1. Ғылыми стильдің қолданылатын орны
А)мемлекеттік және жеке іс жүргізу мен заң аясындағы құжаттар
В) газет-журналдарда жазбаша қолданылады
С) ғылыми-зерттеу еңбектерінде жазбаша қолданылады
Д) көркем шығармаларда жазбаша, көпшілік алдында ауызша қолданылады
Е) жиналыстар мен радио-теледидарда ауызша түрі қолданылады
2. Диалект сөздерді белгілеңіз.
А) боз, жирен В) көпшік, дарбаза С) қара, ат Д) орман, тоғай Е) оның, соған
3. Диалект сөздерді белгілеңіз.
А) сым, пәс В) күллі, барлық С) арман, еңбек Д) оқулық, дәптер Е) гүрс-гүрс, тарс-тұрс
4. Кәсіби сөздерді белгілеңіз.
А) қанат, мінез В) мұрап, ау С) келер, жазар Д) арман, ой Е) теңіз, су
5. Кәсіби сөздерді белгілеңіз.
А) иінағаш, мойынағаш В) қазанжаппа, қорықтық С) жүген, үзеңгі, шылбыр
Д) сөмке, кереует, кәмпит Е) қойшы, мақта, күкірт
6. Заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, обьективті мәлімет беру мақсатында қолданылатын стиль түрі
А) публицистикалық стиль В) ресми іс қағаздар стилі С) ғылыми стиль
Д) көркем әдебиет стилі Е) сөйлеу тілі мен жазба тіл стилі
Достарыңызбен бөлісу: |