1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика


Төл сөз бен төлеу сөз. Төл сөз бен төлеу сөз туралы жалпы түсінік бөгде сөз және оның түрлері. Төл сөз бен астар сөздің байланысы және олардың орын тәртібі



бет37/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

30. Төл сөз бен төлеу сөз. Төл сөз бен төлеу сөз туралы жалпы түсінік бөгде сөз және оның түрлері. Төл сөз бен астар сөздің байланысы және олардың орын тәртібі.
Төл сөз- жазушының (сөйлеушінің) сөзіндегі біреудің өзгертілмей берілген сөзі.
Автор сөз-төл сөздің айналасында берілген жазушының өз сөздері.
Төле сөз-жзушының біреудің сөзінің мазмұнына сақтап, бірақ өз сөзімен өзгертіп берген сөздері.
Төл сөзді төлеу сөзге айналу жолдары.
1. табы септік жалғауы арқылы
2. –ған,-ген, -қан,-кен
Төл сөз бен автор сөзінің орын тәрібі және тыныс белгілері. Төл сөз тырнақшаға алынғанда тыныс белгілері былай болады.

  • Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді. «Төл сөз»,-автор сөзі. «Балалармен ақылдасып көрейін»,-деді Ақпанбай.

  • Төл сөз автор сөзінен кейін келеді. Автор сөзі: «Төл сөз»

Балтабай былай деді: « балалармен ақылдасып көрейін»

  • Төл сөз бен автор сөзінің ортасында келеді. Автор сөзі: «Төл сөз», автор сөзі

Балтабай: «Балалармен ақылдасып корейін», деді.
31. Сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелерінің белгілері. Атқаратын қызметіне қарай бөлінуі. Олардың тұрлаулы тұрлаусыз болып бөлінуі. Сөйлемнің бұрыңғай мүшелері. Айқындауыш мүше туралы түсінік, оның түрлері және тыныс белгілері. Сөйлемнің үйірлі мүшелері. Сөйлемдегі оқшау сөздер. Қаратпа сөз, қыстырма сөз,одағай сөздер.
Сөйлем мүшелері – сөздердің мағыналық тұрғыдан өзара тіркесуі нәтижесінде синтаксистік қызметте жұмсалатын сөйлемнің дербес бөлшектері. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен мағыналық байланыста болады, сол байланыс негізінде грамматикалық мағынаға ие болған сөздер, сөз тіркестері сөйлем мүшелері қызметін атқарады. Сөйлем мүшелері қызметінде сөйлемнің дұрыс құрылуының, әр сөздің өз орнында жұмсалуы мен ой желісі, стильдік жағынан нақты болуының орны ерекше. Сөйлем мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді:
тұрлаулы мүшелер (бастауыш, баяндауыш);
тұрлаусыз мүшелер (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш).
Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізгі арқауы саналады, предикативтік қатынас негізінде ең кіші сөйлем ретінде жұмсалып, олардың негізінде тақырып, рема, тіпті есімді, етістікті сөз тіркестері айқындалады.[1]
Бастауыш – сөйлемдегі ойдың иесі, ол нөлдік, көптік, тәуелдік тұлғаларда есімдіктен, есім сөз таптарынан, ал баяндауыш бастауыштың негізгі қасиеттерін нақтылай келе етістіктен, т.б. сөз таптарынан жасалады. Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышқа тікелей қатысты болып, сөйлемде айтылуға тиісті ойды толықтырып, айқындап тұрады.
Толықтауыш-септелген сөздердің заттық қасиетін көрсетеді де, тура және жанама түрлерге бөлінеді.
Анықтауыш-заттың, субстантивтенген сөз таптарының, септік жалғаулы пысықтауыштарды айқындайды, оның сапалық, меншікті түрлері бар.
Пысықтауыш-көбіне қимылға, кейде есімдерге де қатысты жұмсалады. Сөйлем мүшелері негізінен дербес мағыналы сөз таптарынан жасалады, олардың жасалуына көмекші есім, көмекші етістік, шылау, модаль сөздер де қатынасады, дербес мағыналы сөздердің семантикасын осы көмекші сөздер айқындайды. Сөйлем мүшелері дара, күрделі, үйірлі, кейде құрама болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет