8)Ілияс Есенберлин “Ғашықтар” 45 бет
Аяужан сөз төркіні өзіне ауғанын сезіп,баяу басып алға қарай жүре берді. Ұлбосын оның сыртынан тағы бір қарап,маған бұрылды:
—Қандай әдемі қыз.Бұрын мұнда жоқ еді ғой,кім болып істейді?
—Кран жүргізуші.
—О-о!Аты кім?
—Аяужан.
—Аты қандай әдемі еді!Сымбатты екен.Бір жақтан келген ғой?
—Теміртаудан келіпті.
—Бәсе! Өзімде солай ойлап едім.
—Нені солай ойлап едің?
— Бір жақтан келген ғой деп.Егер бұрын мұндай қыз Мыстауда болғанда,
сен….— Ұлбосын«Маған қарайтын ба едің?»— дегендей тағы сылқ сылқ күлді.— Неге таныстырмадың?
—Таныстыратын жағдай болдыма.Мүлде келдіңбе?
9) Әбдіжәміл Нұрпейісов “Қан мен тер”. 19 бет
─ Мырзаңды үйлендірмейсің бе? - деді Есбол. Кемпірдің түсі кіріп қоя берді.
─ Осы күнгі жас ойындағысын ойласпай істейді ғой. Сүйтсе де байқаймын... баланың көңілі ауып жүрген бір сайқал бар.
─ Қатын ба?
─ Жоқ, қыз. Бірақ, бала - ау, анау-мынау қатынға бергісіз.
─ Не дейді?
─ Шошыма! - деп кемпір жүзіне жылы нұр теуіп жымыңдап алды,- ол қызды сен де білесің. Мөңкенің əйелі - Əлизаның туған сіңлісі бар емес пе? ─ Ay, оның Əлібидің кіші қызы болды ғой?
─ Иə, сол! Ұлы болмағасын, Əліби осы қызын еркекшора ғып киіндіріп жүрген.
─ Ə-ə!..
─ Сол айналайын, қызбын деп ызылып жатпайды. Оты бетіне шығып, жарқылдап тұрған бала.
10)Әбдіжәміл Нұрпейісов “Қан мен тер” 49 бет
─ Əже, үйге қонақ кеп қалды.
─ Атамнан əрмен! Кетсін əрі. Қондырмаймын!
─ Қой, əже! Ұят болар. Бірі - оқыған жігіт. Теңіз жағасын қыстайтын жалпақ ел -Жақайым руынан. Қабырға болысы Құдайменденің...
─ Кімнің?
─ Құдайменде деген болыс бар емес пе?
─ Астафыралла! Аты қалай еді, пəтшағардың?!- деді кемпір күбірлеп.
Достарыңызбен бөлісу: |