Қазақстан тарихы тарихы 6-сынып Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы Қасым хан Зерттеу сұрағы


«Қазақ халқының хан - сұлтандарының ішінде Қасым хандай құдіретті әмірші болған емес. Оның үш жүз мың әскері бар еді »



бет3/3
Дата18.09.2024
өлшемі3,35 Mb.
#204617
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1-сабақ. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының күшеюі

«Қазақ халқының хан - сұлтандарының ішінде Қасым хандай құдіретті әмірші болған емес. Оның үш жүз мың әскері бар еді ».
Үндістандағы Ұлы Моғол империясының негізін салған Бабырдың «Бабырнама» кітабынан үзінді:
Қасым хан – Қазақ мемлекетiнiң аса көрнектi басшыларының бiрi. «Өзiнiң игi iс-әрекеттерiмен, қатаң ерiк-жiгерiмен және саяси көрегендігімен» ол қазақ мемлекетiнiң абырой-беделінің артуына қол жеткiздi. Оның тұсында басқа елдер Қасымға құрметпен қарады.
Мұхаммед Хайдардың деректеріне сәйкес, Қасым хан 1518 жылы Сарайшық қаласында дүние салып, сонда жерлендi.
Сарайшық қаласы
Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» кітабынан үзінді:
«Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшаққа билік жүргізді. Оның қарулы халқының саны миллионнан асатын. Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханнан кейін бұл жұртта Қасымнан асқан құдіретті хан болған жоқ»
1.Қасым хан тұсында Қазақ ханының қол астына ______ бойындағы бiрқатар қалалар өттi.
2.Қасым хан тұсында қазақ жерінің аумағы батысында _______ арғы жағына дейiн жетті.
3.Тарихшы Мұхаммед Хайдар Қасым ханның қол астындағы халық саны_____астам адам және әскері ____ мыңға дейін жауынгер болғандығын жазды.
Сөйлемді толықтырыңыз.
1-тапсырма
Жауабы:
1.Қасым хан тұсында Қазақ ханының қол астына Сыр бойындағы бiрқатар қалалар өттi.
2.Қасым хан тұсында қазақ жерінің аумағы батысында Жайықтың арғы жағына дейiн жетті.
3.Тарихшы Мұхаммед Хайдар Қасым ханның қол астындағы халық саны бiр миллионнан астам адам және әскері 300 мыңға дейін жауынгер болғандығын жазды.
2-тапсырма
«Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заң неше бөлімнен тұрғанын анықтаңыз
Жауабы:
1.Мүлiктiк заң. Оған жер, мал және мүлiк дауларын шешу ережелері ендi. 2. Қылмыстық заң. Мұнда қылмыстық iстiң түрлерi мен оларға байланысты жазалар қарастырылды
3. Әскери заң. Дала тұрғындарының соғыс кезiнде әскер жасақтау жөнiндегi мiндеткерліктері, әскери мiндет, жасақ құру қағидалары, әскери олжаны бөлу тәртiбi айтылды.
4. Елшiлiк салт ережесi. Бұл бөлiмде халықаралық құқық, елшi этикетi қарастырылды.
5. Жұртшылық заңы. Бұл бөлiм өзара көмекке, сондай-ақ мейрамдарды ұйымдастыру ережелерi мен сарай тәртібіне арналды.
Қорытынды:
Қасым хан саясатының негізгі бағыттарын, мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтадыңыз;
Қасым хан билігі тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайына баға бердіңіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет