1. Физиологияның ғылым ретінде жалпы сипаттамасы


Тежелу түрлері. Тежелудің пресинапстық және постсинапстық механизмдері



бет66/124
Дата14.12.2022
өлшемі258,44 Kb.
#162696
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   124
Байланысты:
Физио сессия шпор 132новый (копия)
алеуметтану, techspec 8576771 22656151, techspec 8574640 22652487, Физио рк №3
81. Тежелу түрлері. Тежелудің пресинапстық және постсинапстық механизмдері.
Тежелу - ОЖЖ фундаменталды қасиеттерінің бірі болып табылады және орта мидың құрылымдарын тітіркендіруде жұлын белсенділігінің бәсеңдеуін тапқан Сеченов, тежелуді 1863 жылы ашты. Сонымен қатар, А.А.Ухтомский және Ч.Шерингтон ОЖЖ тежелу шеткі қабылдағыштарды тітіркендіру арқылы тежелудің пайда болатының байқаған. Тежелу - бұл постинаптикалық нейронның қозуын болдырмайтын немесе тоқтататын пресинаптикалық нейронның әсері. Синапстық тежеу нейрондық желілерде артық қозуды шектей отырып, ОЖЖ - да маңызды физиологиялық рөл атқарады. ОЖЖ-дағы тежелу арнайы тежеуші нейронның сигналдарынын бастау алады. Жұлыннан Реншоу жасушасы табылды. Реншоу жасушасы мотонейронның айналасында орналасқан. Синапстық тежеудің бірнеше түрі бар. Олар: пресинаптикалық, постсинаптикалық, пессимумдық және қозудан кейін туатын тежелулер.
Пресинаптикалық тежеуді (түйіспеге дейінгі) аксоаксональды синапстер қалыптастыра отырып, аксондары басқа нейронның қоздырғыш синаптикалық ұштарында аяқталатын нейрондар жүзеге асырады. Пресинаптикалық тежеу екі механизмнің бірі арқылы орындалады.
1) Пресинаптикалық тежегіш нейрон (пресинаптикалық тежелуді тудыратын нейрон) хлор - өткізгіштікті ұлғайтатын нейромедиатор бөледі де және қоздырғыш нерв шеттерінің мембранасының гиперполяризациясын туындатады. Бұл қоздырғыштықтың азаюына және қозғаушы аяқталу әсерінің потенциалын генерациялау шегінің ұлғаюына әкеледі. Сәйкесінші, кальций катиондарының өткізгіштігі төмендейді.
2) Пресинаптикалық қозғыш нейрон мембрананың ұзақ деполяризациясын тудыратын нейромедиатор бөледі, бұл потенциалға тәуелді Натрий- каналдарының инактивациясына және тиісінше оның белсенділігін тежеуге әкеп соғады.
Хлор және калий иондарына арналған постсинапстық мембрананың өткізгіштігін арттыратын медиатордың (мысалы, ГАМҚ) бөлінуі кезінде постсинаптикалық тежелу (түйіспеден кейінгі) байқалады. Реншоу жасушасына ұқсас тежеуші нейрондар арқылы туады. Бұл ретте жасушаның қоздырғыштығын төмендететін және әрекет потенциалын генерациялауға кедергі келтіретін постсинаптикалық мембрананы гиперполяризациялайтын тежегіш - постсинаптикалық потенциалдар пайда болады.
Пессимумдық тежелу жиі күшті серпіністер әсерінен пайда болады. Бұл серпіністер түйіспеге орналасып, медиаторлардың саның арттырып, жайылмайтын тұрақты деполяризацияның пайда болуына әкеледі. Сол себептен пайда болған қозу өрістемейді.
Тежелудің 4 түрі, қозудан кейінгі туатын тежелу, реполяризацияның аяғында туындайтын гипероляризация есебінен пайда болады. Оның ұзақтығы 50-150мс болса, вегетатиктік жүйке жүйесінде 1000мс. Бұл кезде субнормальдық кезең орнап, мотонейрондардың қозуы бәсеңдеп, мотонейрон қозбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет