Сульфадимезин: Қысқа әсерлі сульфаниламид
Қолдану көрсеткіші: инфекциялыққабынулық үдерістер: - тонзилит
- ортаңғы отит
- пнемония
- шигеллез
- жаралық
инфекция
Жанама әсері: жүрек айну, құсу,кристаллурия, аллергиялық реакциялар, лейкопения, агранулоцитоз
11.
Ко-тримоксазол. Фолий қышқылының белсенуін тежейтін триметоприммен судьфаниламидті (сульфаметоксазол) қосып жасаған препарат.
Қолдану көрсеткіштері: тыныс алу ,өт және несеп шығару жолдарының инфекцияларының жіті және өршу кезеңдерінде, әртүрлі жергілікті іріңді инфекцияларды емдегенде, іріңдітменингит кезінде қолданады.Олар асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңетін, бірақ баяу шығатын ұзақ әсерлі препараттар.
Сульфален. Өте ұзақ әсер ететін препарат болып табылады,ағзада оның бактериостатикаклық концентрациясы бір аптаға дейін сақталады.
Қолданылу көрсеткіштері: бронхит, пневмония, холецистит, пиелит, цистит, уретрит, абсцестер,мастит, синусит, отит, остеомиелит, малярия.
Кері көрсеткіштері:жоғары сезімталдық, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі, созылмалы жүрек, жеткіліксіздігі, қан жүйесінің аурулары, порфирия.
Жанама әсері: жүрек айну, құсу, лейкопения,неврит, ОНЖ функциясының бұзылуы, дәрілік қызба, ангионевротикалық ісіну, кристаллурия.
Фталазол. Фталозол – ішек инфекцияларын– бациллярлы дизентерия,энтероколит, колитті емдеуде,операциядан кецінгі кезеңдегі ішек инфекциясының алдын алу үшін қолданылады. Фталазол антибиотиктермен жиі жұптастырылады. Оны 4-6 сағат сайын қолданады. Фталазолды қолданғанда В тобының витаминдерімен жұптастырған жөн.Өйткені фталазол осы витаминдердің синтезіне қатысатын ішек таяқшаларының өсіп көбеюін тежейді.
Детергенттер (церигель, этоний, роккал)
Церигель
1-ФАРМ.ТОБЫ: микробтарға қарсы зат, химиялық құрлымы бойынша детергенттер тобына жатады.
2-мех.әсері:.: Антисептикалық және дезинфекциялық қасиет.Детергенттердің әсері органикалық заттардың әсерінен төмендейді.
Қол. көр.: операция алдында қолды және медициналық манипуляцияларды дезинфекциялау, қанды стационарда және мобильді жағдайларда жаппай дайындау кезінде, бактериальдық препарта дайындағанда.Детергенттерді аниондық кір сабынмен қосып қолдануға болмайды,себебі бұл кезде микробтарға қарсы белсенділігі төмендейді.
Фармокологиялық әсері: катиондық сабын,катиондық детергент көптеген бактерияларға және саңырақұлақтарға әсер етеді. Теріге жанасқанда қабық түзеді.Одан кейін пленканы этил спиртімен шешеді.
Ж.ә: Гиперсезімталдық, аллергиялық реакция
Ауыр металл тұздары (Сынап дихлориді, күміс нитраты, мыс нитраты,мырыш сульфаты)
Сынап дихлориді
1-ФАРМ.ТОБЫ: микробтарға қарсы зат, химиялық құрлымы бойынша металл қосылыстар тобына жатады.
2-мех.әсері:.: дезинфекциялық және антисептикалық.
Қол. көр.:қолдың терісін өңдеуге,ыдыстарды өңдеуге, бірақ металл құрал-жабдықтарын өңдеуге жарамсыз себебі коррозиялайды және белсенділігі белоктардың қатысуымен төмендейді, сол себепті науқастарлың бөліндісін залалсыздандыруға пайдаланылмайды
Фармокологиялық әсері: Айқын тітіркендіргіш әсер көрсетеді, қолдын терімін өңдейге өте сирек қолданылады. Өте уытты,шырышты қабық арқылы өту қабілетіне байланыстыасқынуға алфп келеді
Ж.ә:, Жіті улану кездесоқ немесе қасақана қабылдағанда интоксикация, құсу, жүрек айну, диарея, ООЖ мен қан айналым бұзылыстарымен сипатталады.Созылмалы улану меркуриализм дейді.
Күміс нитраты
1-ФАРМ.ТОБЫ: микробтарға қарсы зат, химиялық құрлымы бойынша металл қосылыстар тобына жатады.
2-мех.әсері:.: антисептиалық, қабынуға қарсы зат, бактериоцидтік,қармаушы,күйдіргіш
Фармокологиялық әсері: Денатурацияның пайда болуы нәруыздың құрамындағы сульфгидрилді және карбоксильді топтармен байланысып белоктың конфомациясын өзгертеді. Күміс нитраты күміс ионына диссоциацияға ұшырағанда нәруыз преципитациясын тудырады және бактерицидік әсер етеді. Тін нәруыздарымен альбуминат түзіліп, біртіндеп қараяды. Бұның себебі альбуминаттан металдық күмістін қалпына келуімен сипатталады. Бұл өз кезегінде микробтағы метаболикалық үрдістерге кедергі келтіреді. Осыған байланысты күміс нитраиының қысқа уақыттағы бактериоцидтік әсері ұзақ уақыт бактериостатикалық әсер етеді.
Ж.ә:, аллергиялық реакция
Нитрофуран (фурацилин)
Нитрофуран туындылары (фурациллин, фуразолидон, фуразолин, фурадонин, фурагин, нитрофурантоин) грам теріс және грам оң бактерияларға, трихомонада, лямблийге әсер етеді. Мөлшеріне байланысты бактериостатикалық және бактериоцидты әсер көрсетеді.
Әсер ету механизмі: микробты жасушаның бөлінуіне және өсуіне қажетті биохимиялық үрдістерге қатысады. Микроағзалардың резистенттілігі пайда болмайды. Нитрофурандар ағзаның инфекцияға төзімділігін жоғарылатады.
Фурациллин хирургиялық ауруларды және іріңді жараларды емдеу үшін жергілікті антисептик ретінде қолданады.
Қышқылдар мен сілтілер(бор қышқылы амииак ерітіндісі)
Бор қышқылы
1-ФАРМ.ТОБЫ: микробтарға қарсы зат, химиялық құрлымы бойынша қышқылдар мен сілтілер тобына жатады.
2-мех.әсері:.: Нәруздардан коагулянт түзеді. Коагулянт микроб жасушасның қабрығасының өткізгіштігін бұзады. Жараланған жара бетінен, егер ішке қабылдаса онда зақымдалған аймақ бетінен, шырышты қабат бетінен абсорцияланады.Көптеген ағза мен тіндерде жинақталуы мүмкін.Ертінді бактерияның дамуна және көбеюне кедергі жасайды.
Антисептик. Педикулезге қарсы зат.Тері және шырышты қабат арқылы жақсы өтеді, ағзадан баяу шығады, мүшелермен тіндерде жиналады.Қабынуға қарсы және саңырауқұлақтарға қарсы әсер көрсетеді.
Қол. көр.:конъктивит,дерматит,пиодермияда,колпит, педукелезде қолданылады.
Фармокологиялық әсері: антибактериалді, саңырауқұлақтарға қарсы, паразиттерге қарсы, педикулезге қарсы, фунгистатикалық әсер көрсетедіЖ.ә:, Интоксикация, құсу, жүрек айну, диарея, ООЖ мен қан айналым жүйесінің зақымдануы,терлік бөрітпе, эпителий десквамациясы, бас ауру, сана сезінің шатасуы, олигоурия, сирек жағдайда шок даму мүмкін, шырышты қабатты тітіркедіреді.
Аммиак ерітіндісі
1-ФАРМ.ТОБЫ: микробтарға қарсы зат, химиялық құрлымы бойынша қышқылдар мен сілтілер тобына жатады.
2-мех.әсері:.: аналептикалық және антисептикалық.
Қол. көр.:тыныс алуды қалпына келтіру үшін және микробтарға қарсы белсенділігі жоғарғы конц байқалады.
Фармокологиялық әсері: теріні тітіркендіріп, жергілікті қолданған жерде биологиялық активті заттардың босауын (гистамин,простогландин,кинин), жұлында ауырсыну сезімәне қарсы пептидтер либерациясына(эндорфин,энкефалин), патологиялық ошақтан ауырсыну импульстарын тежейді. Аммак ертіндісімен дем алғанда жоғарғы тыныс жолдарындағы рецепторларымен әсерленіп, рефлекторлы қоздырады. Жоғары конц. Микробтардың нәруызын коагуляциялайды.Ағзадан тез шығарылады және кез келген жолмен, тыныс алу жолдарындағы секреция арқылы шығады.
Ж.ә:, жоғары конц. асқорту жолына күйдірігш әсері және тыныстын тоқтап қалуы
Альдегидтер мен спирттер(Этил спирті, формальдегид)
Формальдегид
1-ФАРМ.ТОБЫ: микробтарға қарсы зат, химиялық құрлымы бойынша альдегидтер мен спирттер туындылары қосылыстарының тобына жатады.
2-мех.әсері:.: антисептиалық және дезинфектант,иісті жойғыш әсері бар
Қол. көр.: теріні өңдеу үшін қолданады, құрал-жабдыұтарды дезинфекциялауда
Фармокологиялық әсері: Шырышты қабатты күдіргіш және қармалаушы әсер көрсетеді, эпидермис тығыздалады,осының әсерінен тері бөліну тоқтайды.Белок молекулаларындағы амин тобтарына қосылуға бейім.
Ж.ә: Аллергиялық реакция, жергілікті раекция, шырышты және бетке қолдануға болмайды.
Этил спирті
1-ФАРМ.ТОБЫ: микробтарға қарсы зат, химиялық құрлымы бойынша альдегидтер мен спирттер туындылары қосылыстарының тобына жатады.
2-мех.әсері:.: антисептиалық және дезинфектант
Қол. көр.: құрал-жабдықтарды дезинфекциялауда, хирургтің қолын және операция жасайтын аймақты өңдейде қолданылады. Терінң өңдей үшін 95 % гөрі, 70 % ертіндіні пайдаланған дұрыс, себебі эпидермис терең қабаттарына енеді.
Фармокологиялық әсері:Сыртқы қолдануда микробқа қарсы әсер көрсетеді.Жүйелі пайдалануда анальгезия және жалпы анестезия шақырады.ОЖЖ этанолға сезімтал болып келеді.Алькоголді қозу шақырады.қыртысты қабатта қозуды тежейді,бауырда метаболизмге ұшырайды
Ж.ә: Аллергиялық реакция, жергілікті раекция, гиперермия
1-ФАРМ.ТОБЫ: микробтарға қарсы зат, химиялық құрлымы бойынша бояғфштар тобына жатады.
2-мех.әсері:.: антисептикалық, грам оң бактериаларға жақсы әсер етеді.
Қол. көр.: операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі зақымдануларға, мейбомит, блефарит,пиодермия,терінің бүтіндігі бұзылған жерлерге,фооликулитте қолдануға болады
Фармокологиялық әсері: органикалық заттардың қатысумен антимикробтық қабілеиі төмендейді.Фенолдық коэффиценті 40 000.фенолдық коэффицент дегеніміз фенол конц.сы мен сыналып тұрған антисептик арасындағы сандық ара қатынас,бұл бірдей көрсеткіште антимикробтық қабілетінің ұқсастығын білдіреді.
Ж.ә: теріні тітркендіреді, көздің шырышты қабатпен жанасқанды тітәркендіреді және көз жас туғызады
Этакрадин лактаты
1-ФАРМ.ТОБЫ: микробтарға қарсы зат, химиялық құрлымы бойынша бояғыштар тобына жатады.
2-мех.әсері:.: антисептикалық,
Қол. көр.:операцияларда сыртқа колдануға арналған арналған антисептик, геникологияда,урологияда, отоларингологияда,офтальмологияда,дермотологияда қолданылады
Фармокологиялық әсері: жрғары конц. Тітіркендірігіш әсер көрсетеді, аз конц. Тандамалы әсер көрсетеді, микроорганизмдердің кейюір ферменттерін ингибирлейді.Кокктарға қарсы белсенділігі жоғары, әсіресе стрептококктарға
Ж.ә: Гиперсезімталдық, аллергиялық реакция
Метилен көгі
1-ФАРМ.ТОБЫ: микробтарға қарсы зат, химиялық құрлымы бойынша бояғыштар тобына жатады.
2-мех.әсері:.: антисептикалық,
Қол. көр.: Цианидпен уланғанда көк тамырға енгізу арқылы цианид арқылы түзілген метгемоглобин уытты емес цианметгемоглобинге айналады. күйіктерде,пиодермияда, және әртүрлі терінің іріңді қабынуналырында, инфекция жұққан қуысьарды плевра, іш пердесі, қуықты, жатырды жуу үшін қолданылады.
Фармокологиялық әсері: Антисептикалық механизмі қышқыл немесе грам + бактериаьлдық жасушалардағы заттармен, мукополисахаридтермен әрекеттесуі жатыр, сөйтіп аз еритін және аз ионизацияланатын комплекстер түзеді
Ж.ә: Гиперсезімталдық, аллергиялық реакция
Фенол (ароматты) : (фенол, резорцин)
Таза фенол
1-ФАРМ.ТОБЫ: микробтарға қарсы зат, химиялық құрлымы бойынша фенол топтары және оның туындылары қосылыстарына тобына жатады.
2-мех.әсері:.: антисептиалық және дезинфектант, бактериоцидтік әсер
Қол. көр.: Ертіндісі құрал-жабдықтарды, науқастың керек жарақтарын дезинфекциялау үшін қолданады.
Фармокологиялық әсері: бактериоцидтік әсері бактериялар мен саңырауққлақтардың вегативті формаларына әсер етеді, спораларға әсер ете алмайды. Микроб жасушасының нәруыздарымен байланысып, денатурцаиялайды.Жасушаның коллоидті жағдайын бұзады.Липидтерде еріп, олардың өткізгіштігін арттырады. Тотығу-тотықсыздану үдерістеріне әсер етеді.
Ж.ә:,лиофильді болғандықтан өте улы, теріде және шырышты қабықтарда онай сіңеді, дем алғанда жүйке жүйеснің ақауы болады, көздің, тыныс алу жолдарының шырышты қабатын тітіркендіреді және химиялық күйік тудырады.
Резорцин
1-ФАРМ.ТОБЫ: микробтарға қарсы зат, химиялық құрлымы бойынша фенол топтары және оның туындылары қосылыстарына тобына жатады.
2-мех.әсері:.: антисептиалық және дезинфектант, дерматопротекторлы,бактериоцидтік әсер
1-ФАРМ.ТОБЫ: микробтарға қарсы зат,антисептиалық, химиялық құрлымы бойынша тотықтырғыш тобына жатады,антисептик
2-мех.әсері:.:Антиоксидантты зат.Сутегінің асқын тотығының әсер ету механизмі: іріңді жарада, қанда, және басқа да белокты өнімдерде сутегінің асқын тотығы каталаздық жолмен ыдырайды да молекулалық оттегін бөледі, нәтижесінде көпіршік пайда болады да, жараны механикалық жолмен тазалайды. Жараны тек механикалық жолмен тазалайды. Сондықтан әлсіз антисептик болып табылады.
Оны қолданғаннан тек уақытша микроорганизмдердің саны азаяды. Көпіршіктенуі тромбтың түзілуі және ұсақ қан тамырларындағы каның тоқтауына алып келеді.
Қол. көр.:сыртқа Жара бетін өңдеуге бірақ молекулалық оттектің тотықтырғыш және микробтарға қарсы әсері аз, ойық жараны, механикалық жолмен тазалауға қолданылады.
Фармокологиялық әсері:Босаған оттегі көмегімен микробтарды жояды.
Ж.ә: жараны өңдеу кезіңде ашыту мүмкін, аллергиялық реакция . Стоматит,Ангина,Кариес,Жұмсақ тіндерден қан кетуі
Калий перменганаты
1-ФАРМ.ТОБЫ: микробтарға қарсы зат, химиялық құрлымы бойынша тотықтырғыш тобына жатады,антисептик
2-мех.әсері:.: Тінмен жанасқанда атомарлық оттегін және марганецтің қос тотығын бөледі.Яғни,органикалық заттармен жанасу кезіңде атомарлы оттек бөледі. Калий перменганатының қалпына келуі кезінде марганец оксиді нәруыздармен комлексті қосылыс альбуминат түзеді. ( осы қасиетіне байланыс жоғары конц. ұйында, ал аз конц. Тітіркендіргіш қасиет көрсетеді).
Қол. көр.:Жараны шаюға,иіс жоятын зат ретінде,Тамақ шаюға,Ойық жара және күйік бетін өңдеуге,Урология және гинекология практикасында спринцевание үшін,Наркотикалық заттармен уланғанда асқазанды жуу үшін ,Стоматологияда ауыздың шырышты қабатын шаю үшін
Фармокологиялық әсері:Босаған оттегі көмегімен микробтарды жояды және қармаушы әсер көрсетеді.
Атомарлы оттегі – күшті антисептикалық және иісті жоятын әсер көрсетеді.Марганецтің қос тотығы – қармаушы (қабынуға қарсы), ал жоғарғы концентрацияда күйдіргіш әсер көрсетеді.Белоктың қатысуымен калий перманганатының антибактериалды белсенділігі төмендейді.
Ж.ә:, аллергиялық реакция, конц. Ертіндісін қолданғанда күйік пен тітіркену болады.Тіс эмалінің қараюы.Жоғарғы концентрацияда шырышты қабат пен терінің күюі мүмкін