функциясы берілсін. Егер және жиындарының элементтері нақты сандар (яғни, ) болса, функциясы сандық функция деп аталады. Әрі қарай сандық функцияларды қарастырамыз және қысқаша функциялар деп атап, арқылы белгілейтін боламыз. айнымалысы функцияның аргументі немесе тәуелсіз айнымалы, ал у-функция немесе тәуелді айнымалы (х-тан) деп аталады. х және у шамаларына қатысты, олардың функционалдық тәуелділікте екендігі айтылады. Кейде у-тың х-тан функционалдық тәуелділігін жаңа әрпін енгізбей-ақ, арқылы да белгілейді.
функциясының болғандағы дербес шешімі арқылы белгіленеді. функциясын беру үшін, х арқылы у-тың мәні табылатындай ережені көрсету қажет. Функцияны берудің аналитикалық, кестелік, графикалық тәсілдері жиі кездеседі.
Аналитикалық тәсіл: функция бір немесе бірнеше формулалар немесе теңдеулер арқылы беріледі.
функциясының анықталу облысы көрсетілмеген жағдайда формуланың мағынасы болатындай аргументтің барлық мәндерінің жиынымен сәйкес келеді.
Кестелік тәсіл: функция аргумент мәндерінің және сәйкес функция мәндерінің кестесі түрінде беріледі. Мысалы, тригонометриялық функциялардың мәндерінің кестесі, логарифмдік кестелер.