6. Сөзжасам – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады. Сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы болып танылуы – ұзақ уақыт бойы ғалымдардың пікір-таласының нәтижесі. Ресейде сөзжасам мәселесін зерттеп, ол туралы дәлелді пікір айтқан сөзжасамның өзіндік зерттеу нысанасы барын, оның тіл білімінің басқа салаларынан ерекшелігін ашқан, басқа салалрымен байланысын да көрсете білген ғалымдар болды. Олардан Г.О. Винокур, Е. С. Кубряков, Е.А. Земская, Н.Д. Арутюнова, А.Н. Тихонов, И.С. Улухановтарды айтуға болады.Сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп тану мәселесі шетел ғалымдарының зерттеуінде де дәлелденді. Оған 1978 жылы Вена қаласында өткен лингвистердің дүниежүзілік ғылыми конгресі дәлел болды.
Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы
Тіл білімінің салаларының ішінен сөзжасамның морфологиямен байланысы ертеден-ақ назарға іліккен. Сондықтан да сөзжасам соңғы кезге дейін көп тілде морфологияның құрамында қаралып келеді.Бұл екі саланың байланысты болатын себебі екеуі де сөздің ең кішкене бөлшегі морфемамен байланысты. Тіл білімінің сөзжасам саласы да , морфология саласы да морфеманы зерттейді. Бірақ сөзжасам жаңа сөз жасаушы морфемаларды зерттейді де, морфология грамматикалық тұлғаларды (формаларды ) яғни сөз тү Сөзжасамның синтетикалық тәсілі.
Қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл туынды сөз жасауда негізгі тәсілдер тобына кіреді. Түркі тілдері, оның ішінде казақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі тілімізде туынды сөз жасауда негізгі қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ.
Синтетикалық тәсіл арқылы сөзжасамға қатысатын бұл тілдік бірліктердің әрқайсысының аткаратын өзіндік қызметі бар.Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ак, ақыл, бәле сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады. Осы негіз сөздердің мағынасы мен туынды жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сөздерінің мағынасы байланысты. Ол мағына байланыстылық негіз сөздің мағынасының туынды мағынаға арқау болғандығынан туып тұр.
Сөзжасамның аналитикалык, тәсілі. Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл - тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Ол көпшілік тілдердің сөзжасамынан орын алады. Ал кейбір тілдерде негізгі сөзжасамдық тәсіл болып саналады. Мысалы, ондай тілдерге жапон, қытай тілдері жатады.
7. Туынды сөздер, олардын түрлері. Тарихи туынды түбірлер.Күрделі сөздер.Біріккен және кіріккен күрделі сөздер. Қосарлы күрделі сөздер. Тіркескен күрделі сөздер.Қысқарған күрделі сөздер.
Туынды сөздер тілден көлемді орын алатын сөз байлағымыздың өзінше бір қалың қабаты. Қазақ тілінде туынды сөздердің түрлері өте көп. Олар: туынды түбір, біріккен сөздер, қос сөздер, күрделі сөздер, қысқарған түбір.
Тарихи туынды түбірлер белгілі бір жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өніп өрбіген сөздерді айтамыз. Туынды түбір сөздер қазақ,орыс тілдерінде кең қолданылған. Туынды түбір негіз сөзден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалып туынды лексикалық мағына береді. М: өнер-паз, өн-ім.
Күрделі сөздер кемінде екі түбірден жасалып, бір мағынаны білдіретін сөздер. Оның 4 түрі бар: біріккен сөздер, қос сөз, қысқарған сөздер, тіркескен сөздер.
Біріккен сөздер екі немесе одан көп сөз бірігіп бір сұраққа жауап беретін сөздер. М: тасбақа,қарақұрт.
Кіріккен сөздер құрамындағы сөздердің ең кеміндебір дыбысы өзгертілген біріккен сөз. М: бұл жыл- биыл, қарлығаш- қара ала құс.
Қосарлы күрделі сөздер екі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөздер деп атайды. Әдетте мағыналары бір-біріне жақын синоним немеме мағыналары бір – біріне жақын қарама- қарсы антоним сөздер қосарланады.
Тіркескен күрделі сөздер екі немесе одан да көп сөздердің тіркесіп келіп, бір ұғымды білдіретін сөздердің түрі.
Тіркескен сөздердің түрі бар: еркін және тұрақты. Еркін тіркестің құрамындағы сөздердің орын ауыстыруға болады. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орын ауыстыруға болмайды, олар бірігіп қана мағына береді.
Қысқарған күрделі сөздеркүрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі.М: ТМД,БҰҰ және т.б. Қысқарған сөздің жасалуынын түрі бар:
1.Күрделі атау сөздердің құрамындағы әрбір сөздің тек басқы дыбыстарынан ғана қысқартылып беріледі.М: БҰҰ, ТМД
2. Күрделі атау сөздердің құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздердің басқы дыбыстарынан қыстарылыа беріледі.М:ТарМУ, ҚазМҰУ.
3. Күрделі атау сөздердің құрамындағы әрбәр сөздің басқы буындарынан қысқарып бірігеді. М: физмат,филфак.
4 Күрделі атау сөздердің құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздің түбір күйінде айтылуынан құралады. М: пединститут, медколледж.
5 Техника маркаларын білдіретін буындар мен сандардан құралады. М: ТУ-154, ИЛ-86, ГАЗ54 және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |