Үстеу (Наречие) Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Көптілді білім беру факультеті Орындаған: Шайхоллаева Зарина Тексерген: Нажикенова Гүлшат Үстеудің қызметі (Функции наречии). Заттың әрқилы қимылы мен ісінің әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй- жайларын және сынның белгісін білдіретін сөздер үстеу деп аталады. Қазақ және орыс тілдерінде үстеу сөздер морфологиялық жағынан негізінен түрленбейді, бірақ қазақ тілінде кейде түрленеді. Екі тілде де үстеу сөздер морфологиялық құрылысы мен құрамы жағынан екі топқа бөлінеді: Негізгі үстеулер (непроизводные) туынды үстеулер (производные). Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір тұлғада қалыптасқан сөздер аталады. Мысалы: әрең, азар (әзер),
жорта, үнемі, дереу, шапшаң, т.б. Қазақ тілінде қазіргі кезде мүшелеуге келмейтін негізгі үстеулер деп аталатын сөздердің өздерін іштей екі топқа бөлуге болады. Олардың бір тобына мына сияқты сөздер жатады: әуелі, қазір, дәйім, әмән, мүлде, орасан, ересен, кілең, т.б.
Екінші топқа ерте кездерде әр түрлі тұлғаларда көнеленіп қалыптасқан туынды сөздер жатады: ішкері -іш+кері, сыртқары - сырт+қары, тысқары - тыс+қары.