1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика


Оқу жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшеліктері мен қабілеттерін білу



бет50/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

38. Оқу жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшеліктері мен қабілеттерін білу.
Білім алу іс-әрекеті оқушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекеттен тұрады. Бала тек білім алуды ғана емес, сонымен бірге оны қалай меңгеруді де үйренеді. Жазу, есептеу. Оқу және тағы басқаларына үйрену арқылы бала өзін-өзі өзгертіге қарай бағыттай алады, яғни, ол іс-әрекеттік және ақыл-ойлық қажетті әдістерді (оны
қоршап тұрған мәдениетьке тән) меңгереді. Рефлекциялы түрде, яғни, өз санасы арқылы өзінің психологиялық күйіне ой жүгіртіп, ол өзін бұрынғы және бүгінгі қалпымен салыстыра алады. Өзіндік өзгерістері өз бойындағы жетістіктері арқылы қадағаланады және айқындалады. Білім алу іс-әрекетіндегі баланың маңызды әрекеті – бұл оның өз-өзіне деген рефлекциясы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы. Бұған дейін қолымнан келмеді – енді келеді, Бұған дейін жасай алмадым – енді жасаймын, Бұрын қандай болдым – қазір қандаймын, міне, бұлар қол жеткізілгендер мен өзгерістердің терең рефлекциясы қорытындысына берілген негізгі бағалар. Баланың өзін-өзі үшін өзгеріс мәні және осы өзгерістерді өзі үшін жүзеге асыратын субъекті бола алуы өте маңызды. Егер бала өзінің өрлеуіндегі оқу іс-әрекетінің, өзін-өзі дамытудың жетілген түрінің рефлекциясынан қанағат алса, демек, бала оқу іс- әрекетіне психологиялық жағынан толықтай кірісті деген сөз.
Бастауыш сынып жасы – бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны
табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни, ол мынадай бейімділіктер: адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды
тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі, аңғал да ойын баласынын қарым-қатынасы. Бастауыш сынып жасындағы балалардың бойындағы осы аталған бейімділіктердің әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс табады, ал ол осы жастағы балаларға ғана тән қайталанбас ерекшеліктер болып табылады.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың кейбір ерекшеліктері жылдар сайын жойылып отырады, кейбір ерекшеліктерінің маңызы өзгереді. Мұндай жағдайдың балалардың бойында көрініс табуы олардың жас
ерекшеліктеріне қарай әртүрлі деңгейде болатынын атап көрсету қажет. Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктеріне өзіміз қарастырған осы ерекшеліктер зор ықпал етеді және ол баланың жалпы дамуының
келешегінің алғы шарты болып табылады. Бастауыш сынып жасындағы бала үшін ең маңыздысы - педагог. Балаға қарап жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М.Юсупов былай дейді: -Педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамың неғұрлым кішкентай болса, ол өзінің іс-әрекетіне үлкендердің соғұрлым үнсіз де жылы жымиысына баға беруін қажетсінеді. Тек қана оқу процесінде емес, жай қарым-қатынастарда да бастауыш сынып жасындағы балалар мен жасөспірімдерді жылы жымиыспен ынталандырудың
маңызы зор. Сондықтан да педагогтың вербальды емес қарым-қатынаста өз бет әлпетінің жылылығымен әсер етуге сараңдығы бала мен педагог арасындағы онсыз да үлкен жас айырмашылығын одан сайын
қашықтатпақ. Оқу іс - әрекетінің жағдайында бала қиялына арнайы талаптар қойылады, олар бала қиялынөз күшімен әрекет етуге ұмтылады. Мұғалім сабақта балаларға заттардың, бейнелердің, белгілердің қайта пайда болу жағдайын көз алдарына елестетіп көруі жөнінде тапсырма береді. Бұл оқу талаптары бала қиялының дамуына мүмкіндік береді, алайда оны арнайы құралдармен пысықтап отыруға тура келеді, әйтпесе баланың өз қиялын өз күшімен ілгері жылжытуы қиын болады. Ол құралдар заттар, схемалар, макеттер, белгілер, графикалық бейнелер және т.б. болуы мүмкін. Әртүрлі оқиғалар, өлеңдер ұйқастыру, ертегілер ойлап табу,түрлі кейіпкерлерді ойлап табу, бейнелеу, арқылы бала өзіне белгілі оқиғаларды, өлең жолдарын, графикалық бейнелерді өзі де байқамастан айта бастауы мүмкін. Баланың өзіне белгілі оқиғаларды әдейі бір – біріне қосып, өз кейіпкерінің сапалық жақтары арқылы жаңа бейнелер жасауы да жиі кездеседі. Егер баланың сөйлеу және қиялдай алу қабілеті жетілген болса, егер ол сөздің мәні мен мазмұнынан пайда болған рефлексіне көңілі толса, онда ол кәдімгідей мәні бар мазмұндағы оқиғаларды айтып, тіпті, өзінің ойлап табушылыққа білетінен шабыт алып, басқа адамдарды да қосып жаңасын ойлап тауып, оны әңгімелеп бере алатын болады. Бала өз қиялында қауіпті де үрейлі жағдайларды да тудыра алады. Ең бастысы – тапсырманы орындаудағықиындықты жеңу, дос табу, жарыққа шығу, қуанышты сәтті бастан кешіру. Қиялдағы оқиғаны жасау және оны өрістету кезінде санаға түсетін салмақ, мазмұнды басқару, кейіпкерлердің әрекетін тоқтату және оған қайта оралуәрекеттері бала қиялын ерікті шығармашылық қызмет ретінде жаттықтырады. Ақыл-ойдың дамуына оқу іс-әрекеті ерекше әсер етеді. Әсіресеоқу жүйесінде сөйлеу қабілетін меңгерудің және дамытудың айқындауыштық маңызы бар. Сөйлеу қабілетін бағдарлама бойынша дамыту мақсатында баланы оқытудың және дамытудың мынадай түрлері болады; біріншіден, нормаға сәйкес әдеби тілді меңгеру, екіншіден, оқи және жаза алу. Оқи білу де, жаза білу де – тіл жүйесіне, оның фонетикасына, таңбалануына, лексикасына, грамматикасына, орфографиясына сүйенетін сөйлеу дағдылары. Үшіншіден, оқушылардың сөйлеу мәдениетінің белгілі бір талап деңгейіне сәйкес келуі, яғни, ол оқушы деген атқа ие болғандықтан да сол деңгейден төмен болмауы тиісБастауыш сынып жасындағы бала үлкендердің сөзін бірте-бірте толық және дәл қабылдау, өз бетінше оқып, радио тыңдау дәрежесіне жететін болады. Ол сөз әлеміне қиындықсыз араласып, оның мазмұның бағамдай алатын болады, яғни, әңгіменің не туралы болып жатқаның ұғынып, сөздің негізгі тақырыбының дамуын қадағалап, соған сәйкес сұрақтар беруге және диалог құруға шамасы жететін болады. Бала өзінің сөздік қорын ынталы түрде кеңейтуге ұмтылып, өзі үйренген сөздер мен сөз тікестерін жиі пайдалануға, қарапайым грамматикалық түрлер мен құрлымдарды меңгеруге тырысады. Мұның бәрі баланың сөйлеу қабілетінің дамуындағы жетістіктер. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан- салалы өміріне бауыр басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайтады, оқуға, жазуға, санауға үйренеді. Оқытудың алғашқы сатысында олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі. Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың қалыптасуына жағдай туғызады. Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда да екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда, олардың ойлау әрекеті көбіне мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда, І-П сыныптың оқушылары кейде заттар мен жағдайларды олардың қандай да бір жеке сыртқы белгісі бойынша бір жақты бағалайды. Олардың өсе
келе ойлау сипаттары өзгереді. Төменгі сынып оқушыларының даму ерекшеліктері жеті жастағы балалардан басталады. Бұл оқушылар білуге тым әуесқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары туралы, адамдардың өмірі туралы көп білуге деген құмарлығын мұғалімдерге қанағаттандыру өте қиын. Олардың маңызды бір ерекшелігі сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі болып табылады. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста болуды айрықша қажет етеді. Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен дағдылары, үлкендердің еңбегін құрметтеу, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсіндіру, дене еңбегіне даяр болу, өзін қоршаған дүние туралы ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет