1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет69/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

Синтаксистік жаттығулар 
Синтаксистік жаттығуларға сөз тіркесі, жай сөйлем түрлері, құрмалас сөйлем түрлері мен пунктуацияға байланысты жаттығулар жатады. Оқушылардың осы бөлімдерден алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады: 
1) белгілі-бір жаттығуды орындау үшін оқушыларда оны орындай алатындай білім, біліктілігі болуы шарт; 
2) оқушылар жаттығуда не орындайтынын, оның қандай пайдасы барын түсініп орындағаны абзал; 
3) жаттығу оқушының тілге қызығушылығын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс; 
4) жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі-бір жүйемен орындалып отырылуы қажет
5) жаттығу жұмыстары тек өтілген материалдарға ғана байланысты болмай, бұрын өтілген материалдарды да қайталауға мүмкіндік туғызуы шарт; 
6) оқушылардың жас мөлшері кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа шақталып, үнемі талап мақсатына қарай ауыстырылып отырғаны пайдалы; 
7) шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болғаны жөн. 
Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктен таба алуға үйренеді.


54 билет
Бастауыш сынып бағдарламасында есім сөздердің берілуі, меңгеру жолдары
Морфологиялық талдаудың негізгі түрі - сөз тұлғасына, сөз табына талдау. Сөз таптары 1-сыныптан басталады. Балалардың ұғымына лайық заттың атаулары, яғни зат есім бірінші таныстырылады.
Бастауыш сыныптарда зат есімді оқыту жүйелілік, бірізділік принциптері негізінде Оқу бағдарламасында әр сыныптың психологиялық ерекшеліктері, оқушының дайындық деңгейі ескеріліп, біртіндеп дамытыла жүреді. Зат есімнің грамматикалық белгілерімен оның лексикалық жинақ мәні ғылым негізіне сүйене отырып, бірте-бірте кеңейтіліп таныстырылады. Бұл ретте тиісті тәжірибелік жаттығу жұмыстарының тапсырмалары да барған сайын күрделене түседі.
1-сыныпта зат есім термині аталмай, тек қана заттың атын білдіретін сөздер жөнінде жалпы түсінік беріледі. Ол үшін оқушылардың тәжірибесінде кәрген, байңаған, ұстаған нәрселері жайында ұғым беріле бастайды. Көрнекілік элементтері кеңінен қолданылады. Мүмкін болса заттардың өздері көрсетіледі. Оның не екендігі анықталып, зат деген ұғымға келтіріледі. "Мынау не?" деген сұрақ тиісті затты көрсете тұрып қойылады да, балалар ол бор, тақта, қалам, гүл, т.б. заттардың атын атайды. Көрнекілік заттық түрден бейнелі түрге, суретке ауысады. Ана тілі оқулығындағы осы тақырыпңа арналған бетіндегі "кім? не? " сұрақтарын, оларға лайық салынған суреттің атын білдіретін сөздерді оқытңан жөн. Соған орай әр суретке "Бұл кім? мынау не? " сұрақтарын қою жолымен домбыра, аңшы, балуан-адам ұғымын, ал, тырна, борсық-жан-жануарлар атын білдіретін сөз екені түсіндіріледі. Сөйтіп, балалар аң, құс және адам атау-лары зат екенін, оларға "Кім? Не?" сұрақтар қойыла-тынын таниды.
1-сыныпта тек жеке затты танытып қоймай, оларға көп зат туралы да білім беріледі. Ол үшін тағы да сұрақңа сүйену тәсілі қолданылады. Егер "Кім? Не?" сұрағына жауап болатын сөз бір заттың ұғымын білдірсе, "Кімдер? Нелер?" сұрағына жауап болатын сөз бір емес, бірнеше заттың ұғымын көрсететінін мысалдарды талдату, бақылату, балаларды ойланту әдістерімен ұқтыруға болады. "Кім?" деген сұрақтың тек қана адам ұғымын білдіретін сөзге қойылатыны түсіндіріледі.
1-сыныпта сын есім деген грамматикалық термин аталмайды. Тек қана заттың сынын білдіретін сөздер деген ұғым таныстырылады. Ондай заттың сынын білдіретін сөздерге "Қандай? Қай?" сұрақтары қойылатыны үйретіледі. Балалар тілімізде қолданылып жүрген сөздердің ішінде "Қандай? Қай?" деген сұрақтарға жауап беретіндері бар екенін, ондай сөздердің әрқайсысы ма-ғынасына қарай тіліміздегі заттың атын білдіретін басқа бір сөзбен байланысты тұрғанын ұғына бастайды. Заттар бір-бірінен өзіне тән белгісі бойынша ажыратылатынын түсінеді. Заттарда түсі, дәмі, көлемі, салмағы, пішіні сияқты көптеген белгілер болатынын түсінген оқушылар әр затты өзінің айрықша белгісіне қарап таниды.
Сонымен бірге оқушылар "Не істеді? Не қылды? Қайтті?" сұрақтарына жауап беретін сөздермен танысады. Етістік термині аталмайды, оқушылар заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін көптеген сөздермен танысады. "Сан есім" термині де аталмайды, Оқушылар "Қанша? Неше? Нешінші?" сұрақтарына жауап беретін сөздермен танысады.
2-сыныпта оқушылардың зат есім жөніндегі ұғымы кеңейтіле түседі. Бұл сыныпта грамматикалық атаулар қолданылады. Зат есім туралы, оның лексикалық мағынасын, сұрауларын, жалпы және жалқы зат есімдер, зат есімнің жекеше, көпше түрлері, олардың қолданылуы мен жазылу емлесі түсіндіріледі. Сын есім, етістік, сан есім тақырыптары да грамматикалық атаулармен сөз табы ретінде өтіледі. Етістіктің дара, күрделі түрлерімен танысады.
3-сыныпта зат есімнің негізгі және туынды түрлерімен, зат есімнің тәуелденуі, тәуелдік жалғаулармен, негізгі және туынды сын есімдермен танысады. Болымды, болымсыз, негізгі және туынды етістік түрлерімен есептік, реттік сан есімдермен де танысады. Келесі сыныпта зат есімнің септелуі, тәуелдеулі зат есімдердің септелуі, зат есімдердің жіктелуі тақырыбымен танысады. Бағдарламаға сәйкес септік жалғаудың мәнін, сұрауларын, жалғауларын, сөздің септелуіне байланысты емле ережелерін өтеді. Дара, күрделі, қарсы мәндес сын есім, дара, күрделі санесімдер, етістіктіңжіктелуі, етістіктің шақтары жөнініде білім алады. Есімдік, жіктеу есімдіктері, олардың септелуі, үстеу оның түрлері, шылау оның түрлері, одағай туралы оқып-үйренеді.
Жалпы алғанда морфологиялық жазбаша талдату жұмысын түрліше жүргізуге болады.

  1. Сөздің бір формасын теріп жазады, не астын сызып қояды не қандай сөз табы, қай форма екенін әр сөздің үстіне жазып қоюға д а бол ад ы. Негізінен бастауышта зат есімнің астын бір, сын есімнің астын ирекпен, ал етістіктің астын екі сызықпен сызып қояды. Ал осындай белгілермен сөйлем мүшелері де көрсетілуге тиіс болса, түсті қарындаш қолданған жөн.

  2. Берілген мәтіннен оқушы әуелі зат есімді, одан кейін сын есімді, т.б. теріп жазады.

  3. Белгілі бір грамматикалық категорияға жататын сөздерді дайын кесте бойынша айырып жазады. Егер мына бір сөйлем беріліп және одан зат есімге жататын сөздерді тапқызсақ: Балалар өзеннің жағасына келді.




Балалар өзен жағасына келді.




Зат есімдер

Сөйлем мүшесі

Сұрауы

Жекеше, көпше

Септік

Балалар

бастауыш

кімдер?

көпше

атау

өзеннің

аныктауыш

ненің?

жекеше

ілік

жағасына

толықт.

қайда?

жекеше

жатыс

4. Талдауды толық жүргізу үшін сөздерді бағанаға жазып, әрайсысының тұсына формасын көрсетіп, не сөйлемдегі схема бойынша кескіндейді. Мысалы: Олар ауылға лезде жетті деген сөйлем берілсе, балалар былайшажазады:
Олар - жіктеу есімдігі, IIIжақ, көпше, бастауыш. Ауылға - зат есім, жалпы есім, жекеше, барыс септік, толықтауыш. Тез - үстеу, пысықтауыш. Жетті - етістік, өткен шақ, IIIжақ, көпше, баяндауыш.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет