1. Фарфор, фаянс және керамикалық ыдыстар
Фарфор ыдыс жұқа ақ түсті, бойынан сәуле өткізетін, сыртқы түрі және сапасы фаянсты ыдысқа қарағанда өте жоғары болады, жоғары термиялық қасиетке ие. Фарфорлы ыдыстың шетінен жайлап соққанда, анық, ұзақ әуенді дыбыс шығады.
Фаянсты ыдыс қаншалықты жұқа болса да жарық түсірмейді, бірақ ылғалдылықты сіңіру қасиеті болады. Фаянс ыдысының шетінен жеңіл соққанда жай ғана, үнсіз дыбыс шығады, ол черепка күйіндісінің температурасының аса жоғары еместігіне байланысты.
Мейрамханаларға аналап шығарылатын фарфорлы және фаянсты ыдыстар формасының қарапйымдылығымен және жоғары тазалығымен ерекшеленеді. Бұл ыдыстардың үшкір бұрыштары жоқ, олар санитарлық өңдеу кезінде өте ыңғайлы болады. Кейбір тарелкаларды квадрат түрінде жасайды.
Фарфорлы және фаянсты ыдстарды негізінен, каймамен немесе ақшыл қызғылт, көк түсті суреттермен безендіреді. Қазіргі таңда мейрамханаларда түрлі-түсті ыдстарды-көк, қызғылт, тіпті қара түсті ыдыстарды қолданылады.
Арнайы ұлттық асханалы мейрамханаларда ыдыстарды арнайы ұлттық ою-өрнектермен безендіреді.
Фарфорлы ыдыстарды: люкс мейрамханаларда – көркем өрнектері бар жоғары топтағы өте сапалы фарфор; жоғары деңгейлі мейрамханаларда – мейрамхана эмблемасы немесе монограммасы бар фарфор; 1-ші деңгейдегі мейрамханаларда – көркем өрнектілердің сегізінші тобынан төмен емес және 2-ші деңгейлі мейрамханаларда – алтыншы топтан төмен есем фарфорлы ыдыстар қолданылады.
Қазіргі кезде францияның «Акрол» фирмасының ыдыстары, шыны керамика және шыны ыдыстар және т.б. ыдыстар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |