1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика


Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер



бет43/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер
1)Ыңғайлас (да,де,әрі,және) Жай сөйлемдердің істің, оқиғаның бір мезгілде немесе бірінен соң бірі болғанын,болып жатқанын,  болатынын хабарлайды.М:Үлкендер жұмысқа кетті де, мен үйде қалдым.
2)Түсіндірмелі (сол, сонша, соншалық) Екінші жай сөйлем бірінші сөйлемнің мағынасын түсіндіріп тұрады. Бірінші сөйлемнен кейін қос нүкте қойылады Бірінші сөйлем сонша, соншама,соншалық, сондай, сол деген сөздері болса – сызықша қойылады. М: Алдымен риза болғанымыз сол – мақала авторы өз пікірлерін бүкпесіз айтыпты.
3)Қарсылықты (бірақ, дегенмен) Жай сөйлемдердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы келеді. М: Онша үлкен төрелігім жоқ, әйтсе де айтып көрейін.
4)Себеп-салдар (өйткені, себебі) Екінші жай сөйлем бірінші сөйлемнің себебін, салдарын, 
нәтижесін білдіреді. М: Жақсы сөзді ел жаттар, өйткені ел жаттар сөзде салмақ бар.
5) Талғаулы (не, немесе) Жай сөйлемдеріндегі айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалатыны болжамдалады. М:Немесе өзің бар, не болмаса баланы жібер.
6)Кезектес (біресе, бірде) Жай сөйлемдердегі іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдіреді. М: Бірде ақтарыла сөйлейді, бірде салқын тарта алыстайды.
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер
1. Ыңғайлас СҚС
Жай сөйлемдер бір мезгілде, бір мәнде немесе олар бірінен соң бірі болып, іргелес, жалғаулықсыз байланысады. 
Мысалы: Өнерді түсінбейтін инженер – инженер емес, қиялдай алмайтын сәулетші – сәулетші емес. Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді.
2. Қарсылықты СҚС Жай сөйлемдер интонация немесе орын тәртібі арқылы байланысады. Сөйлемдердің араларына үтір мен сызықша қойылады.
Мысалы: Әрі сүйреді, бері сүйреді, - түк істей алмады. Күн жауып кетті, - оны елеген ешкім болмады.
3. Себеп-салдар СҚС Жай сөйлемдер интонация және орын тәртібі арқылы байланысады.
Сөйлемдердің араларына қос нүкте қойылады.
Мысалы:Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет