Қазақстан тарихы тарихы 6-сынып Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы Қасым хан Зерттеу сұрағы: Не себепті Қадырғали Жалайыр: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды?
Бүгінгі сабақта: Қасым хансаясатының негізгі бағыттарын, мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайсыз; Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайына баға бересіз. Қасым хан Жәнiбек ханның ұлы. ХV ғасырдың соңы – ХVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығы өмiрiнде Қасымның орны ерекше. Қасым Қазақ мемлекетiн нығайту кезеңінде билік етті. Мұхаммед Хайдар Дулати: «Даланың нағыз ұлы ретiнде үлкендi сыйлау дәстүрiн ұстанған Қасым сұлтан бастапқыда Бұрындық ханға барлық жағынан бағынды», –деп жазады. Мұхаммед Хайдардың айтуынша Қасым өзiн Бұрындықтан алысырақ ұстауға тырысты. Себебi «жақын болып тиiстi құрмет көрсету дәстүрін сақтамаса, бұл ханға қарсылық бiлдiргендік едi, ал ол бағынуды қаламады». ХVI ғасырдың басына қарай Қасым «әлi хан лауазымын қабылдаған жоқ, бiрақ оның билiгiнің зор болғандығы соншалықты, ешкiм Бұрындық ханды есiне алмады». Бұрындық хан Мұхаммед Хайдар Дулати 1511 жылы қартайған Бұрындықты Самарқанға шығарып салғаннан кейiн ғана Қасым мемлекеттi басқару мiндетiн және хан лауазымын қолына алады. «Тарих-и-Рашидиде» айтылғандай,«Қасым хан Жошы ханнан кейiн ешкiм жете алмаған бүкiл Дештi Қыпшақтағы қуатты әмiршiге айналып, даңқы мен құдiретi артты». Сол уақыттан бастап ХIХ ғасырда хандық билiк жойылғанға дейiн Қазақ даласындағы билiк Жәнiбек ұрпақтарының қолында болды. Қасым ханның сыртқы саясаты. Қасым хан Сырдария бойындағы жерлерге жорық жасады. 1513 жылы қазақ әскерлерi Сайрамға келдi. Қала билеушiсi қаланы ұрыссыз бердi. Сәттi соғыс қимылдары мен көрші ел билеушілерінің өзара қырқыстарын тиімді пайдалану нәтижесiнде қазақ ханының қол астына Сырдария бойындағы бiрқатар қалалар өттi.