1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет72/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

Байланыстырып сөйлеуге қойылатын әдістемелік талаптар. Бастауыш мектепте жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының мақсаты. Мазмұндама, шығарма жазу барысында қалыптасатын дағдылар.

Бастауыш мектепте жүргізілетін тіл дамыту жұмысының мақсаты:
-оқушылардың байқағыштық ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету
-оқушыларға қазақ әдеби тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс жазып бере алатындай дағдылар, шеберліктер қалыптастыру
-оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп, құрметтей білуге тәрбиелеу
-қазақ тіл ғылыми табысы негізінде оқушылардың жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмұндама мен шығарма жұмыстарының оңай да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну
-шығарма мен мазмұндама тексттері арқылы балаларды өз Отанына шын берілген патриот, бір біріне достық, интернационалдық рухта, бауырластық сезімге, қоғамымызға саналы да белсенді қызмет ете білуге тәрбиелеу.

Оқушыларды мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету барысында оларға қандай дағдылар мен шеберліктер берілетіні белгіленеді. Өйткені оқушының бойында бар дағды мен шеберлікті қалайша пайдаланып, оларды жаңадан қандай дағдыларға төселдіріп, шеберліктерге үйрететінімізді біліп алмайынша, жұмыстан белгілі бір нәтиже күту қиын. Балалар орфографиялық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік дағдыларға төселіп, шеберліктерін ұстартуда мазмұндама мен шығарма жұмыстары орасан зор көмек етеді. Мазмұндама мен шығарма жұмыстарынығ мақсатының өзі оқушылардың ой операцияларын (жалпылау, анализдеу, синтездеу, нақтылау)жан жақты дамыту болғандықтан, осы жұмысты іске асыру барысында кейбір процестер автоматтанып, дағдыға айналады. Оқушылардың жазба жұмыстарында жіберген қателерін ескере отырып, тұжырымдағанда, бастауыш класс оқушылары мазмұндама мен шығарма жазу барысында мынадай педагогикалық дағдыларға үйренулері тиіс:
-мазмұндамада оқушылар оқылған тексті қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыра алуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құрау, сөйлем құрау шеберліктеріне жаттығады. Оқылған тексті қайта жазып беру үшін сөздер мен сөйлемдерді бір бірімен байланыстыруға жаттығады. Мұндай процестерге жаттығу балаларды шығарма жазуға дайындайды.
-шығармада ұсынылатын тақырыпқа түсініп, оның жігін ажырата алу дағдысы мен шеберлігі қалыптасады. М/лы: «Мен қалай кезекші болдым»тақырыбы бойынша шығарма жазу тапсырылды делік. Мұнда оқушы жалпы кезекші болғанда не істеу керектігі, кезекшінің міндеті жөнінде емес, өзі кезекші болғанда не істегені жөнінде жазуға тиіс екенін білуі қажет. Немесе «мен анама көмектесемін» тақырыбы берілсе, жалпы үй шаруасына балалардың қалай көмектесетіні, не істейтіні жөнінде емес, сол тақырып берілген кезде қандай шаруа істейтіні туралы жазуы керектігін оқушы ажырататындай болуы керек
-Шығарма жазу үшін материал жинау дағдысы мен шеберлігі.Яғни материал жинау барыснда бақылаудың кейбір тәсілдеріне дағдылану, оны меңгеру шеберлігіне үйрену. Мысалы, «үй қалай салынды»тақырыбы бойынша материал жинау барысында балалардың кейбіреуі үй ішінен сұрауы, енді біреулері кітап оқу арқылы, біреулері егер жақын жерде құрылыс болса, соның басына барып, көзбе көз бақылау арқылы тәсілдермен бақылауы мүмкін. Оқушылар қандай тәсілмен болса да берілген тақырып бойынша материал жинауға дағдылануы тиіс
-жинаған материалдарын жүйелей алу дағдысы, шеберлігі. Бұған бастауыш класс оқушылары алғашқы кезде мазмұндама арқылы үйретіледі. Өйткені материалдың жүйесін белгілеу, оны бөлікке бөлу, ат қою және керісінше, әңгімеде айтылатын ой жүйесіне сәйкестендіре, әр бөлікті бір бірімен жалғастыру немесе шығарма мен мазмұндаманың жоспарын жасау балаларға оңайға түспейді.
-оқушылардың өз ойын дұрыс және түсінікті білдіру дағдысы. Ойын дұрыс білдіру деген шығарма яки мазмұндама жазғанда белгілі тілдік норманы сақтау, сөйлемдерді бір бірімен байланыстырып, жатық тілмен жеткізе алу шеберлігі.
-оқушы жазған әңгімесін белгілі бір тұлғада баяндай білу дағдысы мен шеберлігі.(сөздерді дұрыс орналастыру, жұрнақ жалғауларын дұрыс ажырата білу)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет