1 Есік қорғаны. Ақышев енбектеріне талдау жасаңыз


Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың саяси



Pdf көрінісі
бет44/45
Дата21.05.2022
өлшемі0,8 Mb.
#144362
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Еқт сессия
Глоссарий 10, Презент №1
39 Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың саяси 
тарихын көрсетіңіз
Жеріміздегі түркі дәуірінің алты ғасырға жуық (VI–XII ғғ.) мерзім ішінде 
өмір сүрген түрік, батыс түрік, түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ және 
қараған хандықтарының әрқайсысының өздеріне тән дамыған 
материалдық мәдениеттері болды. Алайда, олардың мәдениеттерін жеке – 
жеке талдап көрсету мүмкін болмай отыр. Төбе –төбе болып жатқан 
қыстақ кенттермен қала жұрттарының орындарына жүргізілген 
археологиялық жұмыстар, түркі тілдес тайпалардың VI–XII ғғ. өзінде 
тұрақты мекен – жай салып отырықшыланған өмірлерін байқатады. 
Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік және шығыс аудандарында отырықшылық 
басым болған.
Түркі дәуіріндегі обалардың адамдарды киімдерімен жерленгендер белгілі. 
Мәселен, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жеріндегі зираттардан былғары 
қамзолдар табылған. Зираттардан жүннен токылған көйлектер, теріден 
жасалған тон, ішіктердің қалдығы кездеседі. Түркілер тамаша етікшілер 
болған. Табылған аяқ киімдердің ішінде өкшесі биік емес, қайқы бас 
етіктер және кебіс қалдықтары кездескен. Сол сияқты теріден белдіктер, 
тамаша безендірілген кеселер де болды. Әсіресе, кеселер алтын, күміс 
және қымбат бағалы тастармен безендірілген.
Материалдық мәдениеттің көрінісінің бірі сәулет өнері. Тараз маңындағы 
Бабаджа – хатун кесенесі (Х–XII ғғ.) орта ғасырдағы сәулет өнерінің ең 
ертедегі ескерткіші болып табылады. Осыған жақын орналасқан Айша 
бибі кесенесі (Х– XII ғғ.) және Тараздың өз ішіндегі Қарахан кесенесі де 
көне заман ескерткіштері.
Сырдария, Талас, Шу, Іле, Испиджаб, Отырар, Тараз, Сығанақ, Баласағұн, 
Суяб, Мерке, т.б қалалар және егіншілік оазисі мен көшпенділер даласы 
арасындағы Ұлы Жібек жолында Батыс пен Шығыс арасында қолөнер, 
сауда және байланыс орталықтары болды.
Сонымен VI–XII ғғ. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қыпшақ –оғыз, 
қарлұқ–ұйғыр тілдерінде сөйлеп, осы тілдерде тарихи-әдеби шығармалар 
шығарып, өмір сүрген.
Х–XII ғғ. материалдық мәдениетін өркендету ісіне елеулі өзгерістер енгені 
байқалады. Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуды халифаттың, 
Саманилер, Қарахандар мемлекеттерінің саяси экономикалық және мәдени 
қарым–қатынастары аясына тарту әрекеті біз зерттеп отырған халықтарды 
Орта Азиямен жақындастырады. Қала мәдениетін өркендетуде енді жаңа 


дін–ислам маңызды роль атқара бастайды.
Қыпшақтар туралы алғашқы хабар Қытайдың жазба деректерінде 
кездеседі. Қыпшақтар ең әуелі Алтай, Саян тауларының баурайларын 
мекендеген. VII ғасырда олар Қазақстан жеріне Алтайдағы телэ 
тайпаларының құрамында қоныс аударып келген. VII-X ғасырларда 
Қазақстан аумағында қыпшақ этникалық қауымдастығының ұзаққа 
созылған қалыптасу процесі жүрді.
Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық қауымдасуын үш кезеңге бөліп 
қарауға болады. 
Бірінші кезең, 
қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында 
болуы: VII ғасырдың екінші жартысы – VIII ғасырдың соңына дейін. 
Екінші
кезең: 
VIII ғасырдың аяғы – XI ғасырдың басы. Бұл кезде 
қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал таулары мен Еділге дейін қоныс 
тепті. Қыпшақ тайпалық Одағына Мұғалжар жеріндегі құмандар және 
қимақ тайпалары кірді. Қыпшақтар Сырдария, Қаратау бойындағы 
қалаларды өздеріне бағындырды. XI ғасырдың орта кезінен бастап 
қыпшақтар қазіргі Волгадан (Еділден) батысқа қарай жылжыды, сөйтіп 
шығыс Еуропа елдерімен, орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен 
шектесті. Ұлан-байтақ қыпшақтар мекендеген жерлер "Дешті қыпшақ”, 
яғни қыпшақ даласы деп аталды. Ал қыпшақтардың өзі Батыс Еуропа 
деректерінде құмандар, орыс жылнамаларында половцылар деп көрсетілді.
XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ 
тайпалық одағы дамуының 
үшінші кезеңі
жүрді. Осы кезде қыпшақ 
хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсті. Олардың этникалық құрамы 
өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-
ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, 
ұрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлұқтар, 
шігілдер әсерін тигізді.
Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін 
жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара – 
Балқаш көлі және Алакөл ойпаты болды. XII ғасырда қыпшақ тайпалары 
Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, 
керейттермен шектесті, солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші 
болды. Қыпшақ тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, 
тархан, басқақа, бек, байлар тұрды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және 
сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға деген жеке 
меншік еді. Жылқы басты байлық болып саналды. Төменгі тапқа малы аз 


