историографии Сыма Цяну»[6., 10 б] дей келе, дәл осы тарауда Ибн-
Хордадбектің «Китаб ал-масалик уа-л-мамалик»( «Книга путей и 
государств») дерегіне сипаттама бере отырып, онда ҮІІІ ғасырдағы түрік 
тайпаларына қыпшақтар да кіретінін көрсетеді. Сондай-ақ қыпшақтар 
қимақтардан бұрын айтылған деп жазады [16., 13 б].
Сонымен қыпшақтардың этникалық шығу тарихына байланысты осы екі 
әртүрлі көзқарас қыпшақтанудағы даулы мәселеге айналғандығын 
көреміз.Алайда Б. Көмеков, Б. Бақытты және Орта Азия мен Қазақстан 
тарихын зерттеумен айналысатын басқа да тарихшылар арасында екінші 
тұжырым басымырақ болып келеді. Біз оған әлі де тоқталамыз, ал енді 
С.Ақынжановтың қыпшақтардың этникалық тарихына байланысты 
көзқарастарына қайтып келетін болсақ, ғалым өз зерттеу жұмыстарында 
көршілес жатқан орыс халқының бірден-бір маңызды дерегі- 
жылнамалардың орнын ерекше атап кеткендігін айтуымыз керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет