1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет15/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

14 .Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.
Морфологияның негізгі материалы — морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды. Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі сөздерден белгілі бір сөз таптарына тән бөлу.
Сөз таптары орыс. части речи — өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:

  • а) Белгілі топқа жататын сөздердің семантикалық жағынан бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістікке қимылдық атаулар жатады);

  • ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы;

  • б) Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы, зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес.

Сөз таптарының саны тілдерде бірдей емес. Мысалы, қазіргі орыс тілі грамматикасында 10 сөз табы, ал қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр:
Зат есім  заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.[1]
Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет