1. Езулік дауыстылардыњ саны қанша екенін белгілеңіз



бет4/10
Дата27.12.2016
өлшемі3,56 Mb.
#6235
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


16 нұсқа


1. «а» дыбысы жақтыњ ашылуына қарай қай дауыстыѓа жататынын белгілеңіз.

A) Қысањ.

B) Ашық.

C) Еріндік.

D) Жуан.

E) Жіњішке.



2. Негізгі зат есімді көрсетіңіз.

A) Әнқұмар.

B) Әншіл.

C) Ән.


D) Әнші.

E) Әнші-ақын.



3. Реттік сан есімніњ ж±рнаѓын кµрсетіњіз .

A) -ыншы.

B) -даѓан.

C) -ау.


D) -дап.

E) -дай.



4. Белгiсiздiк есiмдiгiн белгілеңіз.

A) Барша, барлық.

B) Сен, сiздер.

C) Ешбiр, ешқайсысы.

D) Қайда, нешеу.

E) Әркiм, әрбiр.



5. Кµсемшеніњ ж±рнаѓын белгілеңіз.

A) -атын, -етін, -йтын, -йтін.

B) -ды, -ді, -ты, -ті.

C) -ар, -ер, -р.

D) -қалы, -келі, -ѓалы, -гелі.

E) -ма, -ме.



6. Сингармонизм заңына бағынбайтын қосымшаларды белгілеңіз.

A) -ым, ім.

B) -шы, ші.

C) - ды, ты.

D) -мен, пен.

E) -қа, ға.



7. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.

A) Кәсіпорын.

B) Табыс.

C) Бөлінгіш.

D) Қарыздар.

E) Алатау.



8. Мына сөздерге көптік жалғауының дұрыс жалғанғанын табыңыз.

A) Студенттер.

B) Бірнеше кісілер.

C) 250 қойлар.

D) Екі құрттар.

E) Сүттер.



9. Барыс септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді көрсетіңіз.

A) Жаздың.

B) Зорға.

C) Қолма-қол.

D) Біледі.

E) Әрең.



10. Ыңғайлас салаласты табыңыз.

A) Ол үйге қайтып келісімен, оны нағашысы жанына шақырып алды.

B) Өнімді еңбек атқарам десең, көпке сүйен.

C) Асыл тастан, өнер жастан шығады.

D) Келгендер арасында Абай бұрыннан білетін Дәндібай, Еренай сияқты қарттар бар және екі-үш орта жастағы адам бар.

E) Оның жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді.



11. Қаратпа сөзді табыңыз.

A) Алдарыңнан ақ жол болсын, ардагерлер.

B) Екі бесіміз - он.

C) Отыз - алтыға қалдықсыз бөлінеді.

D) Ертең де, бүгін де бара алмаспын.

E) Расында, ол келе алмады.



12. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

A) ²Өскен өркенді² оқыдым.

B) Біздің үйренген әніміз - ²Құралай².

C) ²Аққу² ансамблі өнер көрсетті.

D) ²Болашақ² мектебі алда.

E) ²Шахтаға жан жолатпа, ешкімді шығарма!²- деп кетті.



13. Көңіл-күй одағайын табыңыз.

A) Құру-құру.

B) Тек.

C) Жә.


D) Әттең.

E) Тәйт.



14. Мына сөйлемдердің қайсысы ғылыми стильге жататынын анықтаңыз.

A) Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады.

B) Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады.

C) Президент республика халқын жаңа жылмен құттықтады.

D) Қайдан келуші ем? Сендерді іздеп келдім.

E) Күнге бәрінен де жақын бірінші шеңбер жолында Меркурий тұрады.



15. Үнді дауыссыздан құралған сөзді белгілеңіз.

A) Дыбыс.

B) Ынта.

C) Бұлақ.

D) Тоқты.

E) Аңның.



16. Туынды етістікті көрсетіңіз.

A) Ойшыл, ойыншыл.

B) Жая, қоя.

C) Көреген, сүзеген.

D) Ойна, ойла.

E) Жала, тала.



17. Есім сөздерден жасалған сын есім қатарын көрсетіңіз.

A) Он жеті, елу мың.

B) Өнерпаз, намысқой.

C) Пой-пой, пәлі.

D) Барғалы, оздыр.

E) Қалашық, әуесқой.



18. Күшейткіш демеулікті табыңыз.

A) дейін


B) -ды

C) сайын


D) ше

E) -ау


19. “Төбе шашы тік тұру” – тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз.

A) Әдемі, сұлу.

B) Қатты қорқу, шошу.

C) Ренжісу.

D) Дұрыс айту, құртау.

E) Қуану, шаттану.



20. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Көп ұзамай жауын басылды.

B) Оның өзі шеткерірек тұр екен.

C) Бүгін сабақта Әмір жоқ.

D) Атың әдемі екен.

E) Өңі алабұрта күрең тартқан.



21. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны табыңыз.

A) Екі ұшты нәрсе екен.

B) Адам - ардақты ат.

C) Екі-үш күн күтерсің.

D) Баруға тиістісің бе?

E) Ертелі-кеш бір келер.



22. Жай сөйлемнің түрін белгілеңіз.

Күні-түні жұмыс істеуге тура келді.

A) Жалаң.

B) Атаулы жайылма.

C) Атаулы жалаң.

D) Атаулы.

E) Жақсыз жайылма сөйлем.



23. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) -Әй, Шығанақ, сыртын айтқанша, ішін айтсаңшы.

B) Ексең егін, ішерсің тегін.

C) Шіркіннің киген киімінде бір кіршік болсайшы, бітімі де өзгеше.

D) Ел орынға отыра, бір топ адам үйге кіріп келеді.

E) Еңбек-ана, білім-қазына.



24. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны табыңыз.

A) Қыс - қатты.

B) Жанымыз - төртеу еді.

C) Екі сегіз - он алты.

D) Татулыққа табыс мол.

E) Күн - ашық.



25. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз.

Ол - сыныбымыздағы мінезі ауыр бала.

A) Ауыр


B) Мінезі

C) Ол


D) Бала.

E) Сыныбымыздағы


26. Буынсыз тіл.


Омоним сөзінің жасалу түрін белгілеңіз.

A) Қос сөз түрінде.

B) Фонетикалық тәсіл арқылы.

C) Туынды күйінде.

D) Түбір күйінде.

E) Біріккен сөз түрінде.


27. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.


A) Қанды ауыз, ашушаң.

B) Ат төбеліндей, азын-аулақ.

C) Көкпар тарту, атқа шабу.

D) Арып-талып, асығып.

E) Тұңғыш, орташа.

28. Бірігу арқылы жасалған өсімдік аттарын көрсетіңіз.


A) Көкжөтел, меңдуана.

B) Кемпірқосақ, итмұрын.

C) Мысыққұйрық, алабота.

D) Жыланкөз, есекжем.

E) Сушешек, бұзаубас.


29. Қос нүктенің қойылу себебін, белгілеңіз.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.


A) Қарсылықты салалас.

B) Кезектес салалас.

C) Себеп-салдар салалас.

D) Жалпылауыш сөз.

E) Ыңғайлас салалас.


30. Қандай тыныс белгісі жетпей тұр, белгілеңіз.

Кімде-кім жеңіл еңбекке үйренсе, ол жалқау болады кімде-кім жалқау болса, ол - өмірінде оңбайды.

A) Қос нүкте.

B) Көп нүкте.

C) Нүктелі үтір.

D) Нүкте.

E) Үтір.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет