Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері



бет1/18
Дата14.12.2022
өлшемі1,65 Mb.
#162712
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Физио рк №3


  1. Орталық нерв жүйесі құрылымының жалпы жоспары, құрылымы, бөлімдері және маңызы мен қызметтері

Организмнің ішкі ортасының құрамы мен қасиеттерінің тұрақтылығын сақтауға бағытталған физиологиялық әрекеттерді реттеу мен басқару үдерістері – ОЖЖ-і қызметінің негізгі принциптерінің бірі болып саналады. ОЖЖ-і организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын қолайлы етіп, оның тұтастығын, тұрақтылығын, тіршілік деңгейінің жоғары болуын да қамтамасыз етеді.
Реттеудің негізгі екі түрі ажыратылады: гуморалдық және жүйкелік.
Гуморалдық басқару үдерісі - организмнің сұйық ортасында болатын және оның физиологиялық белсенділігін өзгеріске келтіретін химиялық заттар әсері қарастырылады. Ақпаратты беру көзі химиялық заттар – утилизондар, зат алмасу өнімдері (көмірқышқыл газы, глюкоза, май қышқылдары), информондар, ішкі сөлініс бездерінің гормондары, жергілікті немесе тіндік гормондар.
Жүйкелік үдеріспен басқару - физиологиялық әрекеттердің өзгерістері жүйке талшықтарындағы қозу потенциалын тудырып, одан әрі қарай ақпаратты өткізу жүйке жүйесінің бөлімдерімен орындалады.
Жүйкелік реттеудің ерекшеліктері:
1) эволюциялық дамуда кешірек пайда болған үдеріс;
2) жедел реттеуді қамтамасыз етеді;
3) әсер ететін нақты (дәл) орны бар;
4) реттеу үнемді (экономды) тәсілмен жасалады;
5) ақпаратты өткізу өте жоғары сенімділікте (надежность) жүреді.
Организмде жүйкелік және гуморалдық механизмдер нейрогуморалдық басқарудың біртұтас жүйесі ретінде жұмыс атқарады. Бұл реттеудің біріктірілген түрі, мұнда бір мезгілде бір-бірімен тығыз байланыстағы және бірін-бірі қолдайтын басқарудың екі механизмі пайдаланылады.
Жүйке жүйесі нейрондар немесе жүйке жасушаларының қауымдастығы.
Орналасымы бойынша ажыратылады:
1) орталық бөлімі – бас миы мен жұлын;
2) шеткергі (перифериялық) – бас миы мен жұлынның жүйкелік жасушаларының өсінділері.
Әрекеттік ерекшеліктіері бойынша ажыратылады:
1) денелік (соматикалық) бөлімі – қозғалыс белсенділігін реттейді;
2) вегетативтік бөлімі – ішкі ағзалар, ішкі сөлініс бездері, тамырлар, бұлшықеттің трофикалық нервтенуі және т.б. қызметтерді реттейді;
Жүйке жүйесінің қызметі:
1) біріктіруші-үйлестіруші қызметі. Әртүрлі мүшелер мен физиологиялық жүйелердің қызметтерін бірімен-бірін келістіріп толық қамтамасыз ету;
2) адам организмінің қоршаған ортамен тығыз байланыстарын биологиялық және әлеуметтік деңгейде қамтамасыз ету;
3) әртүрлі мүшелер мен тіндердегі және өзіндегі зат алмасу деңгейін реттеу. 4) ОЖЖ-нің жоғары бөлімінің қатысуымен психикалық әрекеттерді қамту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет