Салалас құрмалас сөйлем[1] — құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) және жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Жалғаулықсыз (іргелес байланысқан) салалас мезгілдес, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, шартты, салыстырмалы түрлерге жіктеледі. Салалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын жалғаулық шылауларға қатысты салалас құрмалас сөйлемдер бірнеше топқа бөлінеді: мезгілдес (Мысалы, Құнанбай Ұлжанның қасына барды да, Мәкіш бен Абайдың жүзіне қарады (М.Әуезов))[2], себептес (Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын Тайман сезген жоқ, өйткені ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді (Ә.Әбішев)), қарсылықты (Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысы естіледі, бірақ қай жақтан естілетінін шамалай алмаймын (С.Мұқанов)), талғаулықты (Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен есіткен айтар (Ә.Әбішев)), кезектес (Нұрғали біресе Тәкеге қарап кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді (Ғ.Мұстафин)).
Салалас құрмалассөйлемнің түрлері
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасы әртүрлі болады .
Мысалы : Бұл уақыттың ішінде ел де өзгеріп кетті , адамдар да өзгерді . Мен өзімді көпті көрген көнемін деп шамалайтын едім , -баланың батыл жауабынан қысылып қалдым .(Ә.Көш) Оның бұл халіне өзгеден гөрі Гүлнәрдің тынышы кетті , сондықтан ол Қызылордадан Алмалыққа біржолата көшіп келді . (С.М.)
Алғашқы салаластағы жай сөйлемдер оқиғанның , істің бір бағытта , бір ыңғайда болғандығын білдіреді : бірінші жай сөйлемдегі ойдың жүзеге асуына сәйкес екінші жай сөйлемдегі ой да жүзеге асқан . Екінші салалас құрмаластағы жай сөйлемдер бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылған : өзі көп білетін болса да , баланың жауабынан қысылады . Соңғы салаластағы жай сөйлемдер өзара себеп-салдар мәніндегі қарым-қатынаста тұр .
Құрамындағы жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді : ыңғайлас салалас , себеп-салдар салалас , қарсылықты салалас , түсіндірмелі салалас , талғаулы салалас және кезектес салалас.
Достарыңызбен бөлісу: |