М.әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
Баяндама
Тақырыбы: Дауыс ырғағы немесе интонация
Орындаған: Сейдуалы Ақниет
Тобы: ФИ 19 1к2
Қабылдаған: Бескемпірова Гүлжан
Шымкент 2020ж
Жоспар:
Кіріспе
.Ырғақтың немесе интонацияның зерттелуі
Негізгібөлім
. Ырғақтың немесе интонацияның маңыздылығы
.Интонацияның компоненттерінің жиынтығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ырғақтың немесе интонация зеттелуі
Әуелде «интонация» термині латынның «intonare», «қатты сөйлеу» деген сөзінен пайда болғанымен, бұл терминнің қазіргі мағынасы әрі күрделі, әрі сан қырлы. Әуен (мелодика), пауза, қарқын (темп), интенсивтілік, тембр интонацияның компоненттері болып табылады.
Интонация мен сөйлеу дыбыстарының қайсысы бұрын пайда болғаны жайында әрқилы деректер бар. Интонация мен сөйлеу дыбыстарының адамдардың бір-бірімен қатынас жасауында атқаратын ролі ерекше. Интонация дыбыстан бұрын пайда болған деп есептеледі. Бұған дәлел ретінде дамуы жоғары саналатын үйірлі хайуанаттардың өзара қатынастарында олардың дауыс интонациясының құбылуының мәні зор екені айтылады. Олар сол интонация өзгерістерін аңдап, өзара қатынастарына, тіршіліктеріне сигнал қабылдайды.
Демек, сөйлеу тілінің пайда болуынан көп бұрын үйірлі хайуанаттардың қарым-қатынасына қызмет еткен интонация еді деп топшылауға болатын тәрізді. Интонацияның адамдардың қарым-қатынасындағы ең алғашқы құрал екендігін онтогенез көрсеткіштері де дәлелдей түседі. Кейбір зерттеушілер интонацияны субъективтік құбылыс деп есептейді. Мәселен, олардың айтуына қарағанда, бір тексті әркім әр түрлі мәнерде, әр түрлі интонациямен өзінше оқитын тәрізді. Сонда ол текстің міні де өзгереді дейді. Біздіңше, ондай өзгеріс яғни, бір тексті әркімнің әр түрлі оқуы, сол текстің мазмұнын жете түсінбеуінен болатын сияқты. Мұндай жағдайда ол текстің мазмұны да ауытқып кетуі әбден мүмкін. Бірақ бұған қарап интонацияны субъективтік құбылыс деп айтуға ешбір болмайды. Себебі онда интонацияның тілдегі объективтік, күрделі де көп қырлы функциясын жоққа шығарған болар едік. Сөйлемнің мағынасы мен интонациясының бір-бірімен тығыз байланыста болуының өзі интонацияның коммуникативтік зор маңызының айғағы болып табылады.
Интонацияны зерттеу тарихы ертеден, көне замандардан басталады. Байырғы замандарда интонацияның ерекшеліктеріне мән берген зерттеушілер оны сахна өнерімен, шешендер сөзімен және тақпақ айтушылардың өнерімен байланысты қарастырған. Интонацияның логикалық және эмоциялық қасиеттерін зерттеудегі ең көне дерекатер ежелгі Греция мен Римде кездеседі. Онда сөйлеу тіліндегі әуен, пауза, қарқын, ритм туралы алғашқы түсініктер берілген.
Сөйлемнің ритмикалық құрылымының ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы пікірлерді Аристотельдің, Деметрияның, Цицеронның, Трасимахтың еңбектерінде кездестіруге болады. Ритм туралы ең толық түсінік Цицеронның «Оратор» деген еңбегінде көреміз. Онда автор ритмнің ерекшеліктерінде тоқталып қана қоймай, шешендердің сөзіне қалай, қай мөлшерде қолдану керектігіне де тоқталады.
Интонация маңызы
Кез келген тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінен , яғни сөздердің дыбыстарынан ғана ( дауысты , дауыссыз ) тұрмайды , ол тілдің күрделі суперсегменттік деңгейін , сөйлемдердің , мәтіннің жалпы интонациялық сипатын да қамтиды . Интонация мен сөйлеу дыбыстарының қайсысы бұрын пайда болғаны жайында әр қилы деректер бар . Интонация мен сөйлеу дыбыстарының адамдардың бір - бірімен қатынас жасауында атқаратын рөлі ерекше . Интонация дыбыстан бұрын пайда болған деп есептелінеді . Бұған дәлел ретінде дамуы жоғары саналатын үйірлі хайуанаттардың өзара қатынастарында олардың дауыс интонациясының құбылуының мәні зор екенін айтуға болады . Олар сол дауыс интонациясының өзгерістерін аңдап , өзара қатынастарына , тіршіліктеріне сигнал қабылдайды .
Интонация тонының тональность адамдардың қарым - қатынасында үлкен орын алатыны мәлім . Бір сөздің айтылу интонациясына қарап , ол сөздің қандай сезіммен айтылып тұрғанын білу адамға қиын емес . Сондықтан интонацияның сөйлеуден , сөзден бұрын пайда болғанын мойындай отырып , оның кейінгі сөйлеу тіліндегі мәнінің зор екенін де баса айту керек .Сөйлеу тіліндегі интонацияның жазба мәтінде көрініс табуы табиғи нәрсе және жазылған мәтінді мазмұнына қарай дұрыстап , мәнерлеп оқу да оның стилистикалық реңкі ғана емес , сөздерінің грамматикалық мағынасы да өзгеріп кетуі мүмкін . Демек , интонациялық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстардың арасындағы өте күрделі және құбылмалы болып келеді . Күрделі мәтіндердегі интонацияның компоненттерін , оның көріністерін оған мейлінше үңіліп , экспериментті зерттеу арқылы ғана анықтауға болады .
Қазақ тілі жүйесіндегі сан алуан синтаксистіктік - коммуникативтік құрылымдарда интонация және оның единицалары мен компоненттері өзара әр қилы күрделі қатынастарға түсіп отырады . Түрлі синтаксистік құрылымдарда интонациялық компоненттердің алатын орны ерекше . Оның сөйлемдегі сөздерді семантикалық құрылымдық топтарға бөлуде , оларды бір бірімен байланыстарда мәні зор . Күрделі мәтіндердегі сөйлемдердің түрлеріне қарай интонация әр түрлі коммуникативтік , эмоциялық мазмұнға ие болып , өзара түрлі қарым - қатынастарға түсіп , мәтіннің жалпы мазмұны мен эмоциялық реңкін түрлендіруде айрықша қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |