1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет39/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

32 билет. Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.
Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері:

  1. кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті;

  2. жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі;

  3. негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді.

  4. Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді.

Байланысу тәсілдері
Интонация арқылы іргелесе байланысады. Интонация арқылы іргелесе байланысады. Мысалы: Кездесу аяқталды, қатысқандар тамаша әсермен тарады.
Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.
Мысалы: Арнайы баруды жоспарлаймын, бірақ еш реті келмей - ақ қойды.
Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласпалы түрде, құрмаласа байланысады
Мысалы: Ащы дауыс бәріне анық естіліп, көздеріне үрей тұндырды.
Жай сөйлем айырмашылығы: 1. Құрамы жағынан - жеке сөздерден құралатыны.
2. Мағыналық өзгешілігі - жеке, дербес ойды білдіретіні.
3. Дауыс ырғағы тиянақты, аяқталоған ойды білдіреді, бүтін болып есептеледі.
Құрмалас сөйлем айырмашылығы: 1. құрамы жағынан - жай сөйлемдерден құралатындығы.
2. Мағыналық өзгешілігі - күрделі ойды білдіруінде.
3. Құрамындағы сөйлемдердің дауыс ырғағы тиянақсыз, аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі боп табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет