1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет34/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа
Г.Ж.Тұрдалиева b1661, ytzh ne ms metodichka 20211, Engl 10,11
28-билет
Сөйлем. Сөйлем-негізгі синтаксистік бірлік. Сөйлемнің предикаттық және коммуникативтік бағыты. Сөйлемнің жай және құрмалас болып бөлінуі. Сөйлемнің басты белгілері. Сөйлемнің сөз тіркесінен айырмашылығы.
Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы. Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.
ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ -сөйлемнің бір түрі. Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады. Хабарлы сөйлемнің

  1. Баяндауыштары негізінен ашық рай формалы етістіктен (немесе осы формаға сипаттас жұмсалатын есімдерден) жасалады;

  2. Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлемдер баяу әуенмен айтылады. Хабарлы сөйлем баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай болымды (Жаңбыр жауды), болымсыз (Жаңбыр жаумайды), қалаулы (Енді қырманға барайықшы), болжамды (Маржан ертең келетін шығар), ал баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай етістікті (Үйдің іші жылынды), есімді (Күн жылы. Аспан ашық) болып бөлінеді. Хабарлы сөйлем екі негізді және бір негізді құрамда болады. Құрамында екі негізгі мүше бастауыш пен баяндауыш болып, сөйлем оларды тірек етіп құрылған болса, екі негізді болып келеді. Мысалы, Енді, міне, үш бала қатар келе жатырмыз. (С.М.) Бір негізді сөйлемдер грамматикалық сипаты жағынан екі түрлі:

  3. Арнаулы құрылысы бар баяндауыш мүшені тірек етіп құрылады. Мысалы, Оны бұзуға болмайды;

  4. Бастауыш, баяндауыш деп тануға келмейтін, тірек мүше деп аталатын компонентті негіз етіп құрылады. Мысалы, Мидай дала. Жарқыраған ай.

Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз. Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемнің жасалуы: -сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады;
-сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі;
-сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі;
-сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.
Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді
Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.
Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.
Лепті сөйлем ішінде сұраулық мәнді сөздер де аралас келуі мүмкін. Мұндайда сөйлем соңында леп белгісі мен сұрау белгісі қатар қойылады. Егер сұрау мағынасы басым айтылса я сұрау мәнді сөздер бұрын айтылса, сұраулық бұрын (?!) қойылады, леп мағынасы басым айтылса я леп мәнді сөздер бұрын айтылса, лептік бұрын (!?) қойылады.
Сөйлем – тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория. Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік коммуникативтік қасиетімен ерекшеленеді. Сөздер мен сөз тіркестері сөйлем құраудың материалы, оның құрамдас бөлшегі болып табылады. Сөйлем предикаттық қатынасты, модальдылықты, біршама аяқталған ойды білдіреді және оның айтылу интонациясы болады. Предикативтілік сөйлемніңбарлығынатән, ал модальдылықәрсөйлемдетүрлішекөріністабады, айтушыныңқатынасынбілдіреді. Модальдылық лексикалық және грамматикалық тәсілдерарқылыжүзегеасады, объективтіжәнесубъективтіболыпбөлінеді. Ал интонация сөйлеммүшелерінеқатыстыкөріністауып, ішкіэлементтергесайқұбылыпотырады. Сөйлемніңмағыналық, құрылымдықерекшелігінбілдіреді. Интонацияныңқұбылуынасөздердіңорынтәртібі, демеуліктер, модальсөздер, одағайлар, қыстырмалар, қаратпалар, т.б. себепболады. Жақкатегориясы да сөйллемніңнегізгіарқауысаналады. Сөйлемніңқұрамы, құрылысы, мағынасыәртүрлікеледі.
Синтаксистің нысаныретіндесөйлем мен сөзтіркесіөзіндікбелгілеріменерекшеленсе де, кейжағдайдабастауыш пен баяндауыштыңсандық, жақтықжағынанқиысабайланысуыоларғатәнортақбелгілердітанытады.

  • Сөйлемдерайтылумақсатынақарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысынақарай жай және құрмалас;

  • Баяндаудыңшындыққақатысыжағынанболымдыжәнеболымсыз;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет