1. Физикалық география нені зерттейді?



бет3/4
Дата06.07.2018
өлшемі0,84 Mb.
#47761
1   2   3   4

Температурасы


Мұхиттың беткі суының жылдық орташа температурасы 17,5°С. Ашық Мұхитта температураның жоғарғы көрсеткіші экватор бойында (28°С), ең жоғарғы температура (34°С) тамыз айында Парсы шығанағында тіркелген. Құрлықтың әсерінен су температурасы солтүстік жарты шарда оңтүстік жарты шарға қарағанда жоғары болады, ал экватордан полюстерге қарай біртіндеп –1,5–1,9°С-қа төмендейді. 30° с. е. бойында қыста 17 – 18°С, жазда 25°С; 60° ендікте қыста 0°С-тан төмен, жазда 10°С, полюс маңындағы температура 1,9°С. Мұхиттүбіндегі су температурасы 1,4 – 1,8°С, полюстік аймақтарда 0°С-тан төмен болады, ең суық температура –2°С (полюсте мұзастында).

Тұздылығы


Судың химиялық сапасы, физикалық, химиялық қасиеті жағынан бірдей болғанымен оның гидрологиялықгеохимиялық режимі әр түрлі. Мұхит суы концентрациясы 35 г/л болатын тұз ерітіндісінен тұрады, сондықтан орташа тұздылығы S – 35,00ү, максимальды тұзд. 39 – 42ү (тропиктік теңіздерде). Тұз массасының құрамы құрлықтан келетін жауын-шашынмен, атмосферамен 1022 г еріген тұз бар. Оның құрамында Na+, Mg2+, K+, Ca2+,Cl-, иондары кездеседі. Мұхит суында атмосферадан келетін және су қабатында пайда болатын түрліалмасу процесі және түпкі шөгінділермен, теңіз организмдерінің өмір сүру қабілетімен реттеліп отырады. Мұхитта барлығы 5газдардың (О2, СО2 т.б.) ерітінділері де болады.

Мұхит суының басты қасиеттері – температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының да жылынуы Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тікелей байланысты.

Дүниежүзілік мұхит суы көлемінің үлкен болуына орай, құрлықпен салыстырғанда судың баяу салқындауы нәтижесінде мұхитта жылу көп жинақталады.

Мұхиттың кейбір аудандарында бұл заңдылық мұхит ағыстары, тұрақты желдер, ал материк жағалауларында құрлықтың тікелей ықпалы мен олардан ағып шығатын өзен сулары әсерінен өзгереді. Судың температурасы тереңдікке қарай да өзгереді. Тереңдеген сайын алғашында температура күрт төмендейді, 3000-4000 м тереңдіктен кейін температура  +2, – 0ºС аралығында тұрақтайды.

Дүниежүзілік мұхит суының құрамы аса күрделі. Мұнда суда еритін тұздар мен газдар, органикалық және ерімейтін заттар да кездеседі. Оның құрамында 60-тан аса тұрақты компоненттер бар. Табиғи минералдардың барлығы дерлік мұхит суында еріген күйінде кездеседі. 1 л мұхит суындағы еріген тұздардың мөлшері судың тұздылығы деп аталады. Бұл көрсеткіш промилле арқылы есептеледі. Мұхит суының орташа тұздылығы 35 промилле шамасында. Тұздың өте жоғары көрсеткіші-41 промилле.

Мұхит суының тұздылығы 36 промилле мұхит суының қату температурасы   -2С шамасында болады. Арктикалық және антарктикалық белдеулерде қалың мұз қабаттары қалыптасады.

Мұхит табанынының ең басты компоненттерінің бірі оның суы. Мұхиттың белгілі бір бөлігін алып жатқан  зор көлемді суды су массалары деп атайды. Мұхит пен құрлық арасындағы жылу мен ылғалдың алмасуына беткі ағыстардың маңызы зор. Беткі ағыстардың қалыптасуының негізгі себебі жел.

Ағыстар жүйесі солтүстік-шығыс пассаттың беткі су массаларын батысқа қарай айдауынан түзілген Солтүстік пассат ағысынан басталады. Ол Оңтүстік Американың шығыс жағалауында екіге айырылып, бір тармағы Экваторлық қарсы ағысты түзіп, судың бір болігі шығысқа қарай кері қайтады. Ал Пассат ағысының екінші тармағы Кариб теңізіне жетіп су деңгейін көтереді. Осы беткі су массасы Антиль аралдарын айналып өтіп, Жердің ауытқытушы күшінің әсерінен дұние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс – Гольфстримді түзеді. Гольфстрим ағысы Солтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай, 40 с.е. дейін жетеді. Одан әрі су массаларының негізгі тармағы қоңыржай ендіктегі тұрақты соғатын батыс желдері әсерінен Солтүстік Атлант ағысына айналады. Бұл ағыс Скандинавия түбегін айналып өтіп, қоңыржай және полярлық ендіктердегі судың беткі температурасын жоғарылатады. Қоңыржай ендіктерден қайтқан су массалары  Африка жағалауларындағы тереңнен көтерілетін суық суларға қосылып Канар суық ағысын түзеді. Ол әрі қарай Солтүстік Пассат ағысына жалғасады.

Ірі су айналымы Атлант мұхитының оңтүстігінде де қалыптасады. Бұл жүйе Оңтүстік Пассат ағысы, Бразилия ағысы, Батыс желдері ағысы, Бенгел ағыстарынан құралады.

Тынық мұхитында да осындай ағыстар жүйесі қалыптасады: мұндағы Куросио ағысы Гольфстримге ұқсас, ал Солтүстік Мұхит ағысы Солтүстік Атлант ағысына, Гумбольдт немесе Перуана ағысы Бенгел ағысына ұқсас.

 Дүниежүзілік  мұхитта беткі ағыстар жылу мен ылғалдың тасымалдануы мен бөлінуіне зор ықпал етеді. Ағыстар мұхиттардың батыс бөлігінде жылы суларды полюстерге қарай бағыттап, жоғары ендіктерді жылытады, ал шығысында экватор маңына салқын суларды алып келіп, жылынуына себепші болады.


3. Меридиан мен параллель дегенмізі не?

Ғалымдар жарты шарлардың, біртұтас дүние жүзінің, жеке материктердің, мемлекеттердің, жер бетінің шағын бөліктерінің картасын жасаудың түрлі әдістерін ойлап тапқан. Бұл әдістер бәрінен бұрын меридиан және параллель сызықтарын кескіндеуден айқын көрінеді.
Меридиан бойынша тілімдердің құрастырылған Дүние жүзі картасында меридиандар – өзара тең, түзу сызықтар. Параллельдер оларға кесе - көлденең түзу сызықтар түрінде жүргізілген. Олардың ұзындықтары экватордан полюстерге қарай глобустағыдай қысқара бермейді., бір - бірімен тең қалпын сақтаған. (бұл нені көрсетеді?)
Картада меридиандардың шетіне – бойлық, параллельдердің шетіне ендік жазылып қойылады. Жарты шарлар картасында бойлық меридиандардың экватормен қиылысқан жерінде жазылады.
Глобустың және карталардың өн бойында меридиандар мен параллельдер тұрақты түрде белгілі бір градус сайын жүргізіледі. Сондықтан меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болған тор градус торы деп атайды.
Градус торын пайдаланып, картадағы нүктенің географиялық координаталарын анықтайды.

Гринвич обсерваториясы  (Ұлыбританияда) орналасқан меридиан нөлінші сағаттық белдеу  болып  табылады. Гринвич меридианындағы жергілікті  орташа  күн  уақыты  бүкіләлемдік  уақыт  ретінде  қабылданған. 1-сағаттық  белдеудің  (n=1)  орталық  меридианы  Гринвич  меридианынан 15-градус  шығысқа  қарай  орналасқан. Басқа  сағат  белдеулерінің де бастапқы меридиандары  осылай  анықталады. Ал  олардың  екі  жақ  шекаралары  мемлекеттік  және  әкімшілік  шекаралары  бойынша  немесе  табиғи  аймақтармен  (өзен,тау жоталары) бөлінген. Қазақстан  Республикасының  территориясы  арқылы  екі 4-және 5-сағаттық  белдеу   өтеді.

Бүкіләлемдік  уақытты (және  берілген  орынның  белдеуінің  реттік  санын  (n) біле  отырып,  белдеулік  уақытьтты  табу  оңай


  1. Билет  №9

1. Өзен дегеніміз не, өзеннің құрылысы қандай?
Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.

Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ, төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар, өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады. Елді мекендердің басым бөлігі өзен жағаларында орналасады. Өзендер, сондай-ақ, ауыл шаруашылығына да қолайлы. Өйткені, өзен аңғарлары мен жазықтарының топырағы өте құнарлы болады.



Шөлді аймақтардың диқандары егіндіктерін жақын маңайдағы өзендерден артық тартып суарады. Өзендерде, сондай-ақ, электр қуаты өндіріледі. Өнеркәсіп жаңадан дами бастаған өткен ғасырларда, диірмендер, ұста дүкендері мен зауыттар ағысы қатты өзендердің жағасына орналасатын. Адам су екпінінің қуатын түрлі механизімдерді жұмыс істетуге қолданды. Өзендердің көлемі мен түрі әрқалай. Бірақ олардың бәріне ортақ нәрсе - өзен атаулының бәрі биік жерден басталады. Өзен суының тасуы да табиғи жайт. Өзен тасыған кезде оның арналары эрозияға ұшырап, шөгінділері шайылып, жаңа аңғарлар пайда болады

Өзеннің негізгі бөліктері – бастауы (басталар жері) және атырауы (көлге, теңізге құяр жері). Ірі өзендердің жоғарғы, орта және төмен ағысы болады. Тікелей көлдерге, теңіздерге құятын немесе құмдар мен батпақтарға сіңетін өзендер – негізгі және оларға келіп қосылатын өзендер алғашқының салалары деп аталады. Негізгі өзен өзінің салаларымен бірігіп өзен жүйесін құрайды. Өзен жүйесі мен су жиналатын алаптан өзен алабы құралады. Екі өзен алабы суайырық арқылы ажыратылады. Өзен негізінен жер бедерінің созыңқы ойыс жерлері – өзен аңғары бойымен (неғұрлым төменірек бөлігі – арна, тасқын сулар ғана жететін жері – жайылма) ағады. Өзен Өзен дегеніміз-арна деп аталатын табиғи ойпаң арқылы ағатын су. Өзен қар суы, жаңбыр, мұздық және жер асты суларының есебінен толығып отырады. Жергілікті жер бедеріне байланысты тау өзені және жазық-дала өзені болып бөлінеді. Өзен торының жиілігі және ағысының бағыты табиғат жағдайларына байланысты. Экваторлық белдеуде және қоңыржай белдеудің таулы аудандарында суы мол өзен торы жиі орналасқан. Шөлді аймақтарда қар суы мен қатты нөсер әсерінен уақытша өзендер пайда болады. Дүние жүзіндегі ірі өзендер: Амазонка, Ніл, Миссисипи, Янцзы, т.б. Қазақстан жерінде 85 мыңнан астам өзен мен жылға бар. Оның 8 мыңға жуығының ұзындығы 10 км-ден, 155-і 100 км-ден, 4-нің (Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл) ұзындығы 1000 км-ден асады. Барлық өзендердің су қоры 110 млрд. м3, олардың ағын мөлшері 3460 м³/с. СЭС салуға болатын 2174 өзеннің жылдық су-энергетикасының жалпы қоры – 170,6 млрд. кВт/сағ. Ірі СЭС-тер Ертіс (Бұқтырма, Өскемен), Іле(Қапшағай), Сырдария (Шардара) өзендері бойында салынған. Республикадағы ірі өзендерде жолаушы, жүк тасымалданады. Су жолының жалпы ұзындығы 6000 км. Өзен – арзан энергия көзі, бағалы балық қоймасы, жайылмасы – құнарлы топырақты шалғын.


2. Көл дегеніміз не, қандай түрлері бар?

Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдер жазықтарда да, тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрл і болады. Үлкен көлдер теңіз деп аталады.
Өзендер сияқты көлдер де жаңбыр суынан қорекетенеді. Көл суы буланады және өзенге бастау болады. Көл суы ағынды және ағынсыз болады. Ағынды көлден өзен ағып шағады. Көлге тұз жинақталады, ол өзен суымен бірге ағып кетеді. Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады. Көлдің шаруашылықта пайдасы зор.

Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдер жазықтарда да, тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрл і болады. Үлкен көлдер теңіз деп аталады.


Өзендер сияқты көлдер де жаңбыр суынан қорекетенеді. Көл суы буланады және өзенге бастау болады. Көл суы ағынды және ағынсыз болады.  Ағынсыз  көлдің суы тұзды болып келеді. Ағынды көлден өзен ағып шағады. Көлге тұз жинақталады, ол өзен суымен бірге ағып кетеді. Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады. Көлдің шаруашылықта пайдасы зор.

Дүние жүзінде  ең  терең және ең таза  көл-Байкал. Тереңдігі -1637 м Арал  теңізі  бұрын  аумағы  жөнінде  дүние  жүзі  көлдердің  арасында  3-ші орын  алатын. Бұл күнде оның суы  азайып кетті.  Аралдан кейінгі  ірі  көл –Балқаш. Балқаш  көлінің  су бір жартысы  тұщы, бір жартысы тұзды болып келеді.  Көлдердің  ең  үлкені –Каспий ауданы 371000 шаршы  км


Дүние жүзіндегі аса ірі көлдер


Атауы

Ауданы, мың км²

Теңіз деңгейінен биік жатқан жері
м


Ең терең жері, м

Орналасқан жері

Каспий теңізі

376

−28

1025

Еуразия

Жоғарғы көл

82

183

393

Солтүстік Америка

Виктория

68

1134

80

Африка

Гурон

60

177

208

Солтүстік Америка

Мичиган

58

177

281

Солтүстік Америка (АҚШ)

Танганьика

34

773

1470

Африка

Байкал

32

456

1637

Азия (Ресей)

Малави

31

472

706

Африка

Үлкен Аюлы көл

30

157

137

Солтүстік Америка (Канада)

Үлкен Еріксіздер көлі

29

156

150

Солтүстік Америка (Канада)

Эри

26

174

64

Солтүстік Америка

Чад

26

281

11

Африка


3.
Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы қандай?

Атмосфера (гр. ατμός - «ауа» және гр. σφαῖρα - «шар») - жердің ауа қабығы. Атмосфера – ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүріуінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген құрамдастардың қатынасы оның радиатцияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура +15º С емес, -18ºС болар еді. Атмосфераның орташа қалыңдығы - 150 км.

Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азототтегі мен сирек кездесетін көміртегінен,аргоннансутегіденгелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді.

Атмосфера 3 қабаттан тұрады.

Тропосфера (көне грекше: τρόπος — «бұрылыс», және көне грекше: σφαῖρα - «шар») - ауаның жер бетіне жақын ең тығыз шоғырланған қабаты. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабаты. Тропосфера - бүкіл ауаның 4\5 бөлігі. Тропосферада бұлтжауын-шашынжел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады.

Тропосфераның жоғарғы шекарасы географиялық ендіктер мен жыл мезгілдері бойынша әртүрлі биіктікте орналасуы мүмкін. Орташа есеппен тропосфера полюстер үстінде 9 км-ге, қоңыржай ендіктерде 10—12 км-ге, ал экватор үстінде 15—17 км-ге дейін созылады. Тропосфераның қалыңдығы:



  1. Экваторда - 17-18 км

  2. Қоңыржай ендіктерде - 10-12 км

  3. Полюстерде - 8 км

Орташа қалыңдығы - 11 км

Тропосферада ауа температурасы шамамен әр 100 м сайын 0,6°С-қа төмендейді. Мәселен, тропосфераның жоғарғы бөлігінің орташа жылдық температурасы солтүстік полюсте — 55°С болса, экваторда бұл көрсеткіш — 70°С-қа төмендейді.

Тропосфера тропопауза деп аталатын өтпелі жұқа қабат (қалыңдығы 1—2 км) арқылы атмосфераның келесі қабаты - стратосфераға ауысады.

Стратосфера (лат. stratum - «қабатталған»)  - тропосфераның үстінен 80 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан атмосфера қабаты. Бұл қабат бүкіл атмосфера салмағының 20%-ын құрайды. Мұнда күннің ультрафиолетті сәулеленуін күшті сіңіретін озон қабатының болуына байланысты жоғарыдан келетін температураның төмендеуі тоқталады. 30 км биіктік шамасына дейін температура өзгермей 50° шамасында сақталып тұрады, ал одан әрі қарай биіктікте біртіндеп жоғарылай отырып, 60 км биіктікке барғанда тіпті 75°-қа дейін артады. Статосферада су буы және бұлт атаулы мүлдем дерлік болмайды. 1951 жылы халықаралық келісім бойынша стратосфера деп тек 40 км биіктікке дейінгі қабатты атап, ал 40-тан 80 км-ге дейінгі қабатты мезосфера (орта қабат) деп атау керектігі келісілді. Стратосферада озон қабаты түзіледі.

Мезосфера (гр. mesos — « ортаңғы» және гр. σφαῖρα — «шар») - атмосфераның 50 — 80 километр биіктіктегі ортаңғы қабаты. Стратосфера (мезосфера асты) менионосфера (мезосфера үсті) қабаттарының аралығында. Мезосферада жоғарылаған сайын температура төмендей береді: 50 километр биіктікте 70°С шамасында.[2][3]


  1. Билет  №10

1. Атмосфералық қысым дегеніміз не, қысымның өзгеруі қалай болады?

Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмосфералық қысым немесе ауа қысымы деп аталады. Ауа қысымы биіктікке сәйкес азаюы адам ағзасына үлкен әсер етеді. Адам 3000м биіктікке көтерілгенде биіктік ауруымен ауыра бастайды: тез шаршайды, басы айналады, жүрегі айниды. 4000м - дегі биіктікте қан тамырлары жарылып, мұрнынан қан кетеді, есінен танады. Оған себеп ауа қысымының жалпылама азаюына байланысты оның құрылымындағы оттегінің де қысымы азаяды. Атмосфералық қысым барометр деп аталатын құралмен өлшенеді (грекше барос - салмақ, метрео - өлшеймін ). Барометрдің екі түрі бар - сынап барометрі және анероид барометр қолданады (грекше анероид – ылғалсыз).
Сынап барометрі қысымды тұрақты жағдайда өлшеу үшін қолданылады. Оны бір жерден екінші жерге алып жүру қолайсыз. Сондықтан экспедицияға, топ серуенге, туристік жорықтарға шыққанда ауа қысымын өлшеуге анероид барометрі қолданылады.

Атмосфераның өзі газ екені мәлім. Оның құрамында оттегі, азот, көмірқышқыл газы және т.б. бар. Бұл газдардан басқа атмосферада өзендер, теңіздер мен мұхиттар бетінен судың булануы кезінде түзілетін су буы болады. Оның мөлшері жыл мезгіліне, температураға, желдің бағытына байланысты өзгеріп отырады. Су буының конденсациялануы нәтижесінде атмосферада бұлт түзіледі және жауын-шашын болады, тұман пайда болады. Атмосфераның құрылымы өте күрделі.



Оның негізгі қабаттары тропосферастратосфера , мезосфера және термосфера деп бөлінеді (1-сурет). Газдар сығылғыш болғандықтан, Жер бетіне жақын ауа қабаттарын оның үстіңгі жағындағы ауа қабаттары басып тұрады. Соның салдарынан атмосфера Жердің бетінде неғұрлым тығыз келеді. Ал ауа қабаты Жер бетінен неғұрлым жоғарылаған сайын нашар сығылады. Сол себепті оның тығыздығы кеми береді. Мысалы, ауа шары Жер бетінен жоғары көтерілген сайын оған түсетін ауа қысымы азаяды. Өйткені, шардың үстіңгі жағындағы ауа бағанының биіктігі кемиді, сонымен бірге ауаның тығыздығы да барған сайын азая береді. Ауа қысымының биіктікке тәуелді болатыны осыдан. Бақылауларға қарағанда теңіз деңгейінде жатқан жерлерде атмосфералық қысым орта есеппен 760 мм сын. бағанына тең. Биіктігі 760 мм сынап бағанының қысымына тең, 0°С температурадағы атмосфералық қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады.
Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сын.бағ. =101325Па= =1013 гПа=100 кПа=105 Па.
Егер біз ұшақпен жоғары көтерілсек немесе төмен шахтаға түссек, құлағымыз бітіп қалатынын сезінеміз. Бұл атмосфералық қысымның биіктік пен тереңдікке байланысты өзгеріп отыратынын көрсетеді.
2. Амплитуда дегеніміз не? Тәуліктік, айлық, жылдық амплитудаға мысал келтір?

Амплитуда (лат. amplіtudo - шама) - белгілі бір заңдылықпен ауытқитын шаманың өзінің орташа мәнінен не шартты түрде алынған “нөлдік мәнінен” ең үлкен ауытқуы. Мысалы, маятниктің тепе-теңдік қалпынан ауытқуы, айнымалы электр тогының электр күші мен кернеу мәндерінің ауытқуы амплитудаға жатады. Гармониялық тербелісте амплитуда - тұрақты шама.[1]

Амплитуда - географияда - метеорологиялық және гидрологиялық элементтер сипаттарының белгілі бір кезендегі ең көп және ең аз шамалары арасындағы айырма (мысалы, жылдық ағынныңтәуліктік қысым мен температураның ең көп және ең аз көрсет - кіштерінің арасындағы айырмалар); тәуліктік, жылдық, көп жылдык болып бөлінеді.  Ауа температурасының тәуліктік ауытқуының маңызы.
Амплитуда – латын тілінен аударғанда кеңдік, жайылушылық деген мағына береді. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температуралар айырмасын тәуліктік температура амплитудасы дейді. 
Мысалы: сағ 1 де +5 0С, 7 де -20С, 13 те +100С, 19да +90С, тәуліктік амплитуда:
(+100С) - (-20С) = 12 ге тең.
Температураның тәулік ішінде өзгеруі жердің өз білігінен айналуына, соған сәйкес күн сәулесінің түсу мөлшерінің өзгеруіне байланысты болады. 
Тәулік ішіндегі ауа температурасының ауытқуы қысқа қарағанда жазда үлкен. Неғұрлым төмен ендіктерден жоғарғы ендіктерге барған сайын температураның тәуліктік амплитудасының мөлшері азая береді.
3. Күзгі және көктемгі теңелу дегеніміз не, түсіндір?

22 маусым – солтүстік жартышарда 23,5°с.е параллельден Күн тік түсіп  күннің ең көп ұзаратын уақыты – жазғы күн тоқырауы деп аталыды. 66,5°ендіктен солтүстік полюске дейінгі полярлық аймақта тәулік бойы Күн батпайды ол – полярлық күн деп аталады.  Ал оңтүстік жарты шарда керісінше 66,5°ендіктен оңтүстік полюске дейін Күн шықпайды – полярлық түн  болады. 23 қыркүйекте тал түсте Күннің экваторда тас төбеден түсіп, солтүстік және оңтүстік жарты шарға күннің жылуы мен жарығы тең бөлінетін құбылысты күзгі күннің теңелуі деп атайды. 22 желтоқсанда оңтүстік жарты шарда күннің ұзаруы, солтүстік жарты шарда қысқаруы тоқтайды, бұл – қысқы күн тоқырауы деп аталады. Полярлық күн мен полярлық түннің полюс жағынан таралуын шектейтін 66,5° ендік параллельді полярлық шеңбер деп атайды. 21 наурызда бүкіл планетада күн мен түн қайтадан теңеліп Күн тал түсте экваторда қақ төбедеден түсетін уақыт – көктемгі күн теңелу деп аталады. 

  1. Билет  №11

1. Жауын-шашынның түрлері?

Атмосфералық жауын-шашын  ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетінебұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршық қар, қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шық, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь). Бұлттардан бөлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; мұнда 12 600 лшге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер болады.
Қазақстанда А. ж.-ш-ның ең көп жауатын өңірі – Алтай тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында байқалады.


2. Жел, негізгі түрлері?

Атмосфералық қысымның айырмашылығы ауаның қозғалуына себепші болады. Ауаның ендік бағыттағы қозғалыстарын жел деп атайтынын білесіңдер. Жел жылдамдығы м/с-пен белгіленеді, оны елшейтін құралды анемометр деп атайды. Жел жылдамдығын 12 балдық арнайы Бофорт шкаласымен де аныктайды. Мұндағы 0 балл желсіз тымықты білдірсе, 12 балмен жылдамдығы 30 м/с-тан жоғары болатын апатты дауылдарды белгілейді.

Жел жылдамдығымен қатар, оның бағытын да білудің маңызы зор. Жел бағытын оның соғып тұрған жағының бағытымен анықтайды. Осыған сәйкес, көкжиектің 8 негізгі бағытын (румб) ажыратады: солтүстік (С), солтүстік-шығыс (СШ), шығыс (Ш), оңтүстік-шығыс (ОШ), оңтүстік (О), оңтүстік-батыс (ОБ), батыс (Б), солтүстік-батыс (СБ). Кез келген аудандағы белгілі бір мерзім ішінде жел бағыттары мен қайталануын жел өрнегі деп аталатын сызба күйінде көрсетуге болады. Жел бағытын анықтайтын құралды флюгер деп атайтынын білесіндер (оның құрылысын естеріңе түсіріддер).

Желдерді жергілікті желдер, атмосфераның жалпы циркуляциясына енетін желдер, жоғары және төмен қысымды орталықтардан соғатын желдер деп жалпы үш топқа бөледі. Жергілікті желдер қатарына бриздер, тау-аңғарлың желдер, фендер, боралар, сирокко, самум және т.б. жатады.



Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады. Ауа қысымы уақыт пен кеңістікте тұрақты болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны градуспен немесе румбымен (16 румбылық жүйемен), ал жылдамдығын – м/с, км/сағ, узелмен немесе балмен (Бофорт шкаласы бойынша) өрнектейді. Биіктікке көтерілген сайын үйкеліс күшінің азаюына байланысты жел қуаты өзгереді, сонымен қатар ол градиенттердің өзгеруіне де тәуелді болады. Жел үлкен аумақты қамти отырып, көлемді ауа ағындарын (муссондар, пассаттар, т.б.) туғызады, осыдан жергілікті және жалпы атмосфералық айналым пайда болады. Қазақстанның барлық өңірінде (әсіресе, жазық жерлерде) күшті желдер жиі болып тұрады, оның максимумы қыс айларына (40 – 45 м/с) және көктем мен күзге (20 – 35 м/с) келеді. Өте күшті желдер Каспий жағалауы және биік тау асулары мен аңғарларында байқалады. Дүниежүзілік желдер жіктеліміне Қазақстан аумағында тұрақты соғатын 23 жел тіркелген. Оларды Қазақстан бойынша мынадай аймақтарға бөледі: ашық далада (Жосалы, Сілеті, т.б.); шөл және шөлейт, үлкен ашық су қоймалары төңірегінде (Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл көлдері, т.б.); тау аңғарларында және тау аралық өңірлерде («Жетісу қақпасы», «Шілік аңғары», «Жаңғызтөбе», «Қордай», т.б.); орташа биіктіктегі таулар мен қырқаларда («Ерейментау», «Ұлытау», «Қарқаралы», «Мұғалжар», т.б.) соғатын желдер. Жел арзан электр энергиясын өндіру, құдықтан су тарту, диірмен айналдыру, егін суару, т.б. үшін пайдаланылады.[2]Жел Жел-ауаның горизонталь бағытта қозғалуы. Желдің пайда болуы-қысым айырмашылығына байланысты. Желдің бағытын өлшейтін құрал-флюгер жел бағар Желдің жылдамдығын өлшейтін құрал-анемометр Желдің күшін 12балмен есептейді. Жылдамдығы-1м\с Бриз-французша-жеңіл жел, тәулік ішінде соғатын жел, күндіз құрлықтан теңізге, түнде теңізден құрлыққа қарай соғады. Муссон-арабша-маусым, қыста құрлықтан теңізге қарай, жазда теңізден құрлыққа қарай соғады. Тұрақты желдер-Пассат, Батыс желдер. Пассат дегеніміз-тропиктік ендіктен экваторға қарай соғатын жел. Батыс желдері-оңтүстік тропиктен қоңыржай ендіктерге қарай соғады. Көгілдір отын-желдің энергиясы.

3. Ауа массасы дегеніміз не? Оның қасиеттері?

 Ауа массалары дегеніміз не?
 Белгілі бір жерде ұзақ тұрақтаған ауа сол жерге тән өзіндік қасиеттерге (температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі) ие болады. Осындай біртекті қасиеттері бар, үлкен көлемдегі ауаның жиынтығын ауа массалары деп атайды.
Сұрақ: Ауа массаларының қандай түрлері бар?

Ауа массалары мұхиттық және континенттік болып жіктеледі. Мұхиттық ауа массалары континенттік ауа массаларымен салыстырғанда жазда салқын, қыста жылырақ болып келеді және жыл бойы ылғалды болады. Ал континенттік ауа массалары ылғалы аз, шаң-тозаңды, жазда ыстық болуымен ерекшеленеді. Қыста қоңыржай ендіктердегі континенттік ауа массалары қатты салқындайды.
Ауа массаларының горизонталь бағытта орын алмастыруын жел деп атайды. Тұрақты, яғни әрқашан бір бағытта соғатын желдер жоғарғы және төменгі қысым белдеулерінің орналасуына баланысты пайда болады.
Экватор маңында төменгі қысым белдеуі қалыптасқан, ал 30-шы ендіктерде жоғарғы қысым, сондықтан да жел Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеуден экваторға қарай соғады. Бұл желдер пассаттар деп аталады. Жердің өз білігінен айналуы салдарынан пассаттар бағытынан ауытқиды. Солтүстік жарты шар пассаттары солтүстік- шығыстан оңтүстік-батысқа қарай, ал оңтүстік жарты шар пассаттары солтүстік батысқа соғады.
Тұрақты желдер тропиктердегі жоғарғы қысым белдеулерінен қоңыржай ендіктердегі төмен қысымды белдеулерге (65 с.е. пен 65 о.е) қарай да соғады. Жердің өз білігінен айналуы әсерінен бұл желдер солтүстік жарты шарда оңға, ал оңтүстік жарты шарда-солға қарай ауытқып, батыс желдерін, яғни батыстан шығысқа қарай бағытталған тұрақты ауа ағынын қалыптастырады.
Климаттық жағдайлардың қалыптасуын географиялық ендік пен Күннің көкжиектен биіктігі ғана емес, ауа массаларының қозғалыстары да анықтайды.
Жер шарының кейбір аудандарында жауын-шашын шамадан тыс мол түссе, кей жерлерде оның мөлшері мүлде мардымсыз. Жауын-шашынның бұлай әркелкі тарадуы жоғарғы және  төменгі қысымдыбелдеулердің орналасуымен түсіндіріледі.
Экваторда ғана емес, барлық төменгі қысымды аудандарда жауын-шашын мол түседі. Керсінше, жоғарғы қысымды белдеулерде ылғалы аз, суық ауа ағындары төмен қарай бағытталады. Төмендеген сайын бұл ауа өзгеріп, қызу нәтижесінде құрғайды. Сондықтан жоғарғы қысымды аймақтарда жауын –шашын тмөлшері аз болады. Жер бетінде басым желдердің бағыты, жауын-шашынның таралуы менмөлшері атмосфералыққысым белдеулерінің орналасуына тәуелді болады.
Жауын-шашынның таралуына географиялық ендік те әсер етеді:
Күн сәулесі неғұрлым аз түссе, жауын-шашын да соғұрлым аз жауады.


  1. Билет  №12

1. Жел өрнегін сызу?

Жел — ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы

Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады. Ауа қысымы уақыт пен кеңістікте тұрақты болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны градуспен немесе румбымен (16 румбылық жүйемен), ал жылдамдығын – м/с, км/сағ, узелмен немесе балмен (Бофорт шкаласы бойынша) өрнектейді. 




2. Абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз не?

Абсолюттік ауа ылғалдылығы - 1м3 ауадағы су буының мөлшері

Ылғалдылық қатты денедегі, ұнтақ заттағы, газдағы ылғал мөлшері. Абсолюттік ылғалдылық — материалдардың құрғақ бөлегі массасының өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері. Салыстырмалы ылғалдық материал массасының бір өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері. Кеннің ылғалдылығы байыту фабрикаларындағы жұмыс процестеріне елеулі әсер етеді. Магнитті және электрлі байытуда ылғалдық белгілі мөлшерден аспауы қажет. Металлургиялық зауыттарға жөнелтілетін концентраттардың ылғалдығы тиісті талаптарға сай болуға тиіс.

Салыстырмалы ылғалдылық — белгілі бір температурада ауадағы су буларының нақты мөлшерінің (серпімділігінің) осы температурада болуы мүмкін су буы мөлшеріне (қаныққан будың серпімділігіне) пайыз есебімен алынған қатынасы.[1] Салыстырмалы ылғалдылық ауаның су буларымен қанығу мөлшерін көрсетеді. Ауа су буларымен қаныққанда cалыстырмалы ылғалдылық 100% құрайды.
3. Климат құрушы факторлар?

Атмосфералық қысым, температура, жауын- шашын, жел, бұлтылық, ылғалдылық т.б

Климат қалыптастыушы факторлар - 3-ке бөлінеді. Олар: күн радиациясыатмосфералық циркуляцияжер бедері төсеніштері.

Ауа райының көп жылдар бойы кайталанып отыратын белгілі бір типтерін климат деп атайтынын білесіңдер. Климаттың пайда болуы оның себептеріне байланысты. Оларды климат құрушы факторлар деп атайды.

Климатқа әсер ететін жердің төсеніш беті (жер бедері, қар, су, топырақ пен өсімдік жамылғысы) туралы климат элементтеріне сипаттама беру кезінде айтылады.






























  1. Билет  №13

1. Биосфера туралы ұғым?

Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.[1]

Биосфера - жердің тіршілік қабаты. Географиялық қабық - литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875ж Зюсс енгізді. Биогеография - организмнің географиялық таралу заңдылықтарын зерттейді. Биоценоз-өсімдіктер мен жануарлардың майда ағзалардың бірлестігі. Географиялық қабық- жекелеген табиғат кешенінен тұрады. Табиғат кешені-табиғат компоненттерінің ұштасуы. Табиғат компоненттеріне топырақ, өсімдік, жануар т.б жатады. Ең ірі табиғат кешені-географиялық қабық немесе материктер мен мұхиттар. Табиғат зонасы-температурасы,жауын-шашыны, өсімдігі, жануары, топырағы өзара ұқсас ірі табиғат кешені. Табиғат зонасы 2 бағытта өзгереді: 1.Ендік зоналылық-табиғат зонасының ендік бағытта экватордан полюстерге қарай алмасып келуі. 2. Биіктік белдеулік-табиғат зоналарының тауларда биіктікке байланысты ауысып келуі. Биіктік белдеулерінің саны таулардың географиялық орнына және биіктігіне байланысты. Бір ендікте жатқан табиғат зонасының әр түрлі болуы мұхиттың алыс-қашықтығына жер бедеріне байланысты. Табиғат зонасы 2-ге бөлінеді: Өтпелі зона-орманды тундра, орманды дала, шөлейт, саванна. Тундра-субарктикалық белдеуде-мүк пен қына басым өскен, топырағы сазды, батпақты болып келеді. Орманды тундра-мүк пен қына қисық бұталы ағаштар өседі. Тайга-қылқан жапырақты орман зонасы,өсімдіктер:қарағай, шырша, самырсын. Дала-шөп басқан ағашсыз жазық жерлер. Шөлейт-дала мен шөлдің арасындағы өтпелі зона. Саванна-әр жерінде жеке немесе шоқ-шоқ бұталы ағаштар өсетін биік шөп басқан табиғат зонасы. Табиғат зонасының ауысып келуі климаттық белдеулермен сәйкес келеді. Арктикалық климаттық белдеу-арктикалық шөл мәңгі мұз басқан. Субэкваторлық климаттық белдеу-саванна Тропиктік климаттық белдеу-шөл Экваторлық климаттық белдеуде мәңгі жасыл ылғалды экваторлық ормандар. Географиялық қабықтағы ырғақтылық-күн мен түннің ауысуы. Географиялық қабықтағы заңдылық тұтастығы. Ырғақтылық заңдылығы-белгілі бір құбылыстардың уақыт ішінде қайталанып отыруы. Табиғат кешенінде жүретін үрдістер жылу мен ылғалға тәуелді.

Биосфера — тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. Жер бетінен 10—15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2— 3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Аустрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50% -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

Биосфераның бөлімдері:



  1. Тропосфера

  2. Гидросфера

  3. Литосфера

  4. Ноосфера


2. Гидросфера туралы ұғым?

Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жербетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Гидро-су, сфера-шар Су 3 күйде болады: сұйық, қатты, газ Гидросферадағы барлық судың мөлшері-1,6 млрд км куб, мұхит теңіз сулары-96,5 %, тұщы су-2,5% Жер бетінің 3\4 бөлігін д.ж мұхит суы алып жатыр. Су айналымы 2-ге бөлінеді. 1.Кіші су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан мұхитқа қайтып қосылуы. 2.Үлкен су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа қайтып қосылуы. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері: 1.Теңіз-мұхит суының қасиетімен жануарлар дүниесі ерекше болып келетін бөлігі. 2.Шығанақ-мұхиттың құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі. 3.Бұғаз-екі жағы құрлықпен шектескен енсіз су айдыны. Теңізер арал, су асты жоталары, түбектер арқылы бөлініп тұрады. Теңіздер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі теңіздер тек Еуразияда кездеседі:Жерорта, Қара, Азов,Каспий, Арал теңіздер Ең терең теңіз-Филиппин Ең үлкен шығанақ-Гвинея шығанағы. Д.ж ең үлкен бұғаз-Дрейк бұғазы, ені-5248км Ең ұзын бұғаз-Мозамбик, ұзындығы-1670км, ені-950км Мұхит суының қасиетіне тұздылығы мен температурасы жатады. Судың температурасы географиялық ендікке, тереңдікке байланысты өзгереді. Д.ж мұхит суының орташа температурасы-17,4 градус Жердегі жылу жинақтаушы-Мұхит Мұхит суының қату температурасы- -2 градус Тұздылықтың өлшем бірлігі-промилле Судың тұздылығы дегеніміз-бір литр суда еріген әр түрлі заттардың граммен алынған мөлшері. Д.ж мұхит суының орташа тұздылығы- 35 промилле Д.ж ең тұзды теңіз- Қызыл теңіз 41 промилле Өлі теңіздің тұздылығы-270 промилле Тереңдікті өлшейтін құрал-эколот Тереңдікті дыбыстың көмегімен өлшейді. Дыбыс бір секундта 1500м жетеді. Д.ж мұхит суының тереңдігі-3700м 20 ғасырдың 20-шы жылдарына дейін тереңдікті өлшейтін құрал-қарапайым лот Д.ж ең терең шұңғыма- Мариан 11022м Мұхиттағы тіршіліктің таралуы 3-ке бөлінеді: 1.Планктон-грекше-кезеген ағысқа қарсы келе алмайтын өте ұсақ микроорганизмдер мен балдырлар Киттер қоректенеді-планктон 2.Нектон-грекше-қалдық мұхиттың негізгі бөлігінде өмір сүретін балықтар, жыландар, тасбақалар 3.Бентос- грекше-тереңдік теңіз шаяндары, маржандар, балдырлар. Теңіз сүтқоректілері-дельфиндер, киттер Тіршілікке бай тереңдік-200метр Тіршілікке бай аудан-қоңыржай ендік. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады.[1] Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді;
2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы — 11022 м).

3. Тірі организмдердің Жер қабығына тигізетін әсері?

Тірі ағзалар литосфераның беткі қабатын күрделі өзгерістерге ұшыратады. Олар тау жыныстарының үгілуіне қатынасады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары жер қыртысындағы органикалық тау жыныстарын түзеді. Өз кезегінде литосфералық заттар ағзалардың денесін құрайды. Ағзалар үшін литосфераның беткі қабаты тіршілік ортасы болып табылады. Атмосфера мен литосфера тығыз байланысты жағдайда болады. Атмосфера жер бетіне түскен күн сәулелерінен жылынатынын білесіңдер. Одан тропосферадағы ауа температурасының биіктік бойынша өзгеру заңдылығы туады. Жер бетінен көтерілген шаң-тозаң ауаның мөлдірлігіне, сол арқылы атмосфераның жер бетіне таяу қабатының жылыну жағдайына ықпал жасайды. Ауаға көтерілген ұсақ түйіршіктердің төңірегіне су булары қоюланып, бұлт үйіріледі, т.с.с. Біз жоғарыда әр түрлі жер қабықтарының арасындағы әрекеттестікті саралап қарастырдық. Шынында мұндай байланыстар тек екі жақты ғана емес, көп жақты түрде жүреді. Атмосфера, литосфера және гидросфераның тоғысын, бір-біріне әсер етуінің нәтижесінде Жердің ерекше қабығы – географиялық қабық түзілді. Географиялық қабық Жерде тіршіліктің пайда болуына және дамуына қажетті жағдай тудырды. Жердің дамуының қазіргі кезеңінде тіршілік жеке биосфера қабығын құрайтын дәрежеге жетті. Сонымен, географиялық қабыққа литосфераның басқа қабықтардың әсерінен өзгерген жоғары бөлігі, атмосфераның төменгі қабаты, бүкіл гидросфера және биосфера жатады. Географиялық қабыққа тән болып келетін бірнеше ерекшелік бар. Олар төмендегіше: 1. Жер қабықтарының әрқайсысы бір ғана заттан (атмосфера-ауадан, гидросфера-судан, литосфера-тау жыныстарынан, биосфера-тірі ағзалардан) тұрады. Ал географиялық қабықтың заттық құрамы күрделі. Оған аталған заттардың бәрі де кіреді. Сондықтан ол кешенді сипатқа ие болады. 2. Ағзалар тек қана географиялық қабықта тіршілік етеді. Атмосфераның жоғарғы қабаты мен литосфераның терең қойнауына тіршілік таралмайды. 3. Жерге күн сәулесімен келетін жылу түгелдей дерлік географиялық қабыққа шоғырланады. Оған жылу мөлшерінің белдеулер түрінде таралуы сипатты. Атмосфераның жоғарғы қабатында немесе литосфераның терең бөлігінде жылу бұлайша белдеулік заңдылықпен таралмайды. 4. Географиялық қабық құрамды болғанымен, біртұтас дүние. Оның құрамына кіретін Жер қабықтарының бірінің өзгерісі басқаларының да өзгерісін тудырады. Мысалы, жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы атмосфера, гидросфера және литосфераға қандай өзгерістер енгізгенін сендер білесіңдер. Табиғат компоненттерінің арасындағы байланыс 2.Географиялық қабық тау жыныстарынан, ауадан, судан, топырақтан, өсімдіктер мен жануарлардан тұрады. Географиялық қабықтың бұл құрамдас бөліктері табиғат компоненттері немесе географиялық компоненттер деп аталады (латынша компонент-құраушы). Кез келген аумақтың табиғат компоненттерінің жиынтығы біртұтас жүйе құрайды. Ол жүйе табиғат кешені немесе географиялық кешен деп аталады. Табиғат кешенін құрайтын жеке компоненттер бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың біреуінің өзгерісі міндетті түрде басқаларының өзгерісін туғызады. Мысал үшін құмды шөл табиғат кешенін көөз алдарыңа келтіріңдер. Сусыған құм, тікенекті сирек өсімдік, құмға бейімделген жануарлар. Енді осы табиғат кешенінің өзен суын бұрып, канал жүргізгеннен кейінгі өзгерісін байқайық. Каналдың сіңген суы маңайындағы жер асты суының деңгейін көтергендіктен, сор және көлшіктер пайда болады. Каналдың жағалауында, көлшіктердің төңірегінде қамыс, қоға, талдан тұратын тоғайлар өседі. Түрлі құмды шөл жануарларының орнын тоғай жануарлары басады. Ылғал және өсімдік сипатының өзгерісіне сәйкес сусыма құмның орнына жайылма топорағы қалыптасады. Жергілікті климат жағдайларында да өзгеріс байқалады. Сулы жерде ауаның ылғалы көбейіп, аптап ыстық бәсеңдейді. Жер шарындағы ең үлкен табиғат кешені (ең күрделі жүйе) – географиялық қабық. Географиялық қабық бірінен-бірі туындайтын табиғат кешендері жүйесінен тұрады.Жер бетіндегі географиялық қабықтан кейінгі табиғат кешені- материк пен мұхит. Мұхитқа қарағанда құрлық бетіндегі табиғат кешендері айқын көрінеді.


  1. Билет  №14

1. Тірі организмдер мұхитқа қалай әсер етеді?

Тірі организмдер бүкіл Мұхит қабаттарында тіршілік етеді. Органикалық дүниесі бентос (түпкі тұрғындар), планктон (пассивті жүзушілер) және нектонға (активті жүзушілер) бөлінеді. Өсімдік дүниесінің 10 мың түрі бар, олар, негізінен, жарық жақсы түсетін 200 – 300 м тереңдіктегі қабаттарда таралған. Жануарлар дүниесі түрлерінің саны 150 мыңдай. Мұхитта планетадағы тіршілік иелерінің 4/5-і мекендейді. Түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге және тереңдікке қарай кеми береді. Мұхит құрамында белок мөлшері көп азық-түлік өнімдерінің (балықмоллюскілер, бақалшақтар, сүт қоректілербалдырлар, т.б.) маңызды көзі, ол адамдарға қажетті белоктың 20%-ын береді.



Теңіз – мұхит айдынынан құрлықпен немесе су асты жоталарымен бөлінген және одан гидрологиялықметеорологиялық, климаттық режимдерімен ерекшеленетін дүниежүзілік мұхит бөлігі. Теңіздің ашық мұхиттан шеткері орналасуы оның климатына әсер етіп, су алмасуын баяулатады. Теңіз құрлықпен неғұрлым тұйықтала түссе, онда оның су режиміндегі мұхиттан айырмашылығы соғұрлым арта түседі. Теңіз деп шартты түрде мұхиттың ашық бөліктері де аталады; мысалы, Атлант мұхитыныңСаргасс теңізі және Үнді мұхитының Арабия теңізі. Кейбір көлдер – КаспийАралӨлі теңіз – теңіз, ал кейбір теңіздер шығанақ (Мексика, Гудзон, Парсы) болып саналады. Оқшаулануы мен гидрологиялық режимінің ерекшеліктеріне қарай теңіз үш топқа [ішкі (жерорталық теңіздер мен жартылай тұйық теңіздер), шеткі аралдар және аралық теңіздер] бөлінеді. Геологиялық тұрғыдан теңіз палеоген-неоген және антропогенде қалыптасып біткен. Неғұрлым терең теңіздер Жер қыртысының аумақты жарылымдарының орнында (мысалы, Жерорта теңізі) пайда болады. Дүниежүзілік мұхит суының құрлықтың жағалық бөлігін басуынан құрлықтық қайраңда шағын теңіздер қалыптасады. Теңіздің құрлықтан қашық не жақын жатуы климатының континенттілігінің артуына немесе кемуіне және температурасының маусымдық ауытқуына әсер етеді. Географиялық орнына қарай кейбір теңіз суының беткі және терең қабаттары көршілес мұхиттың ашық бөлігіне қарағанда жылырақ (мысалы, Қызыл теңіз), кейбірі суығырақ (мысалы, Охота теңізі) келеді. Теңіз суының тұздылығы тұщы судың кірісі (өзен ағыны, жауын-шашын, мұздың еруі) мен шығысының (булану, мұз қалыптасу) арасындағы айырмашылыққа байланысты ауытқып отырады. Балтық теңізінің ашық бөлігінің тұздылығы – 6,0 – 8,0‰ болса, Қызыл теңізде бұл көрсеткіш 41,5‰-ге дейін көтеріледі. Теңізде температура мен тұздылық көрсеткіштерінің шеткі мөлшерлері таралуына орай суының тығыздығы да дүниежүзілік мұхит үшін шеткі мағыналы көрсеткішке ие болады. Мысалы, Балтық теңізінің г/см3-ге тең. Мұхиттың ашық бөлігінен теңіз суы тығыздығының өзгешелігі – буының маусымдық ауытқып отыруында. Мұз қабаты негізінен полюстік және қоңыржай ендік теңіздерінде ғана қалыптасады. Теңіздің органикалық дүниесі мұхиттың ашық бөлігіндегі органикалық дүниеге қарағанда бай және көбіне өзіндік түрлер (эндемиктер) басым тараған.г/см3-ге тең болса, Қызыл теңізде 1,0287тығыздығы 1,01
2. Топырақ, топырақтың түрлері?

Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты.Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.

Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды.


3. Географиялық қабық дегеніміз не?

Географиялық қабық ландшафттық қабық, эпигеосфера — атмосфералитосферагидросфера және биосфера қабаттарының бір-бірімен тығыз байланыста болатын ортасы, яғни адамзаттың іс-әрекеті өтетін жердің беткі (жоғарғы) қабығы.

Географиялық қабықтың негізгі ерекшелігі — мұнда заттар үш агрегаттық күйде (қаттысұйық және газ) болады. Екінші ерекшелігі — географиялық қабықтың бір-бірімен тығыз байланыста болатын орталығында (ядросында) органикалық өмір пайда болуы. Бүкіл органикалық өмір өзінің әр алуан көрінісі арқылы литосфераның бірнеше жүздеген метрінен бастап, 4 — 5 км тереңдікке дейін (гипергенез қабатына дейін) және ауа ағындары арқылы стратосфераның төменгі қабатына (озоносфера қабатына дейін) дейін таралады. Құрлықтағы географиялық қабықтың төменгі шекарасы жер бетінен 30 — 40 км тереңдікте, ал тау сілемдерінде 70 — 80 км тереңдікке жетеді.Дүниежүзілік мұхиттардағы географиялық қабықтың төменгі шекарасы 5—8 км тереңдікте, яғни жер бетіне жақын орналасқан. Географиялық қабықты түзуші компоненттерге (құрамдарына) тау жыныстары, ауа массасы, топырақ жамылғысы, су көзі және биоценоздар, полюстік ендіктердегі мұздықтар жатады; негізгі энергетикалық құраушыларына гравитациялық энергия, планетаның ішкі (эндогенді) жылуы, күннің сәулелі (радиациялық) энергиясы және ғарыштық энергия жатады. Географиялық қабықтың негізгі ерекшелігі — оның біртұтастығы. Қабықтың құрамдас бөліктері арасында үнемі зат пен энергия айналымы болатындықтан, біреуінің өзгеруі міндетті түрде басқаларын да өзгеріске ұшыратады. Екінші ерекшелігі — зат және сонымен байланысты энергия айналымы, табиғи процестер мен құбылыстардың қайталанып отыруы. Мұнда айналымдардың күрделілігі әрқалай: бірі механикалық қозғалыстар (атмосфера циркуляциясы, теңіз ағындары), екіншісі, заттың агрегаттық күйінің өзгеруі (жердегі ылғал айналымы), үшіншісі химиялық трансформация (биологиялық айналым).

Айналымдар нәтижесінде жер бетінде жыл мезгілдері қайталанып отырады. Айналымдарды негізінен астрономиялық және геологиялық факторлар тудырады. Біріне-бірі қарама-қайшы эндогендік және экзогендік күштердің нәтижесінде географиялық қабық үнемі дамуда болады. Дамудың нәтижесінде жер беті мен теңіз, мұхит түбі аумақтық жіктеуге ұшырайды. Құрлықтағы жіктелудің салдарынан географиялық белдемдер пайда болады. Кеңістікте географиялық құрылымның өзгеруінен ландшафттар мен геокешендер түзіледі. Географиялық қабық ұғымын алғаш рет 1910 ж. орыс метеорологы П.И. Броунов, ал географиялық қабық терминін 1932 ж. орыс географы, акад. А.А. Григорьев енгізді.[1][2][3]

Географиялық қабық екі маңызды қасиеттердің диалектикалық бірлігімен сипатталады: үздіксіздік (континуальдық) және іркілістік (дискреттік). Үздіксіздік географиялық қабықтың кеңістіктегі таралуының тұтастығымен, ал іркілістік - оның жеке геожүйелерге бекінуімен сипатталады.




  1. Билет  №15

1. Табиғат кешені дегеніміз не, мысал келтір?

Табиғат кешені дегеніміз өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі.  Ең ірі табиғат кешені географиялық қабық деп аталады. Географиялық қабық дегеніміз- литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі такбиғат кешені.

Географиялық қабықтың құрылымы мен дамуында өзіндік заңдылықтар бар. Бұлар бүкіл географиялық қабыққа да, оның жекелеген компоненттері мен шағын көлемді табиғат кешендеріне де ортақ болып келеді. Осы заңдылықтарды білу айнала қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей байлықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
2. Географиялық белдеулер дегеніміз не?

Физикалық-географиялық белдеулер, табиғи белдеулергеографиялық белдеулер — физикалық-географиялық аудандастырудың жоғары таксономиялық бірліктері, жылу теңдестігі бойынша азды-көпті ұқсас бірнеше географиялық ауданнан құралады.

В.В.Докучаевтің "жаратылыстық" тарихи аймақтар ұғымына белгілі бір шамада сәйкеседі. Әрбір белдеуге жылулық теңдестіктің көрсеткіштері, ауа массаларыайналымының ортақ ерекшеліктері, заттектер айналымының жылдамдығы мен мөлшерлерітопырақ пен өсімдік жамылғысының құрамы, жануарлар дүниесі тән.Арктикалықсубарктикалық, екі (Солтүстік және Оңтүстік жартышарларда) қоңыржай, екі субтропиктік, екі тропиктіксубантарктикалық және антарктикалық белдеулерболып сараланады.



Жер шарында климат жағдайларының экватордан полюстерге қарай өзгеруі бүкіл табиғат кешенінің ендік зоналар бойынша өзгерісін тудырады. Зоналық заңдылық – табиғат кешенінің барлық компаненттеріне тән құбылыс. 
Табиғат кешенінің ендік бойынша өзгеруінен географиялық қабық географиялық белдеулер мен зоналарға бөлінеді. 
Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келеді және солардың атымен аталады. Әр географиялық белдеу климат жағдайларының тұтастығымен ерекшеленеді. Молтүстік және оңтүстік жарты шарлардың әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеулерге бөлінеді. Олар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай және полярлық белдеулер. 
Негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатыр. Өтпелі белдеулерге «Суб» (лат. – кіші, таяу) деген сөз қосылып айтылады. 
Субэкваторлық – экваторлық пен тропиктік белдеулердің; субторпиктік- тропиктік пен қоңыржай белдеулердің; субполярлық – қоңыржай мен полярлық белдеулердің аралығын бөледі. 
Әр географиялық белдеу географиялық зоналар жиынтығынан тұрады. Зоналар ондағы басым өсімдік жамылғысының атымен аталады. 
Экваторлық белдеу.Экватордың екі жағын бойлап созылып жатады. Белдеудің климат жағдайлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл жыл бойы біркелкі таралуымен ерекшеленеді. 

Жазда да, қыста да температура үнемі жоғары, яғни 25-30ºС. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі таралады (жылына 2000-3000мм-ден, тауларда 10000 мм-ге дейін). Күн сайын, әдетте, түстен кейін нөсер жаңбыр құйып өтеді. Жылу мен ылғалдың молдығы өсімдіктердің қаулап өсіп, сан алуан жануарлардың мекендеуіне қолайлы. Белдеудің көп жерін экваторлық ұдайы ылғалды, мәңгі жасыл ормандар зонасы алып жатыр. 
Субэкваторлық белдеу. Экваторлық ауаны қыста тропиктік ауа ауыстыратын өңірде жыл он екі маусымға, яғни жаңбырлы жаз бен құрғақ жылы қыс маусымдарына бөледі. Белдеудің құрғақ маусым 2-3 айға ғана созылатын аудандарында ауыспалы ылғалды ормандар өседі. Бұл ормандарда экваторлық ұдайы ылғалды ормандарға қарағанда ағаштар біраз аласарып, аралары ашылады. Соған байланысты онда бұта және шөп өсімдігі көріне бастайды. Ағаштың кейбір түрлері құрғақшылық маусымда бойындағы суды аз буландыру үшін жапырағын тастайды. 
Құрғақ кезең 5-6 айға созылатын жерлер Савваналы болып келеді. Саванна –деп ір жерінде жеке немесе шоқ-шоқи ағаш пен бұта кездесетін, көбінесе шөп басқан алқапты айтады. 

Тропиктік белдеу. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың 20-30º ендіктер аралығын тропиктік белдеу алып жатыр. Материктердің ішкі және батыс бөліктерінде бұл белдеудің шегінде тропиктік шөл зонасы қалыптасқан. Африкадағы атақты Сахара шөлі осы зонада орналасқан. 
Тропиктік шөл зонасының климаты өте ыстық әрә құрғақ. Ауаның температурасы 58ºС-қа көтеріледі, ал топырақ беті 90ºС-қа қызады. Жауын шашын барлық жерінде 100мм-ге жетпейді. Сахарада кейде бірнеше жыл бойы қатарынан тамшы тамбайтын кездер де болады. 
Өсімдік өте сирек, кей жерлерді мүлде өспейді. Әсіресе сазды, тасты шөлдер сұрықсыз болып кетеді. Аздаған өсімдіктері ежелгі өзен арналарын, жартастардың жарықтарын, тас қорымдардың шеттерін сағалайды. 
Субтропиктік белдеу. Солтүстік және оңтүстік жарты шарларда 30-40 º ендікте, тропиктік белдеу мен қоңыржай белдеудің арасында орналасқан. Ол тропиктік белдеуден температураның маусым бойынша үлкен мөлшерде өзгеруімен ерекшеленеді. Дегенмен барлық айлардың орташа температурасы оң болып келеді. (4ºС-тан 20ºС-қа дейін). Сондықтан өсімдік жыл бойы тоқтаусыз өседі. Белдеудегі барлық материктердің климаты батыс, шығыс және ішкі бөліктерінде бір-бірінен елеулі түрде өзгешеленеді. Мұхитқа жақын жатқан батыс бөліктерінде жазы құрғақ, қысы ылғалды субтропиктік құрғақ континенттік климат, ал шығысында жауын-шашын жазда мол жауатын муссондар климаты қалыптасқан. 
Қоңыржай белдеу. Бұл белдеу солтүстік жарты шарда аса кең аумақты қамтиды, оңтүстік жарты шарда аз аумақты қамтиды. Бұл белдеуге климат жағдайларының жыл маусымдары бойынша ацқын өзгеріп тұруы тән. Соған сәйкес басқа табиғат құбылыстары да маусым бойынша өзгереді. 
Қоңыржай белдеу шөл, дала және орман зоналарынан тұрады. Олардың аралықтарын шөлейт пен орманды дала өтпелі зоналары бөледі. 
Субролярлық белдеу солтүстік жарты шарда, Еуразия мен Солтүстік Американың солтүстік шетін алып жатыр. Оңтүстік жарты шарда тек аралдарда ғана кездеседі. Бұл белдеуде ең эжылы айдың орташа температурасы +10 ºС –тан аспайды. Қысы ұзақ, жазы қысқа. Жылдық жауын-шашын 100-300 мм, ол буланушылықтан 1,5 еседей көп. Жердің беткі қабаты жылы кезде 30 см-дей қалыңдықта ғана жібиді де, одан әрі қарай қысы-жазы тоң болып қатып жатады. 
Полярлық белдеу. Солтүстік полюс төңірегі арктикалық, оңтүстік полюс төңірегі антарктикалық белдеу деп аталады. Екеуін де жаппай мұз басып жатыр. Климат жағдайлары өте қатаң. Арктикалық белдеудің екі-үш аптаға ғана созылатын жаз маусымы кезінде ауаның температурасы 0ºС-тан сәл ғана асады. 

Таулардағы биіктік белдеулер. Жер бетінен биіктікке көтерілген сайын ауаның температурасы төмендей беретіні белгілі. Биіктікке сәйкес тек ауаның температурасы ғана емес, сонымен бірге ылғал мөлшері де өзгереді. Жоғары көтерілген ауа салқындағанда оның құрамындағы су буы су тамшыларына айналып, бұлт түзеді. Бұлттан жауын-шашын жауады. Ол жылу мен ылғал мөлшерін өзгертеді. Екінші сөзбен айтқанда, биіктікке сәйкес бүкәл табиғат кешені өзгереді. Сойтіп табиғат кешенінің таралуына байланысты Биәктәк белдеулік пайда болады. 


3. Табиғат зонасы дегеніміз не?

абиғат зоналары - Табиғат зоналарын ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Олар көп жағдайда күн жылуының таралуына (яғни географиялық ендікке) тәуелді. Тағы бір фактор - аумақтың ылғалдылығының әртүрлілігі. Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әр түрлі табиғи зоналар пайда болады. Мәселен, аумаққа күн жылуы көп түссе, оның біраз ылғалдылығы жеткіліксіз (К=0,3) болса, онда шөлді аймақтар пайда болады. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен,өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке үлескілер де кездеседі.

Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Сонымен бірге бұл зоналардатопырақ және өсімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігі артады. Республиканың биік таулы аудандарында зоналар биіктікке байланысты (зоналар немесе биіктік белдеулер) ауысып отырады. 





  1. Билет  №16

1. Нәсіл. Жер бетіндегі нәсілдер?

Нәсіл (фр. race, итал. razza - туыс, тайпа) — тұқым қуалау арқылы берілетін ұқсас сыртқы (дене) пішіндері - терісінің түсі, шашы мен көзі, мұрны мен еріндерінің пішіні, бойы мен дене пропорциясы, сондай-ақ кейбір "жасырын" белгілері (қанының тобы және т.б.) бар адамдардың тарихи қалыптасқан тобы. Нәсілдерді зерттейтін ғылымды антропология деп атайды.

Әр түрлі нысандардың таралу ареалдары сәйкес келмейді, сондықтан нәсілдік шекаралар анық емес және шартты болып келеді. Төрт үлкен нәсілге бөлу қалыптасқан. Олар: негроидтер, оған жақындау аустралоидтер, еуропеоидтер және монголоидтер, олардың ішінен кіші нәсілдер бөлінеді.[1]

Қазіргі адамзаттың дені үш үлкен нәсілге жатады:


  • экваторлық, (негроидтер, австралоидтер, негравстралоидтер),

  • еуропалық,

  • моңғолоид.

Нәсілдік ерекшеліктер аса маңызды емес. Барлық нәсіл биологиялық, психологиялық қатынастарда өзара тең және даму сатысының бір деңгейінде тұр.

Қазіргі адамдардың тарихи даму барысында тіршілік еткен табиғи орта жағдайларына байланысты морфологиялық айырмашылық белгілері қалыптаскан. Мұндай белгілер бірте-бірте адамдар тобының арасында тұқым қуалайтын өзгергіштік арқылы ұрпақтарына беріліп отырады. Адамдар тобының арасындағы түрішілік тұқым куалайтын өзгергіштікті француз ғалымы Ф.Бернье (1684 ж.) нәсілдер деп атады.

Еуропеоидтік нәсілдерге тән белгілер: ұзын бойлы, шашы ұзын салалы әрі ашық, терісі ақшыл түсті. Олардың бет пішіні сопақша, мұрты мен сақалы тез өскіш, қыр мұрынды (жалпақ емес), жұқа ерінді болып келеді. Еуропеоидтік нәсілдер алғашында Еуропа мен Алдыңғы Азия жерінде өмір сүрген. Қазір еуропеоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді.

Монголоидтік нәсілдердің де ездеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, мұрын пішіні де жалпақ, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдыгы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азияқұрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді. Монголоидтік нәсілдердің де өздеріне тән белгілері бар. Монголоидтік нәсілдердің шаштары қатты әрі ұзын салалы, терісінің түсі қоңырқай, сақал-мұрты баяу өседі. Көбіне орта бойлы, жалпақ бетті, көздері қысықтау, еріндерінің қалыңдығы орташа болып келеді. Монголоидтік нәсілдер, негізінен, Азия құрлығында кеңінен таралған. Қазіргі кезде монголоидтік нәсілдер барлық құрлықтарда өмір сүреді. Бұл негізгі үш нәсілден ғалымдар Солтүстік Америкадағы үндістер мен аустралиялықтарды өз алдына жеке нәсілдер деп бөледі. Үндістердің сыртқы түрі өздеріне тән қыр мұрынды, сопақ бетті, ұзын шашты болып келеді. Ал аустралиялықтардың терісі қара түсті, шашы толқын пішінді (бұйра емес), сақал-мұрты қалың өседі. Аустралиялықтардың тісінің құрлысы, қан құрамы, саусақ бедерлері жағынан монголидтік нәсілдерге ұқсас болып келеді.

Антрополог ғалымдар бұл негізгі нәсілдерден басқа әрбір нәсілдің ішінде жеке нәсіл топтарын ажыратады. Жеке нәсіл топтарын екінші және үшінші реттік нәсіл топтары деп атайды. Бұл топтардыңда өзіне тән сыртқы белгілері болады.

Нәсілдердің шығу тегі туралы ғалыдар арасында қарама-қарсы тұжырымдар бар. Кейбір ғалымдар жер бетіндегі нәсілдер бір ғана жерде пайда болып, кейіннен басқа аймақтарға таралған деген пікірді қостайды. Оны моноцентризмдік тұжырым деп атайды. Ол гректің «Monos» — «бір» және латынның «centrum» — «орталық » деген сөздерінен алынып, «бір орталықтан шыққан» деген ұңымды білдіреді. Нәсілдердің пайда болуы туралы келесі тұжырым – полицентризм (грекше «полис» – көп) деп аталады. Ол тұжырым бойынша нәсілдер әрбір аймақта өз алдына жекелей пайда болады деп түсіндіреді. Көпшілік ғадымдар қазіргі кезде моноцентризм тұжырымын қолдайды. Қазақстандық ғалым Әділ Ахметов өзінің көп жылдық ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде, қазақ халқы мен Солтүстік Америкадағы үндістер арасындағы туыстық белгілердің бар екендігі атап көрсетті. Нәсілдердің шығу тегін, туыстық жақындықтарын, тарихи қалыптасуын және олардың сыртқы орта жағдайарының әсеріне бейімделуін нәсілтану ғылымы зерттейді.

Кейбір кертартпа ғалымдар әр түрлі пиғылдар нәсілшілдік пікірлерді уағыздайды. Олар кейбір нәсілдерді басқа нәсілдерден жоғары, қойып, ақыл-ойы жоғары дамыған, қабілеті, дарынды деп дәріптейді. Енді бір нәсілдерді қабілетсіз, дарынсыз, төмен дәрежелі деп кемістеді. Мұндай пікірлер нәсілдер арасында алауыздық тудырып, нәсілдерді бір-біріне қарсы қояды. Кейбір нәсілшіл ғалымдар кей нәсілдерді биологиялық тұрғыдан сапасыз деп те кемсітеді, осындай дәлелсіз пікірлер арқылы нәсілдердің шыққан тегінің бір екендігін қасақана бұрмалап түсіндіреді.

Соңғы кездегі нәсілдердің қан құрамын зерттеген ғалымдар барлық нәсілдердің қан құрамының бірдей екенін дәлелдеп берді. Кейбір нәсілшіл ғалымдар табиғатта болатын табиғи сұрыпталу, тіршілік үшін күрес зандылықтары адамзат қоғамында да болады деп уағыздайды. Ондай ғалымдар Ч. Дарвиннің табиғатта болатын заңдылықтар туралы пікірін қоғамға да қатысы бар деп арнайы ұрмалап түсіндіруге тырысады. Мұндай теріс пиғылдағы теория ғылымда әлеуметтік дарвинизм теориясы деп аталады. Әлеуметтік дарвинистер адамның бойында ата тегінен алған туа пайда болған қатігездік, жауыздық, мейірімсіздік «басым белгілер» болады деп түсіндіреді. Мұндай теорияны уағыздаушылар «қоғамда күштілер мен мықтылар өмір сүруге тиіс, ал әлсіздер жойылып отырады» деген пікірді ұсынады. Әлеуметтік дарвинизм теориясы әрбір қоғамдағы мықтылар мен іскерлер табиғи сұрыпталу арқылы пайда болған деп уағыздайды. Қоғамда сондай өмірге бейім адамдарға бар мүмкіндік жасалуы тиіс деген пікірді қолдайды. Нәсілшіл ғалымсымақтардың пікірінше, қоғамда болатын теңсіздік-табиғи сұрыпталудың жемісі, адамдардың биологиялық теңсіздігінің нәтижесі деп жекелеген адамдарды қорғауға тырысады. Әлеуметтік дарвинизм теориясының ешқандай шындыққа жанаспайтынын кезінде Ф.Энгелс, көрнекті орыс ғалымы К.А.Тимирязев әшкереледі. Соңғы кездегі биология ғалымдарының жетістіктері де әлеуметтік дарвинизм теориясының ешқандай шындыққа жанаспайтынын дәлелдеп отыр.

Негроидтік нәсілдердің шаштары бұйра, әрі қара түсті, терісінің түсі де қара, сақал-мұрты баяу өседі. Мұрны жалпақ, бет пішіні сопақша, көздері үлкен, еріндерінің қалыңдығы айқын байқалады. Нағыз негроидтік нәсілдер, негізінен, Африкада өмір сүреді. Негроидтік нәсілдер де қазіргі кезде басқа құрлықтарда да таралған.


2. Қазақстан әлем картасында?

Қазақстан дүние жүзі бойынша жер көлемі жағынан 9-шы, Еуразия материгіндк Ресей, Үндістан, Қытайдан кейінгі 4-ші, ал ТМД- бойынша 2-ші орынды алады. Қазақстанның жер көлемі Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет- Франциядан 5 есе үлкен. Оның жеріне Франция, Ұлыбритания, Испания, Италия, Швеция, Финляндия, Норвегия толық сиып кетеді.Қазақстан астанасы- Астана қаласы. 1994ж 6 шілдеде Қазақстан республикасының сол кездегі Жоғарғы кеңесі мен Министрлер кабинеті Қазақстан Республикасының астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулы қабылданды. 1997ж 20 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды. 1998 ж 6 мамырында Елбасының жарлығымен Астана қаласы болып жарияланды. 4.Қазақстан Халық Ассамблеясы. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты. Ассамблеяның негізгі міндеті – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту.
Қазақстан Республикасы - Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы ӘзірбайжанИран елдеріне, Еділ өзені жәнеЕділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[6]. БатыстаКаспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады[7].



2016 жылдың 1 қаңтарға елдегі тұрғындар саны - 17 670 957 адам бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынанәлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).

Елдің астанасы - Астана қаласыМемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.

Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түpлі. Хaлықтың үлкен бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 66,01%, орыстар- 21,05%, өзбектер - 3,07%, украиндар - 1,7%, ұйғырлар - 1,44%, татарлар - 1,17%, басқа халықтар - 5,56%.[8]Халықтың 70 пайызын мұсылмандар құрайды, проваславты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.[9]

Экономикалық көрсeткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі - құрайды. Экономиканың негізгі бағыты отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауылшаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге.



1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынаҰжымдық қауіпсіздік келісіміұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнешехалықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.
3. Жер бетінің зерттелуі?

Адамзаттың географиялық түсініктері алғашқы қауымдық кезеңнен-ақ жинақтала бастады. Жер табиғаты, халықтары және олардың тұрмыс-тіршілігі жайлы деректер мыңдаған жылдар бойы жинақталды, географиялық зерттеулердің тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді.



1–ші, Ежелгі дәуірлерде байырғы ғылым мен мәдениеттің ошақтары – Месопотамия, Парсы жері менЕгипеттегі, Карфаген және Ежелгі Грек, Рим елдеріндегі жаңа жерлерді игеру мен соғыс жорықтары нәтижесінде географиялық деректер қарқынды түрде жинақтала бастады. Грекия оқымыстыларының еңбектері географияның ғылыми негізін қалады.Тарих ғылымының негізін салушы грек ғалымы Геродоттың 9 томдық«Тарих» атты еңбегінде географияның алғашқы ғылыми түсініктері берілген.

2-ші, Ежелгі Грек ғалымы Аристотель Жер – шар тәрізді деген Пифагордың түсінігін ілгері дамытады.Жылды 365 күнге бөліп, Ай мен Күннің тұтылу себептерін дәлелдеп берді.

Эратосфен ендікті, бойлықты нақты өлшеп, тұңғыш рет географиялық карта жасады, математикалық географияның негізін салған.

Римдік ғалым Страбон географияны жер туралы ғылым ретінде түсініп, Жерді географиялық жағынан сипаттайтын «География» деп аталатын 17 кітап жазған.

Ұлы географиялық ашулар кезеңі ғ ХV- ХVІІІ ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады.

1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп аталған аймаққа кейіннен тағы 3 рет саяхат жасады.

1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды.

Колумб ашқан жаңа жерлерге 1499-1503 жылдар аралығында Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады.А.Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екенін дәлелдеді.

15 жылғы дүние жүзі картасында атақты картограф Герард Меркатор Американың солтүстік және оңтүстік бөліктері ұғымын пайдаланып, оларды «Жаңа Дүние» деп атады.

1519-1522 жылдар аралығында Фернан Магеллан мен Себастьян Элькано басқарған испан экспедициясы тұңғыш рет жер шарын айналып өтіп, еуропалықтар үшін беймәлім Тынық мұхитты ашты.

ХVІІ  ғасырда оңтүстік жарты шарда голландық Абель Тасман кейін өз атамен аталған аралды, 18 ғасырда ағылшын саяхатшысы Джеймс Кук Жаңа Зеландия аралы мен Аустралияның шығыс жағалауын ашты. Куктың зерттеулері Жер шарындағы су мен құрлықтың арақатынасы туралы және Тынық мұхит пен оның аралдары туралы көптеген мәліметтер берді.

 ХVІІІ  ғасырдағы орыс экспедициясы құрамындағы В.Беринг пен А.И.Чириков Американың солтүстік-батыс бөлігі мен Алеут аралдарын ашты.

1803-1806 жылдар аралығында И.Ф.Крузенштерн мен Ю.Ф.Лисянскийдің Тынық, Үнді, Атлант мұхиттары арқылы жүріп өткен экспедициясы Тынық мұхиттың көптеген жаңа аралдарын ашты.

1819-1821 жылдар аралығында Ф.Белинсгаузен мен М.Лазарев басқарған экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда Антарктика материгін ашты.

1909 жылы Американдық Р.Пири Солтүстік полюске, 1911 жылы Норвег Р.Амундсен Оңтүстік полюске жетті.



Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді падалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы өзара байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізуде.

Билет  №17


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет