1. Ген туралы түсінік. Гендердің жіктелуі анықтама



бет1/19
Дата20.06.2023
өлшемі64,07 Kb.
#179008
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
1. Ãåí òóðàëû òñ³í³ê. Ãåíäåðä³ æ³êòåëó³ àíûòàìà


1.Ген туралы түсінік.Гендердің жіктелуі анықтама.
Ген – бір белгінің тұқым қуалауына жауап беретін және бір нәруыз құрылымы туралы ақпарат бар ДНҚ бөлігі. Ген тұқым қуалаушылықтың негізгі құрылымдық және қызметтік бірлігі болып табылады. Жасушаның белгілері мен қасиеттері жеке дара тұқым қуалауы гендік деңгейде өтеді. Адам организмінде шамамен 30 мыңдай ген болады. Ген сол түрдің ағзасындағы жасушаларының қасиетін немесе жеке белгісін қалыптастыруға және тұқым қуалау арқылы беруге жауапты. Сонымен қатар ген құрылымының әртүрлі бөліктерінде пайда болатын өзгерістер белгінің өзгеруіне әкеледі.
Структуралық (құрылымдық) гендер - құрылымдық белоктар немесе ферменттердің синтезін бақылайтын гендер. Нақты белгілердің дамуын бақылайды. Оларға кодтау тРНҚ, ррнқ, ДНҚ полимеразалары, РНҚ полимеразалары,ақуыздар-гистондар, рибосомалар ақуыздары және т. б. Жатады.Конститутивті гендер – барлық уақытта белсенді жағдайда болады және олардың транскрипциясының жылдамдығы таңдамалы реттеуге ұшырамайды. Мұндай гендер жасушаға үнемі қажет болатын нәруыздарды кодтайды.
Модулятордық гендер:
а) ингибириторлар немесе супрессорлар, бұл топқа эпистаздық қасиет көрсететін гендер жатады;
б) Интенсификаторлар- мутация жиілігін арттыратын сутатор гендер;
в) модификаторлар-бірін бірі толықтыратын комплементарлық гендер. Модулятор гендердің жалпы қызметі белгінің даму процесін немесе басқа да генетикалық құбылыстарды өзгертіп көрсету. Мұндай гедердің үлкен эволюциялық мәні бар.
Реттеуші (регулятор) гендер— структуралық гендердің жұмысын реттейді. Промоторлар,операторлар,энхансерлер,аттенюаторлар,терминаторлар жатады.Организмнің жеке дамуы барысында хромосомалардагы түрлі локустардың дер кезінде іске қосылуын реттеу осы гендер аркылы орындалады. Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі;
Латериальды гендер - ағзаны өлімге душар ететін гендер
Сублатериальды гендер - ағзаның көбею ұрпақ қалдыру қабілетінің бұзылуына , тіршілік әрекетінің бұзылуына не жойылуына себеп болатын гендер.
Нейтральды немесе бейтарап гендер - ағзаның тіршілік қабілетіне әсері жоқ гендер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет