4. Кезектес СҚС
Жалғаулықсыз кезектес салалас құрмалас сөйлем болмайды, себебі жалғаулығын алып тастаса, бұл сөйлемнің мағынасы ыңғайлас салаласқа ауысады.
5. Талғаулы СҚС Талғаулы салалас үш жай сөйлемнен құралады да, алғашқы екеуі ма, ме сұраулы шылаумен қолданылып, соңғы сөйлем алғашқылардың іс-әрекетін қорытындайды.
Мысалы:
Ауырып отырды ма, кешегі оқиға есіне түсті ме, бүгін ол ешкіммен сөйлеспеді.
6. Түсіндірмелі СҚС «Іліктес» деп те аталады.
Бұл сөйлем әрқашанда жалғаулықсыз болады.
Мысалы: Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.
34.Құрмалас сөйлемнің түрлері. Сабақтас құрмалас сөйлемдер.
Құрмалас сөйлем - екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.
Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем.
Құрмалас сөйлемнің белгілері: 1.кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. 2.Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті;
3.жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі;
4.негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді.Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді.
Сабақтас құрмалас сөйлем – құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді.
Сабақтас құрмалас бөлінеді
Сабақтас құрмалас сөйлем мағынасына қарай төмендегіше бөлінеді:
Шартты бағыныңқылы іс-әрекеттің орындалу шартын білдіреді, -са, -се жұрнағы арқылы жасалады.
Қарсылықты cабақтас құрмалас сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы ойға қарама-қарсы мағыналық қатынаста болады. Мысалы, Май құйған шам сөнсе де, Шамшырақ сөнбес дүниеде. (Жамбыл)
Себеп бағыныңқылы сабақтас;
Мысалы, Соны Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді. (М.Әуезов)
Мезгіл бағыныңқы сөйлемде бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылған ойдың мезгілін,
мақсат сабақтас құрмалас сөйлем мақсатын,
қимыл-сын бағыныңқы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын білдіреді.
Салыстырма бағыныңқылы сөйлемде оқиға бір-біріне салыстырыла, теңдестіріле беріледі. Мысалы, Басқалар қандай қуанса, ол да сондай қуанған еді.
Достарыңызбен бөлісу: |