1. Этнос және оның қалыптасуы Адамның іс-әрекеті қашанда қоғамдық әлеуметтік тарихи мәнге ие. Саналылық, мақсаткерлік, жоспар мен жүйе, ойға алған істен нәтиже шығару адам іс-әрекетінің басты белгілері. Кісінің сана-сезімі артқан сайын, оның іс-әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отыр. Іс-әрекет пен сана бір-бірімен тығыз байланысты, бұл екеуінің бірлігі сақталған жерде әр түрлі жан құбылыстары ойдағыдай дамып жатады.
Адамның ақыл-ойының өрістеп отыруына тарихи-этникалық тұрғыдан зерттеп, әрқилы дәуірдегі адам интеллектісінің дамуы оның өмір сүрген ортасына, тіршілік жағдайы мен әлеуметтік тәуелдігіне байланысты. Осы ұлтымыздың ақыл-ойы мен интеллектісінің дамуындағы бірсыпыра ерекшеліктері туралы Мәжит Мұқанов тәжірибелер жүргізіп, оны айтыс өнерімен, мақал-мәтелдің орын алатынын дәлелдеді. Оның ішкі ойын өзіне айтқызбай-ақ алдын ала білу. Яғни ғылыми тілде корнетивтік эмпатия деп аталатын жан қасиетін Сырым батыр мен жас келіншектің арасындағы диалог арқылы жақсы көрсеткен. М.Мұқанов сауатсыз адамдардың ойлау қызметінде де рефлексия құбылысы бар екенін дәлелдеген, әр халықтың тарихи дамуындағы айналысқан кәсібі (қазақтар үшін мал шаруашылығы), оның ақыл-ой, өзіндік ерекшеліктерінің қалыптасуына елеулі әсер ететіндігін байқаған.
«Этнос» дегеніміз – уақыт пен кеңістік бойынша дараланатын тарихи процесс. Ұлтшылдықтан сақтар, қамқорлық жасайтын бұл кімге болса да келетін ой - өмірдің сұрағы, яғни әрбір адамның өзінің құндылығын сақтау үшін күрес. Ұлт ол кең мағынада – этнос шындық бұл этникалық ерекшеліктер мен құндылықтар. Бұл құрылым шындықтың қосымша растаушы өзіндік ғылымның бар болуы – этнология. Осы кезде Л.Н.Гумилевтің концепциясын еске түсіруге болады, яғни этносты өзіндік болашағы бар организм, ол өзінің өмір сүру заңдылықтарын құрады дейді. Осы организм көбіне ұзақ өмір сүреді, тұлғаның (индивидтің) организміне қарағанда ұзақ өмір сүреді. Этнос, ұлт, конфликт туралы барлығы этникалық тұрғыдан талданады. Дәлелі, этнос яғни халық және ұлт, бұл тек қана әлеуметтік қатынасты емес мәнді мамандықпен сонымен бұл шеткейде қала береді. Сондықтан механикалық тасымал және басқа біреудің тәжірибесін алмастыру және дәстүрлер тек қана тиімсіз болып қана қоймайды, соның өзінде де берілген этносты жояды. Ол қызығушылыққа иеленсе де организмнің өмір сүру стереотипі өмір мен мінез-құлқының бейнесі оның бірігу шамасы.
Этнос қалыптасуы бұл территорияның бірлігінен, бірігу арқылы қарым-қатынаста болу жағдайын құрайды және тілдің бірігу нәтижесінен туып отыр. Ал этникалық сана-сезіммен, ұлтаралық қарым-қатынастағы этностың сыртқы формаларын білдіретін терминді этноним деп атаймыз. Этноним бұл халықтың өзіндік атаулар (орыстар, немістер, қазақтар т.б.).
«Этнос» ұғымын біздің қоғам тануымызда интернационалдықпен салыстырғанда кейінге қалдырып отырады. Этникалық сананы – дамымаған халық деп жариялап келеді. Бірақта бүгінгі ұлттық проблемаларды шешуге ғылымдарда тереңінен зерттеуге, анықтауға тырысуда, сондықтан да біз адамдағы этникалық сана-сезімнің қалыптасуының психологиялық тұрғыдан анықтауымыз керек. Біздің санамызда мына бір нәрсе ұмытылмауы тиіс, яғни адам бұрын болды, болады да және табиғи жаралушы, сонымен қатар қоғамда болатын өзгерістердің негізі. Әр адам кез келген бір ұлттың мүшесі, сондықтан оның өзінің тарихы, мәдениеті, тілі, әдет-ғұрпы, дәстүрі, салты және шығу тегі, яғни этнонимі болады.
Психолог-талдаушы, әрі антрополог Х.Штайнның пікірі бойынша, этностықтың тамыры табиғаты емес, адамдар санасында Ж. Пиаженің баланың ұлтжандылыққа – алты жастан он жасқа дейінгі аралықта икемделетініне көз жеткізсе, белгілі зерттеуші Б.Шофер соның негізінде өз еліне сүйіспеншілік тәрбие арқылы даритын сезім екенін дәлелдейді. Бұл айтылған ойларды талдай келе ұлтжандылыққа тәрбиелеудің, ұлттық құндылықтарды құрметтеудің маңызын атап көорсетуге болады. Әрбір ұлт өзінің ана тілі мен мәдениетінен, сана- сезім ой-парасат өздігінен келеді десек, терең қателескен болар едік те, оны іс-әрекеттерімізбен қалыптастыруымыз қажет екенін анықтай алавр едік.
Адам баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап қартайып дүниеден өткенге дейінгі өмірі үнемі сол ғасырдың даму барысындағы ізденістері жинақталған салт-дәстүрлер аясында болады.
«Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші, салт-дәстүрден этностың мінез-құлқы, үлгі-өнегесі, зейін-зердесі, даралығы, шешендігі мен тапқырлығы, ақыл-ой сондай-ақ, жаратушы мен жаратылысқа, өзін қоршаған жанды, жансыз әлемге деген моральдық, танымдық, этикалық көзқарастары көрінеді.
Мәдени бостандықтар мен негізгі құқықтарды қамтамасыз ету туралы, Қазақстан этностарының мәдени-тарихи мұраларын қорғау жөніндегі заң актілерін жасауға ұлттық тілдердің сақталуы мен дамуы жөнінде арнайы бағдарламалар қабылдау, этностық- мәдени білім беру мәселелеріне байланысты екі және көп жақты мемлекеттік келісімдер мен халықаралық актілерді дайындау және оларға қол қойылуы қажет. Дегенмен ұлтаралық қарым-қатынас жасау, оны ынтымақтандыру өте күрделі процесс.
Бұл тұрғыдан Л.Н.Гумилев ұлттардың өзара қатынасты ойлап шығарған жоқ, оны тарих беттерінен көрсетуге тырысты. Ол: «Халықтың келісім жасау қарапайым ғана әрекет емес, күрделі және нейтралды,үйлесімді және дүшпанды» - деді.Сонымен қатар Наурызбайдың «Ұлттың ұлы бола білсек» деген енбегінде этникалық сананы қалыптастырудың проблемасы жөнінде әр түрлі түйінделген пікірлерге тоқталатыг болсақ, Джеймс Бейкер былай деді: «Совет одағының құлауы біздерге, яғни американдықтарға қүндылықты қызығушылығымызбен бүкіл әлемге шындықпен қарауға мүмкіншілік беріп отыр» - деп. Бұл жерді терең ұғынатын болсақ, ұлтаралық құқығымен оның қызығушылығын теңестіреді.