Сабақтың тақырыбы: «Тұрлаулы мүшелер»



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі2,14 Mb.
#29189
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы: «Тұрлаулы мүшелер»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі қызметін байқатып,тұрлаулы мүшелерді меңгерту. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш пен баяндауыш туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылығы: Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын,есте сақтауын,ой-өрісін жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Ұйымшыл болуға, туған жерін,елін Отанын сүюге құрметтеуге, сауатты,таза жазуға,жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:сұрақ –жауап, әңгімелеу

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суретер,кестелер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

І. Қызығушылықты ояту.

ә) Психологиялық дайындық.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып,ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік,жарық ,мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен бір-біріміздің қолымыздан ұстап,алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздер тілейік.

1. Еліме тыныштық тілеймін!

2.Күніміз жарық болсын!

3.Аспанымыз ашық болсын!

4.Деніміз сау болсын!

5. Нанымыз көп болсын!

6. Көк туымыз биік болсын!

ІІ. Сөзжұмбақ шешу.

Беделі зор бас қала,

Бәйтерегі жас қала.

Ол қай қала? Астана

Бүгінгі сабағымызда Астана қаласына саяхат жасаймыз.

--Астанаға тез бару үшін немен барғыларың келеді?

Ұшақпен

Ұшаққа отырмас бұрын билет алып алайық.



ІІ. Миға шабуыл.

  1. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін --------------- дейміз. Бастауыш

  2. Баяндауышқа ----------------- деген сұрақтар қойылады? Не істеді? Не қылды? Қайтті?

  3. Бастауыш та,баяндауыш та зат есімнен жасалса, онда бастауыштан кейін --------------- қойылады. Сызықша

  4. Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөз табы? Сын есім.

  5. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұратын толық мағыналы сөздерді ----------дейміз. Сөйлем мүшелері

Бәйтерекке саяхат. ІІІ. Жаңа сабақ.

Есте сақтап қалу.

-Енді осы суреттегі әрбіреуінің қимыл қозғалыстарын еске түсіріп көрейік.

Ұшақ ұшады. Мысық мияулайды. Жаңбыр жауады. Құлын жүгіреді. Қоян секіреді. Машина жүреді.

-Енді талдап көрейік.Мысалы: Мысық мияулайды.

-Осы сөйлем қандай 2 сөйлем мүшесінен тұрады?

-Бастауыш пен баяндауыштан.



Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейміз.

Ақордаға саяхат. Оқулықпен жұмыс.

  1. - жаттығу. Мәтінді оқы.Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты тауып жаз. Балалар қыдыруға шықты.

Үлгі: Балалар шықты.

Хан шатырға саяхат. Тақтамен жұмыс.

2-жатттығу. Мәтінді оқы Сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін тап.Баяндауышы зат есім болып тұрған сөйлемдерді көшіріп жаз.



Аю- орман қожасы. Азығы - өсімдік.

Сергіту сәті: (Понтамимикалық ойын)

(3 қатардан 3 оқушы шығып тапсырманы іштерінен оқып,қимылмен көрсетеді.Қалған оқушылар кімнің? Ненің? Қимылы екенін тауып айтады.Партаның жанына шығып жасап көрсетеді.)



Тапсырмалары:

1.Ескек ескен қайықшының қимылын көрсету.

2.Сапта жүріп келе жатырған сарбаздың қимылын көрсету.

3.Ұшып бара жатырған құстың қимылын көрсету.

Текшенің үшінші жағы)

Тәуелсіздік монументіне саяхат. Өздік жұмысы

3- жаттығу. Сұрақтарға жауып жаз. Жауабындағы бастауыш пен баяндауыштың астын сыз.



қайда ұйықтайды? Аю апанда ұйықтайды

қайда жүзеді? Балық суда жүзеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет