Қазақстан тарихы тарихы 6-сынып Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы Қасым хан Зерттеу сұрағы


Қасым Қазақ хандығының Батыс Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстандағы ықпалын күшейттi. Ол өзiнiң сыртқы саясатында Ноғай Ордасына зор мән берді



бет2/3
Дата18.09.2024
өлшемі3,35 Mb.
#204617
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1-сабақ. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының күшеюі

Қасым Қазақ хандығының Батыс Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстандағы ықпалын күшейттi. Ол өзiнiң сыртқы саясатында Ноғай Ордасына зор мән берді.
.
Қасым Қазақ хандығының аумағын батысында Жайықтың арғы бетіне дейiн жеткіздi
Қасым ханның ел басқаруы
Моғол билеушiлерiмен қарым-қатынастары сәттi жүрді. Моғолстанның негізгі бөлігі Жетiсу Қазақ хандығының құрамына қосылды.
Моғол хандары қазақ ханымен одақ құруға ұмтылды. Қасым хан кең-байтақ дала кеңiстiгiне өз үстемдiгiн орнатты.
Қасым хан кезіндегі хандықтың шегаралары
Хандықтың шегаралары Сырдарияның сол жағалауы мен Жетiсудың бiраз бөлiгiн қамтыды, солтүстiк-шығысында Ертiске дейiн жеттi.
Деректерге сәйкес, Қазақ хандығы аумағын кеңейту мәселесiн Қасым хан қарулы күреспен де, саяси жолмен де шештi. Бұған Ресей мұрағаттарынан алынған дипломатиялық құжаттар дәлел бола алады.
Қасымның iшкi саясаты.
Қасым хандық билiктi нығайтуда, салт-дәстүр мен заңдылықты сақтауда iрi табыстарға жетті.
Қасым ханның қол астындағы халық саны Мұхаммед Хайдар деректерiне сәйкес, бiр миллион адамнан асты.
Қасым ханның заңдары
1. Мүлiктiк заң. Оған жер, мал және мүлiк дауларын шешу ережелері ендi.
2. Қылмыстық заң. Мұнда қылмыстық iстiң түрлерi мен оларға байланысты жазалар қарастырылды
3. Әскери заң. Дала тұрғындарының соғыс кезiнде әскер жасақтау жөнiндегi мiндеткерліктері, әскери мiндет, жасақ құру қағидалары, әскери олжаны бөлу тәртiбi айтылды.
4. Елшiлiк салт ережесi. Бұл бөлiмде халықаралық құқық, елшi этикетi қарастырылды.
5. Жұртшылық заңы. Бұл бөлiм өзара көмекке, сондай-ақ мейрамдарды ұйымдастыру ережелерi мен сарай тәртібіне арналды.
Қасым хан туралы деректер
Ортағасырлық « Зубадат әл-Асар » кітабынан үзінді:
«Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақтың падишахы болды. Ол ұлы істер жасау үшін туған адам еді. Қасым ханның қисапсыз әскері қазақтар мен ноғайлардан құралған. Қасымның күш - қуаты артқаны сондай, ол бүкіл Мәуереннахр өңірі үшін үлкен қатер болып отыр».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет