Билет №1
1. Физикалық география нені зерттейді?
Физикалық география – география ғылымдары жүйесіне жатады. География ғылым ретінде Ежелгі Грекияда дамыған. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін география деп атаған. Грек тілінде гео – жер, графо – жазу. Сонда география сөзі жерді сипаттап жазу деген мағынаны білдіреді.
География ұғымы пайда болғаннан бастап ол біздің планетамыздың жер бетінің табиғатын зерттеумен айналыса бастады. Осы мақсатта алыс елдерге экспедициялар жасақталып, дүние жүзін айналып шығу саяхаттары ұйымдастырылды. Саяхатшылар мен теңізде жүзукшілер барған жэерлері жайлы басқа елдердің табиғаты, халқы, олардың қандай шаруашылықпен айналысып жатқандығы жөнінде көрген білгендерін қағазға түсіріп отырды. Құрлықтар мен мұхиттардың ашылып зерттелуіне мыңдаған жылдар қажет болды. Ұзақ уақыт бойы география Жер бетінің табиғатын, халқын және оның шаруашылығын сипаттайтын біртұтас ғылым ретінде дамып келді.
Физикалық география табиғат денелері мен құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттеййді.
Ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып, сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. 19 ғасырдың басында бүкіл Жер шарында ашылмаған, белгісіз жер қалған жоқ. Соған орай географияның міндеті де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелер мен қүұбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай олардың себебін де түсіндіретін ғылымғы айналды. Қазіргі заманда адамдардың айнала қоршаған ортаға әсері күннен күнге ұлғаюда. Адам іс – әрнекетінің әсерінен жер бедері, климат жағдайлары өзгереді. Адамның шаруашылық әрекетінің мықтап өркендеуі табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді алдын ала болжау қажеттігін тудырады. Мысалы, ірі су электр стансасын салуға байланысты сол төңіректің табиғаты қай бағытта өзгереді, ол өзгерістердің тиімді және тиімсіз жақтары қандай болмақ деген мәселелер туады.
2. Жердің Күн жүйесіндегі орны?
Жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денесі айналып жүретінін білесіңдер. Олар – планеталар (грекше планета – кезбе). Планеталардың Күн төңірегіндегі жолы «орбита» деп аталады (латынша орбита – із, жол). Күнге ең жақын айналатын планета – Меркурий, онан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең соңында Плутонның орбитасы өтеді
Жер және басқа планеталардың тұйық жол жасап айналып жүруі Күннің тарту күшіне байланысты.
Мұны түсіну үшін ұзын жіпке салмақты темір шығыршық байлап, бастарыңнан айналдырып байқаңдар. Айналдырғанда шығыршық жіпті керіп, сыртқа тебеді, босатып жіберсең, ұшып кетеді. Бірақ жіп оны тартып ұстап тұрады. Осы сияқты Күн де планеталарды өзіне тартып, төңірегінде айналып жүруге мәжбүр етеді. Егер Күннің тарту күші кенет жойылып кетсе, Жер секундына 30 км жылдамдықпен әлем кеңістігіне самғап кетер еді.
Өздерін орасан зор күшпен өзіне тартып тұрған Күннің бетіне планеталар неге құлап түспейді деген сұрақ туады. Біз бұл жерде үлкен жылдамдықпен қозғалушы дененің өзінің қозғалу бағытын сақтауға тырысатынын есімізге түсіруіміз керек. (Жіпке байлап айналдырған шығыршық осыны дәлелдейді).
Сонымен, бір жағынан Күннің тарту күшіне, екінші жағынан жылдам қозғалушы дененің өзінің бағытын сақтауға тырысуына байланысты басқа планеталар да, Жер де өз орбитасы бойымен бір қалыпты қозғалады.
Күн жүйесіне 9 ірі планетадан басқа көптеген ұсақ денелер кіреді. Олар: астероидтар, құйрықты жұлдыздар және метеорлар.
Бұлар туралы сендер 5-сыныптағы «Жаратылыстану» пәні сабағында мағлұмат алғансыңдар.
Жердің Күн жүйесіндегі орны және оның мәні. Жер Күнді орта есеппен 150 млн км қашықтықта айналып жүретінін 4-сыныптан білесіңдер. Күн жүйесіне кіретін планеталардың ішінде тек Жерде ғана тіршіліктің дамуы оның осы қашықтықтағы орнына тікелей байланысты. (Жарықтың таралу жылдамдығын еске түсіріңдер). Ғалымдар күн сәулесінің түсу мөлшері Шолпанның орбитасынан Марстың орбитасына дейінгі аралықта ғана тіршілік үшін қажетті жағдай жасай алады деп есептейді. Жерге қарағанда Шолпанның орбитасы Күнге 40 млн км жақын, ал Марстікі, керісінше, онан 78 млн км алыс орналасқан.
Күн жүйесінің мөлшерімен салыстырғанда бұлар онша үлкен айырма болып есептелмейді. Сондықтан соңғы кезге дейін адамдар Шолпан мен Марсқа қандай да болмасын тіршілік көзі ретінде үмітпен қарап келді. Алайда біздің кезіміздегі ғарыштық зерттеулер бұл үмітті бекерге шығарып отыр. Шолпан мен Марсқа жіберілген ғарыш құралдары бұл екі планетаның екеуінде де тіршілік үшін қажетті жағдайдың жоқ екендігін анықтады. Шолпанның бетінде температура 500°С-қа дейін көтерілетіні және ондағы атмосфераның 97 пайызы тіршілікке зиянды көмірқышқыл газынан тұратындығы белгілі болды. Ал Марстың атмосферасы өте жұқа және оның өзі түгелдей дерлік көмірқышқыл газынан құралған. Атмосфераның жұқа әрі селдір қабаты Күннен түскен жылуды ұстап тұра алмайтындықтан, Марстың беті ғаламат суық. Планетаның бетіндегі температура – 29°С тан жоғары көтерілмейді, тіпті – 85°С-қа дейін төмендеп кетеді. Планетадағы мардымсыз судың өзі ұдайы қатып жатады. Аяздың күштілігі соншалық, онда су ғана емес, оның атмосферасының басым көпшілік бөлігін құрайтын көмірқышқыл газ да тек қатты күйде кездеседі. Мұндай жағдайда микроағзалардың де тіршілік ете алмайтындығы белгілі.
Сонымен, Жер – Күн жүйесіндегі бірден-бір тіршілік пайда болған планета. Оған Күн жүйесіндегі орнымен (Күннен қашықтығы) бірге қалың атмосфера қабатының болуы, өз білігінен айналу уақыты және басқа да жағдайлар жиынтығы себеп болған.
3. Жердің пішіні мен мөлшері қандай?
Жердің ғарыштан түсірілген суреті оның пішіні шар тәріздес екендігіне күмән келтірмейді. Алайда адамдар мұндай тұжырымға бірден келе қойған жоқ.
Жердің пішіні мен мөлшері туралы түсінік ғасырлар бойы қалыптасып, ұзақ даму кезеңінен өтті. Ежелгі халықтар «Жер тегіс, оның үстінде аспан күмбезі төңкерілген» деп ойлаған. Алайда бақылап тұрған адамға көкжиек сызығының шеңбер тәріздес болып көрінуі бара-бара басқа ой туғызды. Содан барып «Жер беті диск тәріздес дөңес болу керек» деген пікір келіп шықты.
Түрлі қосалқы белгілерді бақылаудың нәтижесінде ежелгі грек ғалымдары «Жер шар тәріздес» деген пікір ұсынды (олар қандай белгілер?). Дегенмен бұл пікір бірден қолдау таба қойған жоқ. Кейінірек, орта ғасырлардың соңына қарай дүние жүзін айналу саяхаттарынан кейін ғана «Жер шар тәрізді» деген пікір түпкілікті дәлелденді. Түрлі өлшем жұмыстары жүргізіліп, Жер меридианының ұзындығы, диаметрінің мөлшері анықталды. Жер бетіндегі дәл өлшеулер біздің планетамыздың нақты шар емес, полюстері жағынан сәл қысыңқы келетіндігін көрсетті. Жердің полюстік радиусы экваторлық радиусынан шамамен 21 км қысқа болып шықты. Бұл айырма бүкіл Жер өлшемімен салыстырғанда тым мардымсыз. Сондықтан Жер радиусы 6371 км болатын шар деп есептелінді. Жер экваторының ұзындығы 40 000 км. Осы орайда: «Жердің шар тәріздес екендігін неге байқамаймыз?» деген заңды сұрақ туады. Оған себеп, тегіс жерде тұрған бақылаушы айнала төңірегіне 4–5 км қашықтыққа дейін ғана көз жібере алады. Ал шардың ондай шағын бөлігі оған тегіс болып көрінеді.
Жер пішінінің шар тәріздес болуының мәні. Жер пішіні шар тәріздес болғандықтан оның бетіне күн сәулесі де әркелкі таралады. Егер жер беті тегіс болса, оның барлық жеріне күн сәулесі бірдей бұрыш жасап түсер еді. Ал шардың бетіне түсетін күн сәулесі оған әр түрлі бұрыш жасап қиылысады. Экватор жағына тік түседі де, полюстерге қарай барған сайын көлбейлене түседі (8-сурет).
Күн сәулесінің Жерге әр түрлі бұрыш жасап түсуі
Күн сәулесінің тал түсте, ертеңгілік және кешкілік қалай түсетінін естеріңе түсіріңдер. Қай мезгілде тік түседі? Соған сәйкес жерге келетін жылу мөлшері қалай өзгереді?
Күн сәулесі түсу бұрышының экватордан полюстерге қарай өзгеруіне сәйкес Жер бетіне келетін жылу мөлшері де осы бағытта өзгере береді. Күн сәулесі неғұрлым тік түскен сайын жер бетін көбірек жылытады. Экватор маңы ыстық болатыны да сондықтан. Полюстерге қарай күн сәулесі түсу бұрышының кішірейе түсуіне орай жылу да азая береді.
Жердің пішіні мен мөлшерін білу оның дәл картасын жасау үшін де қажет. Мұндай дәл өлшемдер қазіргі кезде Жер серіктерінің көмегімен жүргізіледі.
Билет №2
1. Масштаб дегеніміз не? Мысал келтір
Масштаб (нем. Mastab. Ma — өлшеуіш, мөлшер және Stab — таяқ)[1] — сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп аталады. Жоспар мен карталардың сандық Масштабты бөлшек сан арқылы өрнектеледі, алымы бірге тең болса, бөлімі бейнеленген сызықтың неше есе кішірейтілгенін көрсетеді. Сызбада машиналар мен приборлардың ұсақ бөлшектері, көбінесе үлкейтілген мөлшерде көрсетіледі. Бұл жағдайда сандық Масштаб бірден үлкен санмен өрнектеледі. Жоспар мен картадағы ұзындықты өлшеуде қолданылатын сызықтық Масштаб заттың ұзындығын көрсететін, тең бөліктерге бөлінген, жазуы бар түзу сызықтан құралады.
Масштабтар мен олардың дәлдігі.
Жер беті мен оның шағын аймақтары қағаз бетіне белгілі бір масштаб аркылы кішірейтіліп кескінделеді. Масштаб дегеніміз пландағы, картадағы сызықтың (кесіндінің) өзіне сәйкес жер бетіндегі ұзындыгының горизонталь проекциясына қатынасы. Масштаб сандық, сызықтық және көлденең болып бірнеше түрге бөлінеді.
Егер план 1:1000 масштабында жасалса, онда жер бетіндегі ұзындығы 1000 см-лік аракашықтық планға 1 см-лік кесінде түрінде кескінделген болады. Мұндай масштаб сандық масштаб делінеді. Мына төмендегі бірнеше сандық масштабтар 1:1000; 1:2000; 1:5000; 1:10000, т.б. ірісінен үсақтарына қарай қатармен жазылады. Масштаб ірі болса, ол планда арнаулы деректер толық көрсетіледі. Әр планның мақсатына лайықты өзіне сәйкес масштабы болады. Егер сандык масштаб белгілі болса, сызықтың ұзындығын қағаз бетіне не керісінше, пландағы кесінді арқылы оның жер бетіндегі ұзындығын анықтауға болады. Бірінші мысал: жер бетіндегі сызықтық проекциясы 275 м-ге тең делік. 1:5000 сандық масштабта бұл қашықтық планға 275 : 5000,00. 055м5, 5 см-ге тең кесінді болып кескінделеді. Екінші мысал: 1: 2000 масштабы пландағы кесінді ұзындығы 6,5 см болса, онда жер бетіндегі ұзындығы 6,5 х 2000 1 3000 см 130м. Іс жүзінде бұл есептерді қолдану ыңғайсыз болғандықтан, сандық масштабтың орнына сызықтық, көбінесе көлденең масштаб қолданалады. Сандық масштабтың қағаз бетінде график түрінде бейнелеуін-сызықтық масштаб дейді.
Сызықтық масштаб бір түзудің бойын масштаб негізі деп аталатын біріне-бірі тең бірнеше кесінділерге бөлгеннен шығады. Масштаб негізгі әдетте 1 см-ге тең болып келеді . Сол жақтағы шеткі негіз тең 10 бөлікке бөлінеді де, оның оң жақ үшы 0- деп белгіленеді. Сандық масштабтың да кемшілігі бар, ол сызықтық масштабпен пайдаланғанда, оның 0-ден сол жақтағы негізінің үсақ бөлшектерінің аралығын көз мөлшермен бағалаудан тұрады. Сондықтан өте үлкен дәлдікті қажет ететін өлшеулер үшін көбіне көлденең масштаб қолданылады. 1:5000 масштабына сэйкес келетін көлденең масштаб
2. Қашықтықты өлшеудің қандай түрлерін білесің?
Жер бетінде қашықтықты таспамен, өлшеуіш ашамен өлшенеді. Қадаммен өлшегенде әр адам өз қадамының орташа ұзындығын анықтаған жөн. Оқулықта көз мөлшермен анықтау кестесі көрсетілген.
Масштаб – жер бетінде өлшенген қашықтықты қағаз бетіне түсіру үшін кішірейтілген дәрежесі. Қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан масштаб д. а. алымы әрқашан 1 см - ге тең, бөлімі кішірейту мөлшеріне сәйкес келеді. Неғұрлым бөлшектің бөліміндегі сан көбейген сайын, соғұрлым масштаб ұсақ деп есептеледі. Керісінше бөліміндегі санның мөлшері аз болған сайын, масштаб ірілене түседі. Мәселен, 1: 10 000 масштабы 1: 50 000 масштабқа қарағанда ірі.
Картаның масштабы сөзбен де жазылады 1: 10 000 масштабты сөзбенен 1 см - де 100м. Мұны атаулы масштаб дейді. Мысалды оқыту.
Өзендердің ұзындығын циркуль арқылы өлшейді. Арасын 5мм етіп өлшеп, оның санын 5мм - ге көбейтіп, содан кейін масштабқа көбейтеді.
План – 2 000дейін және одан ірі, топограф. Картада – 1: 10 000 нан 1: 100 000 - ға дейін болады.
3. Азимут дегеніміз не?
Азимут (арабша ас-сумут — жол, бағыт) — бақылау нүктесінен өтетін меридиан жазықтығы мен сол нүктені қиятын бағыттың вертикал жазықтығы арасындағы қос қырлы бұрыш. Ол меридианның солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен 0о-тан 360о-қа дейін өлшенеді. Бастапқы бағыттағы меридиан түріне байланысты нағыз (шын) Азимут және магниттік азимут болып бөлінеді. Нағыз (шын) азимут — аспан шырағының бағыты мен жердегі объектіге бағытталған сызықтың арасындағы горизонталь бұрыш. Ол буссоль (компас) арқылы өлшенеді. Магниттік азимут — магниттік меридианның солтүстік ұшынан сағат тілінің қозғалысымен берілген сызықтың бағытына дейінгі есептелінетін бұрыш. Бір сызықтың нағыз (шын) азимуты мен магниттік Азимутының шамалары бірдей болмайды, себебі Жердің магнит өрісінің әсеріне байланысты тілі ауытқып отырады.
бағыт
|
азимут градуспен
|
солтүстік
|
0° немесе 360°
|
солтүстік-шығыс
|
45°
|
шығыс
|
90°
|
оңтүстік-шығыс
|
135°
|
оңтүстік
|
180°
|
оңтүстік-батыс
|
225°
|
батыс
|
270°
|
солтүстік-батыс
|
315°
|
Азимут - жер нысандарының немесе аспан шырақтарының азимуты — байқаудың берілген нүктесі меридианының жазығы мен осы нүкте және жер нысаны арқылы өтетін тік (вертикаль) жазықтық арасындағы бұрыш. Астрономиялық және геодезиялық азимут деп бөлінеді. [2]
Азимут ( арабша ас – сумут – жол ) деп белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрышты айтады. Азимут тұсбағардың магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу бағыты бойынша 0°- 360° – қа дейін есептеледі. Толық шеңбер 360° – тан тұрады. 0° – солтүстік, 90° – шығыс, 180° – оңтүстік, 270°-батыс
Бағдарлау деп көкжиек тұстарын, бақылаушының тұрған жерін, қозғалыс бағытын анықтауды айтады. Көкжиек тұстары негізгі және аралық болып бөлінеді.
Азимут А әрпімен белгіленеді де, жанына градус мөлшері қойылады. Мысалы, А – 30°
Көкжиек тұстарын Күнге, Темірқазық жұлдызына – түнде, өсіп тұрған ағаштарға, құмырсқа илеулерінің пішініне, т.б. қарап анықтайды. Ал дәл анықтау үшін тұсбағар құралы қолданылады. Компаспен азимутты өлшейді.
Планда солтүстік бағытты бағдаршамен белгілейді, Осы бағытты білген соң, көкжиектің басқа тұстарын анықтау жеңіл. Ал планда бағдарша көрсетілмеген жағдайда, планның жоғары бөлігі Солтүстік, төменгі бөлігі – Оңтүстік, оң жағалауы – Шығыс, сол жағасы – Батыс болып саналады.
Дәптермен жұмыс : Солтүстік батыс бағыттағы көлдің азимутын анықтап, сызба түрінде көрсетіңдер.
Билет №3
1. План дегеніміз не?
План (лат. planum — жазықтық) —
жер бетінің белгілі бір телімін жазықтықта (1:10000 не одан да үлкенірек масштабпен) шартты белгілердің көмегімен бейнелейтін сызба (топографиялық План);
қандай да бір ғимараттың немесе нәрсенің горизонталь қимасы немесе оның жоғарыдан қарағандағы көрінісі;
горизонталь
Достарыңызбен бөлісу: |