1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет38/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

Айқындауыш — анықтауыштың ерекше бір түрі. Сөйлемде белгілі бір мүшенің заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөз я сөз тіркесі. Айқындауыш айқындайтын сөздерімен тұлғалас, қызметтес болып келеді.
Айқындауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді:
Қосалқы айқындауыш — зат есімдердің (көбінесе кісі аттарының) қосымша сипаты, анықтамасы ретінде жұмсалатын сөздер: Жамбыл ақын, Қамбар батыр.
Қосарлы айқындауыш — айқындайтын сөзіне қосақталып келіп, оның мағынасын нақтылап тұратын сөздер: телефон-автомат, батыр-ұшқыш. Кейде, жазуда арасына дефис белгісі қойылады.
Оңашаланған айқындауыш — өзі қатысты сөзінен кейін тұрып, көтеріңкі әуенмен айтылып, айқындайтын сөзінің заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағыналарын саралап, дәлдеп, нақтылап тұратын сөздер: Мэкии өз туысына, інісіне, тамашалай қарады (М. Әуезов). Бір үйден,бір кісінің қасынан, мұншалық көп кітап көргені осы (М. Әуезов). Жазуда екі жағынан үтірмен бөлінеді.
Үйірлі мүше
Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бір ғана мүше бола алатын, бірақ өз ішінде шартты түрде бастауыш, баяндауыш және басқа сөйлем мүшелеріне талданатын сөздер тізбегін үйірлі мүше деп атайды. 
Мысалы: 
Үйірлі бастауыш: Білімі күшті (кім?) мыңды жығады. 
Үйірлі баяндауыш: Сіздің ауыл бұрынғыдай емес: өзгеріпті, жаңарыпты, үлкейіпті.(қайтіпті?)
Үйірлі толықтауыш: Құлақ естігенді (нені?) көз көреді.
Үйірлі анықтауыш: Қызылбалақтың машағына бойы үйренген (қандай?) жуас торы ат үріккен жоқ.
Үйірлі пысықтауыш: Жаз шыға (қашан?) қойшылар жайлауға қарай бет алды. 
Оқшау сөздер
Сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше. 
Олар: қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай.
1.Қаратпа сөз – біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөздер.Негізгі тыныс белгілері – үтір және леп белгісі. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады. Сөйлемнің ортасында келсе, үтір қаратпа сөздің екі жағынан қойылады. Сөйлемнің соңында келсе, үтір оның алдынан қойылады. Қаратпа сөз көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылса, леп белгісі қойылады.
Мысалы: Балалар, ертең емтихан болады. Білгеніңді айта бер, Марат, қорықпа. Ендігі кезек сенде, қарағым.
Диқансың және, кеншісің және, Мұғалім! 
2.Қыстырма сөз – сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөз немесе сөз тізбегі.
Құрамына қарай қыстырма сөз, қыстырма сөз тіркесі, қыстырма сөйлем болып бөлінеді. Негізгі тыныс белгісі – үтір. Қыстырма сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады. Сөйлемнің ортасында келсе, үтір қыстырма сөздің екі жағынан қойылады. Сөйлемнің соңында келсе, үтір оның алдынан қойылады. Мысалы: Меніңше, мұғалімнің пікірі дұрыс. Қорықтыма, әйтеуір, оның жазуға батылы бармады.
Шақырғанда келмедің, ұмытып кеттің-ау, сірә.
Қыстырма сөздері мағынасына қарай мынадай топтарға бөлінеді
1. Кісінің көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөздер:
несің айтасың, бағымызға қарай, амал қанша, абырой бергенде т.б. Мысалы: Амал қанша, сен дұрыс айтып тұрған жоқсын. 
Биыл, несің айтасың,егіннің жақсы шықты.
2. Айтылған сөзге нануды, жорамалдауды білдіреді:
әрине, әлбетте, рас, сөз жоқ, сірә, мүмкін, шамасы, расында, шынында, шынын айту керек, өзіңіз білесіз, 
бәсе, дұрысында т.б. Мысалы: Осының бәрін ол, әрине, жалғыз істей алмады. Мүмкін, бүгін жұмысты бітіретін 
шығармыз.
3. Ойдың айтылу амалын, тәсілін білдіретін сөздер: қысқасы, сайып келгенде, былайша айтқанда, жалпы алғанда, демек, ендеше т.б.
Мысал: Қазақстан қазір, қысқасы, гүлденген республика болды. Былайша айтқанда, бүгінгі күн сәтсіз болды.
4. Айтылған ойға пікір білдіруге байланысты: сіздіңше, меніңше, мен білсем, қысқасы, айтуына қарағанда, айтуы бойынша, пікірі 
бойынша, олай болса, демек, сөйтіп т.б.
Мысалы: Меніңше, бұл – маңызды іс. Қарттардың айтуына қарағанда, Арал теңізі жыл сайын тартылып келеді.
5.Айтылған ойлардың өзара қатынасын білдіреді: біріншіден, екіншіден, ақырында, керісінше, сөйтіп, мысалы, әуелі, бір жағынан т.б.
Мысалы: Біріншіден, қаражаты жоқ болса, екіншіден, білімі жетпейді. Ақырында, Мараттың айтқаны дұрыс болып шықты.
3.Одағай сөз – айтушының көңіл-күйін, ішкі сезімін және жан-жануарларды шақыру, қуу үшін қолданылатын сөздер.Негізгі тыныс белгілері – үтір мен леп белгісі. Лексикалық мағынасы жоқ, сөйлем мүшесі бола алмайды.
Мысалы: Шіркін, ақын болсаң, осындай бол. Бұл не, әй!
Оқтын-оқтын күрсініп: аһ! – дегенде, жүрегі қарс айырылды. 
Одағайдың мағынасына қарай түрлері
1. Көңіл-күйі одағайлары
Шаттану, таңырқау, қуану, ренжу, өкіну, ұнату, 
назар аудару т.б. мәндерді білдіреді. пәлі, ойпырмай, алақай, пай-пай, бәрекелді, түу, уһ, аһ, әй, еһе, әттең, өй, ой, қап, әттеген-ай, беу, қап, ау, па, уа, мә-ә, мә саған, дүние-ай т.б.
Мысалы: -Қап, тоқтай тұр, бәлем!
- Ой, сен мұнда неғып жүрсің?
- Ойбай-ай, мына балаға қарашы! 
2. Жекіру одағайлары
Жекіру, тыйым салу, бұйыру мәндерді білдіреді.
тәйт, тек, жә т.б. Мысалы: - Тәйт, үніңді шығарма!
- Жә-жә, ойланып сөйлеген жөн болар.
- Тек жалғыз-ақ, арыла сөйлес.
3. Шақыру одағайлары Мал, ит-құсты шақыру, қуу мәнді білдіреді. құрау-құрау, шөре-шөре, көс-көс, айт, қош-қош, 
моһ-моһ, құр-құр, кә-кә, пырс, аухау-аухау т.б. 
4. Тұрмыс-салт одағайлары Ассалаума-әлейкүм, уағалимкүм-ассалам, қош, 
рақмет, құп, ләббай, жәрәкім-алла, қайыр т.б. Мысалы: - Ақтөс, Ақтөс, кә-кә, - деп, Марат күшігін шақырды. 
Мысалы: - Рақмет, балам, көп жаса.
- Ләббай, тақсыр, - деп, нүкерлер атқа қонды. 
Тұлғасына қарай
1. Негізгі одағайлар оһ, ой, әй, е, ә, ау, па, пай, ө, охо, беу т.б.
2. Туынды одағайлар мәссаған – мә саған, әттеген-ай - әйт деген ай, 
бәрекелді – барын алып келді т.б.
Ескерту: 1. Жұрнақ жалғану арқылы одағайдан басқа сөз табы пайда болуы мүмкін. Мысалы: ура+лау, ойбай+лап т.б.
2. –ал –деп – де – дейтін етістіктермен тіркесіп, сөйлем мүшесі бола алады.
Мысалы: Моһ-моһ деп ол жылқысын шақырды. /моһ-моһ деп = пысықтауыш/
3. Одағайлар заттанып, түрлі қосымшалардың жалғануы арқылы сөйлемнің қалыпты мүшесінің қызметін атқарадыМысалы: Мен үйге аһлап, уһлеп /қалай?/ әзер жеттім. Оның айтатыны – ойпырмай. /не?/



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет