29. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.
A) Бірақ шынында олай емес-ті: Асқар адастырмайтын.
B) Бірақ шынында, олай емес-ті, Асқар адастырмайтын.
C) Бірақ, шынында, олай емес-ті; Асқар адастырмайтын.
D) Бірақ шынында, олай емес-ті: Асқар адастырмайтын.
E) Бірақ, шынында, олай емес-ті: Асқар адастырмайтын.
30. Техникалық әдебиет тілін қай қатарға жатқызамыз, белгілеңіз.
A) Ресми тіл.
B) Публицистика тілі.
C) Көркем әдебиет тілі.
D) Ауызекі тіл.
E) Ғылыми тіл.
22 нұсқа
1. Екі буыннан қ±ралѓан сµзді анықтањыз.
A) Б‰гін.
B) Бояушы.
C) Оқушы.
D) Кіріспе.
E) Қаламгер.
2. Деректі жалпы есімді көрсетіңіз.
A) Ағаш.
B) Жел.
C) Ауа.
D) Өмір.
E) Көңіл.
3. Жинақтық сан есiмді анықтаңыз.
A) Үштік.
B) Үшінші.
C) Үш үштен.
D) Үшеу.
E) Үштен бір.
4. Еліктеуіш сөзді көрсетіңіз.
A) Жә.
B) Тәйт.
C) Ту.
D) Жарқ.
E) Шөре-шөре.
5. Жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз.
Жүйрік ат – ердің қанаты.
A) Жалаң.
B) Жақсыз.
C) Жайылма.
D) Атаулы.
E) Сабақтас.
6. Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстарды табыңыз.
A) Т, с, б, в.
B) Ф, щ, ч, т.
C) Ү, х, р, л.
D) С, б, в, н.
E) Ц, ш, й, һ.
7. Тек орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылатын таңбаны белгілеңіз.
A) ь
B) к
C) е
D) ә
E) щ
8. Түбір сөзді көрсетіңіз.
A) Достық.
B) Жазбалы.
C) Кірме.
D) Аумалы.
E) Ой.
9. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз.
A) Нәрсе.
B) Нешеу.
C) Бар.
D) Бір.
E) Міне.
10. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Әкелгейсің.
B) Әкелді.
C) Әкелсін.
D) Әкелмессің.
E) Әкелерсің.
11. Мақалды аяқтаңыз.
Ер қанаты - ....
A) серігі.
B) қару.
C) табандылық.
D) жылқы.
E) ат.
12. Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
A) Үтір.
B) Дефис.
C) Көп нүкте.
D) Қос нүкте.
E) Сызықша.
13. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.
A) Сәл нәрсеге ренжімейін деп, сезімін ақылға жеңдірді.
B) Балаларымыз білім алсын деп, елде барлық жағдай жасалған.
C) Сын түзелмей, мін түзелмес.
D) Өміріңде қауіп-қатер төніп тұрса да, ата тегіңе кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.
E) Басталып қойған әңгімеге тез оралу үшін, одан өзімнің қалай айырылғанымды айтып берейін.
14. «Рецензия» сөзінің анықтамасын табыңыз.
A) Мазмұндау.
B) Шолу.
C) Бағалау.
D) Сынау.
E) Ой түйіні.
15. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды көрсетіңіз.
A) Атты кісі.
B) Қиындықтан қашса.
C) Сұрап ал.
D) Көшенің бойы.
E) Өлең өлшемі.
16. Қысқарған сөз қатысқан қатарды табыңыз.
A) Күні бойы ойнады
B) Ата анасымен сөйлесті
C) Педколледжге барды
D) Аққулы көл
E) Талдықорғанда тұрады
17. Есім сөздерден жасалған сын есімді көрсетіңіз.
A) Ашпалы, көтермелі.
B) Жазғы, қысқы.
C) Жабысқақ, сүріншек.
D) Қызба, толық.
E) Ұрысқақ, тайғақ.
18. Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары қалай жазылатынын белгілеңіз.
A) Дефис арқылы.
B) Бірге.
C) Қосарлану арқылы.
D) Бөлек.
E) Қайталану арқылы.
19. Сұраулық шылау қатысып тұрған қатарды көрсетіңіз.
A) Өтірік айт(па).
B) Сен әкел(ме).
C) Сен сен(бе).
D) Жаман әдетке үйрен(бе)
E) Сенейін(бе), сенбейін(бе)
20. Жалпылауыш сөзі бар сөйлемді табыңыз.
A) Жел қатайып кетті,-күн суытпады.
B) Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Арал, Алакөл және Марқакөл.
C) Оқушылардың бәрі қысқы демалысқа тарады да, мектеп бос қалды.
D) Үлкенді сыйлау - асыл қасиет.
E) Ақылбай, Ербол және Мағаш келді.
21. Қаратпа сөзді табыңыз.
A) Мейманым, жақсы жатып, жайлы тұрдың ба?
B) Қой, не болса да кетейік.
C) Таныды да таң болды.
D) Тәк-тәк, айтпа енді.
E) Дала тақыр, бірақ тығыз бетегемен жайнаған.
22. Драмалық шығармалардағы кейіпкерлердің аты - жөндерінен кейін қойылатын белгіні табыңыз.
A) Көп нүкте.
B) Нүкте.
C) Нүктелі үтір.
D) Жақша.
E) Қос нүкте.
23. Қойылмаған тыныс белгісін белгілеңіз.
Абай жолы, Ботагөз романдарын оқымаған оқушы жоқ.
A) Дефис.
B) Қос нүкте.
C) Тырнақша.
D) Сызықша.
E) Үтір.
24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған жерді табыңыз.
A) Жазу: белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты,ертеңгі ұрпаққа жеткізу құралы.
B) Жазу-белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты,ертеңгі ұрпаққа жеткізу құралы.
C) Жазу-белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты, ертеңгі ұрпаққа,жеткізу құралы.
D) Жазу белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты ертеңгі ұрпаққа жеткізу құралы!
E) Жазу-белгілі бір ойды, бүгінгі тарихты ертеңгі ұрпаққа жеткізу кұралы.
25. Мақалды табыңыз.
A) Пішуіне қарай тігісі.
B) Ит ашуын тырнадан алады.
C) Алтын алма, алғыс ал.
D) Құс аяған көкке қарар.
E) Үндемеген ит қабар.
26. Антонимді табыңыз.
A) Жомарт - сараң.
B) Нәтижелі - жемісті.
C) Соқтығыс - қақтығыс.
D) Жоламау - жуымау.
E) Маңдай алды - бетке ұстар.
27. Диалект болатын сөзді белгілеңіз.
A) Жедел хат.
B) Ауқат.
C) Ас.
D) Шалбар.
E) Демеуші.
28. Қосымша арқылы жасалған сөзді табыңыз.
A) Техника.
B) Шеше.
C) Аққу.
D) Шөлейт.
E) Шекара.
29. Төмендегі аралас құрмалас сөйлем қай қатарға тән екенін табыңыз.
Өздері елеп шақырмаған соң, Бақтыбайлар да біраз уақыт өкпелі боп үнсіз жатып алып еді, қыз алған жақ одан сайын тоң-теріс сыртын беріп, қарым-қатынасты біржола үзді.
A) Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
B) Бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.
C) Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы, бағыныңқы.
D) Басыңқы, бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы.
E) Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
30. Диалогтің көбіне қай стильге тән екенін белгілеңіз.