шаруалар, кедейлер жатса, ал қолға түскен тұтқындар құл ретінде 
пайдаланылды. Мал ұрлау қатаң жазаланды. Жеке меншіктегі малға 
рулық-тайпалық белгілер салынды. Малынан айырылған, немесе көшу 
мүмкіндігін жоғалтқан қыпшақ кедей шаруалары отырықшы тұрғындар — 
жатақтар қатарына көшті. Бірақ олар жеткілікті мөлшерде мал жинап 
алысымен, қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды.
Қыпшақ хандары Орта Азия мемлекеттерімен, әсіресе Хорезм шахтары 
және салжұқтармен табанды күрес жүргізді. 1065 жылы салжұқтардың 
билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабуыл 
жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен 
Сауранға жорыққа шығады. Соғыста жеңіліс тапқан қыпшақ 
тайпаларының бір бөлігі Хорасан салжұқтарына тәуелділікке түсті. 1096 
жылы "Құдіретті” хан бастаған қыпшақ бірлестігінің әскерлері Хорезмге 
қарсы жорық жасады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды.
XI ғ. аяғы – XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның тағы 
басқа қалалары қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Хорезмшах Атсыз 
(1127–1156 жж.) Жентті жаулап алады, сонан соң солтүстікке қарай бет 
алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан 
Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды 
ойсырата жеңеді. Осы кезден бастап қыпшақ хандығының ыдырауы 
басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары 
ақсүйектерінің арасында Хорезмді жақтаушылардың көбеюі, қыпшақтарға 
қарсы қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара 
әулетті қырқыстың күшеюі еді.
Бұл жағдайды Хорезм билеушілері, әсіресе Текеш пен Мұхаммед жан-
жақты пайдалануға тырысты. Олар қыпшақ билеушісі Қадыр-Бүке хан мен 
оның немере інісі Алып-Деректің арасындағы бітіспес тақ үшін таласты 
пайдаланды. Қыпшақтардың орталығы Сығанақ қаласын басып алуға 
әрекет жасады. 1195 жылы Текеш (1172–1200 жж.) өз ойын іске асыру 
үшін Сығанақты басқарып отырған Қадыр-Бүке ханға жорыққа аттанды. 
Бірақ, шайқас кезінде Хорезм шахының түріктердің ұран тайпасынан 
құрылған сарбаздары Қадыр-Бүке ханмен келісіп, соның жағына шығып 
кетеді. Осыдан кейін талқандалған әскерінің қалдығымен Текеш Хорезмге 
қайтып оралады. 1198 жылы Текештің ұлы Мұхаммед Алып-Дерекпен 
одақтасып Қадыр-Бүке ханға қарсы қайта жорық жасады. Соғыс 
барысында Қадыр-Бүке жеңіліп, Хорезмге жеткізілді. Хан билігі енді 
Алып-Дерекке көшті. Қыпшақ ханының одан әрі күшейіп кетуінен 
қорыққан Текеш Қадыр-Бүке ханды босатып, оған Хорезмнің көп әскерін 
беріп, Алып-Дерекке қарсы аттандырды. Шайқастың барысында Алып-


Дерек әскерлері жеңіліске ұшырады, бірақ қыпшақ билігін қолына алған 
Қадыр-Бүке ханның өзі де Хорезмшахқа тәуелді болып шықты. Хорезм 
билеушілері әйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып 
отырған.
Хорезм шахы Мұхаммед (1200–1220 жж.) өз мемлекетінің құрамына XIII 
ғ. бас кезінде Сығанақ жерін қосып алады. Сығанақ иелігінен айырылып 
қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хорезмге қарсы күресін 
жалғастыра берді. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қайырханға қарсы 
аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы 
кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді 
қуалап келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бұл 
моңғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп моңғол 
басқыншылығының дәуірі басталады.
Қыпшақтардың басты шаруашылығы мал өсіру болды. Олар жылқы, қой, 
сиыр, өгіз, түйе өсірді. Жылқы мен қой басым болған. Жылқы басты көлік 
құралы және қыпшақтар сиыр мен қой етінен жылқы етін артық көрді. 
Батыс Қазақстан аймақтарында қыпшақтардың жекеленген топтары түйе 
шаруашылығымен де шұғылданған. Қыпшақтар аңшылықпен де 
айналысқан. Олар аң аулағанда садақ пен жебеден басқа лашын, бүркіт 
сияқты құстарды, жүйрік тазыларды пайдаланған. Бағалы аң терілерін 
қыпшақтар басқа елдерге шығарып, сауда қатынасын жүргізген. Аң 
аулаумен қатар қыпшақтардың өзен мен көл жағалауларында тұратындары 
балық аулаумен шұғылданған, олар кішкене қайық, кемелерді 
пайдаланған. Қыпшақ қоғамында малсыз кедейлер егіншілікпен, соның 
ішінде өзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан. Қыпшақтар 
негізінен тары өсірген. Олар жетіспеген астықты Орта Азияның 
егіншілерінен мал шаруашылығы өнімдеріне айырбастап алып отырған. 
Қыпшақтарда үй кәсібі, қолөнер жақсы дамыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет