1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет46/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

Лепті белгісі (!) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Әдетте лепті сөйлемнің соңында қойылады.
Леп белгісі мынадай орындарда қойылады:

  1. Бұйрық, ұран, үндеу мәнді сөйлемдерден соң әр уақытта леп белгісі қойылады.

  2. Сүйсінгендікті , таңғалғандықты, ренішті, ызаны білдіретін лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.

  3. Ерекше дауыспен айтылған одағай сөздерден немесе одағайлы сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады. Мысалы: Жасай бер , менің Қазақстаным!

Сызықша – мағынаға, интонацияға, сөйлемнің синтаксистік
ерекшелігіне байланысты қойылатын тыныс белгі. Мысалы: Асыл – тастан , ақыл - жастан
Қос нүкте жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Көп нүкте сөйлемнің синтаксистік ерекшеліктері мен мағынасына баыланысты қойылады. Қос нүктенің сөйлемдегі басты қызметі - сөйлем мүшелерінің арасындағы түрлі қарым-қатынастарды көрсету.
Қос нүкте мынадай жағдайларда қойылады:

  1. Бірыңғай мүшелердің алдынан жалпылауыш сөздер немесе жалпылауыш мәнді сөздер келетін болса, жалпылауыш сөздерден соң қос нүкте қойылады.

  2. Жалғаулықсыз салаласқан жай сөйлемдердің алдыңғысының мағынасы соңғы жай сөйлемдер арқылы айқындалып тұратын болса, мұндай жай сөйлемдердің арасына қос нүкте қойылады.

  3. Рет-ретімен санамалап баяндауды керек ететін жалпылауыш мәнді сөздерден соң қос нүкте қойылады.

  4. Төл сөздің алдынан автор сөзі келгенде, одан соң қос нүкте қойылады.

  5. Түйген ойды, қағидаларды, ережелерді дәлелдеу мақсатымен алынған сөйлемдердің алдында мысалы деген сөз қолданылатын болса, одан соң қос нүкте қойылады.

  6. Бірыңғай мүшелердің алдынан басқа, бөлек, атап, айтқанда, тәрізіді сөздер келіп, баса назар аудару мәнінде қолданылса, бұл сөздерден соң қос нүкте қойылады. Мысалы; Сағит ең алдымен Ботагөзге: сүйінші! – деді.

Нүктелі үтір жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Негізінен, жай сөйлемдердің арасына қойылады. Бұл белгіні қоюда сөйлемнің құрылысы мен мағынасы негізге алынады. Нүктелі үтірді сөйлемнің құрылысына қарай қойғанда, құрмаласқа енген жай сөйлемдер баяндауыштарының тұлғалық жағынан және жасалу жолдары жағынан сәйкестілігі, бірыңғайлығы, тепе-теңдік тиянақтылығы ескеріледі.
Мысалы: Шинель әрі тар, әрі ықшам: астына салса, үстіне жетпейді; үстіне жапса, астына салуға жетпейді; басына жастануға қалмайды; жатса, жанбасына салуға жетпейді; жата қалса, жанбасына жер батады. ("Ә және И")
Нүктелі үтірді қоюда сөйлемнің мағынасы негізге алынады дегенде, баяндауыштары біркелкі тұлғалы жай сөйлемдердің мағыналары әрі өзара жақын, әрі тәуелсіз болатындығы және оларды жеке-жеке сөйлем еткенде мағынаға нұқсан келмейтіндігі ескеріледі. Мәселен, жоғарыда келтірілген сөйлем құрамынан нүктелі үтірмен бөлінген сөйлемдерді дербес қалпында жеке-жеке қолдануға болады, және одан мағынаға нұқсан келмейді.
Тырнақша (" «») - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Тырнақша кідіріске, интонацияға немесе сөйлемнің құрылысына байланысты емес. Тырнақшаның мағынасы да, қызметі де алуан түрлі. Ол бірде тырнақшаға алынған сөздің немесе сөйлемнің өзге біреудікі екендігін білдірсе, енді бірде оның өзі тура мағынасында қолданылмай, басқа бір мағынада қолданылып тұрғандығын, болмаса заттар мен нәрселердің шартты атаулары екендігін білідіреді. Сонымен, тырнақша, негізінен, мағынаға байланысты қойылатын белгі.
Мысалы; « Абай – қазақтың бас ақыны» деген , Ахметтер де өмірден өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет